Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет32/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
47
«... эпостың бұл түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын 
суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаға арқау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең 
қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында 
жан-жақты жинақтайды. Адам мен қоғам өмірдің қандай ақиқаты болсын мұнда бүкіл тамыр-
тереңімен қопарыла көрсетіледі де, оқырманның көз алдында өзгеше бір әлем, бүтін бір 
тіршілік дүние пайда болады. ...Ал дәуірлік шындықты көркем жинақтау үшін жекелеген адам 
тағдыры жеткіліксіз, әр алуан әлеуметтік топтардың қым-қиғаш күрделі қарым-қатынастары, 
олардың мақсат-мүдделеріндегі бірліктер мен қарама-қарсылықтар, өмір тіршіліктеріндегі 
өзекті оқиғалар мен кезеңді құбылыстар кең қамтылып, терең тұтастандырылуға, сол арқылы 
жалпы қоғамдық дамудың заңдылықтары танытылуы тиіс. Романның көлемі үлкен, мазмұны 
қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі болу себебі де осыған байланысты» [1, 
313-314 бб]. Қазіргі қазақ романдары поэтикасын зерделеуде ұстаз-ғалымның бұл теориялық 
пікірінің айқын бағдар беретіні анық.
Қазіргі қазақ романдарында халқымыздың отарлық бұғауда өткен ғасырларындағы тарихи 
оқиғалар, тұлғалар кең қамтыла бейнелене бастады. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап 
қазақ даласының барлық аймақтарына еркін еніп, қоныстана бастаған жатжерліктердің кейіннен 
атамекендерімізде мәңгілік орнығып қалғаны мәлім. Қазақ әдебиеті тарихындағы «Зар заман 
ақындары» Мұхтар Әуезов қолданған тіркес өздерінің азаматтық-отаншылдық сарындағы 
шығармаларымен ұлттық сөз өнерінің сыншылдық-күрескерлік тұғырнамасын нығайта түскен 
еді.
Өмірлік шындық – тарихи шындықтың өзегі. Қазақ прозасындағы тарихи тақырыпқа 
жазылған көркем шығармаларда халықтың басынан өткен оқиғалар, көрнекті қайраткерлердің 
тұлғалары қаламгерлердің көркемдік шешімімен қамтылады. Қазіргі қазақ прозасындағы
Р. Тоқтаровтың, Д. Досжановтың,С. Елубайдың, С. Досановтың, Б. Тілегеновтің және т.б. 
қаламгерлердің романдарында өмірлік шындықты жаңаша тарихи таныммен байыптап бейнелеу 
жүзеге асырылуда.
Көрнекті жазушы, М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит 
Досановтың «Қылбұрау» («Ұлы даланың ұлы қайғысы» (2003) атты романында Қазақ елінің 
бірнеше ғасыр бойы Ресейдің отары болған кезеңдерінің зардаптары тақырып нысанына 
алынған, идеясы – ұлттық-тәуелсіздік жолындағы күрескерлік іс-әрекеттері өрістеткен 
қайраткерлер тұлғаларын даралау.
Романда қазақ халқының ұлттық-тәуелсіздік алуы жолындағы күрес-керлер Алаш көсемдері 
Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Нұрдәулет Бабахановтың тарихи тұлғалары 
әдеби-көркем бейне деңгейінде алынған.
«Қылбұрау» романының композициясы мынадай бөлімдер мен тараулардан құралған: 
Бірінші бөлім: «Үміт пен үрей» (тоғыз тарау); Екінші бөлім: «Тайталас» (он бір тарау); Үшінші 
бөлім: «Жанталас» (он екі тарау) [2].
Роман композициясының тұтас желісіндегі оқиғалар барысында басты кейіпкер әр түрлі 
көлемдегі қамтылуымен ерекшеленеді. Мол қамтылғаны – Нұрдәулет.
Романдағы басты кейіпкерлердің өмір кезеңдерін эпикалық уақыт кеңістігімен қамту жүзеге 
асырылған. Романның алғашқы бөліміндегі тарауларда басты кейіпкерлердің өмірбаяндық 
деректері негізіндегі баяндалған, суреттелген жерлері шығарманың реалистік негізділігін 
танытады. Романның алғашқы тарауындағы кейіпкерлердің, жас бозбалалар Ахметтің, 
оның досы Нұрдәулеттің өзара достығын, оларды құрметтеген ата-аналарының көңіл-күй 
жағдайларын реалистік болмысымен көрсетеді: 
«...Нұрдәулеттің жасы Ахметтен үлкендеу. Он бестен асқан кең иықты, мығым денелі 
Нұрдәулет жігіт көрінетін. Оның қасында Ахмет арық, үш-ақ жас кіші болса да, әлжуаз бала 
сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет