Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет33/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
48
Балалар кеше келген, олардың екеуін де Бабахан әкеліп еді. Ахметті, қалыптасқан салт 
бойынша, үлкен той жасап, құрметті қонақ ретінде қарсы алған. Ауылдың бар ақсақалы, тіпті 
кәрі Жұмабайдың өзі, Бабаханға деген ежелгі өкпесін ұмытып, оған сәлем беруге келген.
Нұрдәулет Бабаханов пен Ахмет Байтұрсынов аралас орыс-қазақ мектебінің пансионында 
бірге болған, екеуі елді сағынған сәттерінде, ұзақ түнде бір-біріне туған жердің сұлулығын 
суреттеуге жалықпайтын. Сондай күндердің бірінде әке-шешелерінен екеуін кезек-кезек бір-
бірлерінің үйіне қонаққа жіберіп тұруларын өтінуге келіскен. Ахметтің әкес Байтұрсын және 
оның кіші інісі Ақтас Шошақов Сібірде, уезд бастығы Яковлевке бағынбағаны үшін аймақ 
сотының үкімімен айдауда болатын. Анасының рұқсатымен алыс Торғайдан, екі күндік жол 
жүріп, жол-жөнекей Жыландыдағы алыс туысқанының үйіне бір қонып, екі досты Құсұяға 
Бабахан алып келген» [2, 8-9 бб].
Роман композициясында Алаш көсемдерінің іс-әрекеттері саяси-әлеуметтік оқиғалар 
желісінде көрінеді. Романның алғашқы тарауында мінез-құлық дағдылары, көзқарастары 
үйлескен екі бозбаланың достық қарым-қатынастарын табиғи жағдайда сезінеміз. Екі достың 
Құсұя мекеніндегі Жалдама өзенінде суға түсіп, балықтарды (сазан, табан балық, шортан, алабұға, 
сыла, майшабақ, т.б.), аңдарды («Кенет қамыстың ар жағынан жолбарыстың қорқынышты 
ырылы естілді»), құстарды (Ақбас қыран, бүркіттер) көріп серуендеп жүргендегі көңіл-
күйлері мен сөйлескен сөздері арқылы олардың атамекен, халық тағдыры туралы дүниетаным 
көзқарастарын аңғартады. Екі достың өзара пікірлесуі барысында әрқайсысының өмірлік 
шындыққа сәйкес көзқарастары, тереңдіктері де аңғарылады. Мысалы, бозбала Ахметтің осы 
өздері шомылып, демалып отырған мекенді түсінде көргенін баяндауы да әсерлі. Қазіргі өңінде 
көріп отырған табиғат сұлулығын өңіндегідей суретімен, қозғалыстарымен тұтастай түсінде 
көргендігін көзімен де, ойымен де білдіріп тұрған жас Ахметтің романтикалық-эстетикалық 
әсердегі көңіл-күйін жазушы оқырманның көз алдына елестеді.
«Өзеннің мүк басып балдыр өскен таяз жерінде құс қаптап жүретін. Көкқұтандар ұзын 
сирақтарын маңғаз басады. Бір аяған жылытып алғысы келгендей түбіттей үлпілдеген 
бүйірлеріне, бауырларына басып екінші аяғымен тапжылмай тұра береді. Сәлден кейін 
жылыған аяғымен жер басып, екінші аяғын бауырына алады. Алма-кезек аяқтарын ауыстырып, 
маңғаздана жүрген жүрістері сымбатты-ақ. Тұмсықтарын суға тығып, таяз жерге жүзіп келе 
қалған балықтарды немесе жапырақ астында тығылып отырған бақаны ұстап жейді. Кекіліктер, 
дуадақтар жортып жүреді, бөденелер ұшып келеді.
Әріде жағаны бойлап өскен қызанақ арасында бір аңның қозғалғаны, жүргені байқалады. 
Сұғанақ торғайлар мен сауысқандар еш нәрсеге көңіл аудармай, қызарған жемістерді шұқып 
жеп жатыр. Айналаның бәрінен керемет хош иіс мүңкіп, әсіресе жусанның иісі жан сарайыңды 
ашады. Жусанның дәл мұндай иісі бұл аймақта бұрындары сезілмеуші еді.
– Не деген сұлулық! Дәл осы жерді мен түсімде көргенмін. Бірақ мен содан кейін атыма 
міндім, ал мені аяқ асты пайда болған біреулер қап-қара, қорқынышты біреулер қуды! ... – 
Әрең-әрең естілердей сыбырлады Ахмет» [2, 10-11 бб].
Бұл – Алаш көсемі Ахмет Байтұрсыновтың балалық, жастық шағынан бастап өзі өмірден 
өткенінше ұлтшыл – Отаншыл көзқараспен өмір сүрген қайраткерлік ұстанымының да көрінісі. 
Бұл – сұлу табиғатының кеңістігіндегі адамдар да, аңдар да, құстар да, жұпар иісті өсімдіктері 
де тұтасқан ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН – ОТАНЫН сүйген күрескердің дүниетанымы.
Романның осы жерінде досы Нұрдәулеттің аспанда қалықтап жүрген екі ақбас қыранды 
даланы, ұрпақтарын сақтап, желеп-жебеп жүрген ата-бабалық әруақтарға баламалап айтқанына 
әсерленген Ахметтің сөзі де азаматтық-күрескерлік өр рухты ұстанымды айқын танытады:
«– Иә, керемет екен! – Көңілі тасып, лепірген Ахмет басын көтерді. Оның сымбатты жүзіне 
ерекше бір жарық сәуле нұрын шашқандай. – Білесің бе менің де осындай қыран болып, жерімізді 
шайтан атаулыдан қорғағым келеді! Олар қандай сұлу, әрі күшті, еркін құстар десеңші! Менің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет