Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет34/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
49
ойымша, өміріміздегі ең басты нәрсе – еркіндік! Еркіндік ғана бақыт әкеледі! Менің әкем мен 
ағам Сібірде, түрмеде жатыр. Соларды босатып алсам ғой ... [2, 11-12 бб].
«... Кеше түнде мен жұлдыздарды қызықтауға далаға шықтым. Жұлдыздарға қарағанды 
ұнатамын! Оларға үңіліп қарасаң, шексіз көк аспанда бір түйір тарыдай көрінесің өзіңе, ал 
жаның соларға қарай алып ұшады!» [2, 12 б].
Өмірдегі нақты дерек бойынша, Ахметтің әкесі Байтұрсын мен ағасы Ақтас 1885 жылы 
уез бастығы Яковлев дегенінің халыққа жасаған озбырлық істеріне шыдамай, оған қол 
жұмсағандары үшін жауапқа тартылып, Сібірге 15 жылға каторгаға айдалғаны, ағасы Ерғазы да 4 
айлық уақытпен түрмеге жабылған. Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолындағы осындай деректер 
жазушының романындағы кейіпкер толғаныстарына арқау болғанын көреміз. Романдағы шәкірт 
бозбала Ахметтің өмір кезеңдеріндегі осындай тарихилықтың нақты болмысы да реалистік 
тұғырнама шынайылығын дәлелдейді:
«Әкесі мен туыстарының Ресей өкіметі тарапынан жапа шегуі Ахметке азаттық жолындағы 
күреске түсуіне ой салды. Бұл жөнінде кейін 23 жылдан соң әкесінің ізімен отарлық билікке 
қарсы күреске шығып, абақтыға жабылған Байтұрсынов анасына жолдаған хатында: «Оқ тиіп, 
би үшінде ой түсірген, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам ...» – деп жазады. Ахметті Ерғазы 
Торғайдағы 2-сыныптың орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 
жылдық мектепке оқуға түседі» [3, 72 б].
Жазушы С. Досановтың осы «Қылбұрау» романындағы басты кейіпкерлер Ахметтің, 
Нұрдәулеттің табиғат аясындағы сұхбаттарындағы тіршілік, заман, адам, халық тағдыры 
хақындағы толғаныстарының осындай өмірлік шындықпен сәйкестігі айқындалады. 
Жазушының көркемдік шешімі кейіпкерлерінің азаматтық-күрескерлік көзқарастарын таныта 
алған.
Роман композициясында Әлихан Бөкейханов туралы да деректер пайдаланылған. Негізгі 
басты кейіпкер («Отставкадағы штаб-ротмистр») Нұрдәулет Бабахановтың «Мен онымен бірге 
Санкт-Петербургтегі Императорлық Орман институтында оқығанмын» [2, 124 б] деуі, орыс 
зиялысы Сиверцев Алексей Георгиевичпен кездескендегі әсерлі сәтті суреттеуі («Әлихан тап 
қазір, тап осы жерде екеуінің арасында достық көпірін орнатты, өзгелерге даналық дәрісін 
оқып тұрғандай еді») де [2, 124 б] Алаш көсемінің ғалымдық-ағартушылық дүниетанымының 
қоғамдык-әлеуметтік қайраткер-лікпен тұтасуын бағдарлайды. Кейіпкердің баяндауы 
аясында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқын отырықшыландыру, егіншілікпен 
айналысуын дамыту, қазақ даласының мол сырлы, құнарлы әлемін сақтау, бағалау, т.б. сан 
алуан мәселелерді айтқанын назарға алуы да дәйекті, дәлелді.
Романның «Жанталас» бөліміндегі тарауларда саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарастары 
айқындалған тарихи кайраткерлердің өзара сабақтасқан, ұлттық-азаттық бағдарына арналған 
іс-әрекеттері. Алаш қайраткерлер төңірегінде көрсету тұрғысында көркемдік шешім жасалған. 
Үшінші бөлімінің алтыншы тарауындағы Ахмет Байтұрсынұлының арнайы шақыртуымен 
оның үйіне жиналғандарды баяндауы да тарихилық пен көркемдік шешім бірлігі тоғысында 
жасалғанын аңғарамыз: 
«Міне, осында да, Ахметтің үйінде де, Нұрдәулет қазақ буржуазиясы дегенге жататын 
азаматтарды көрді. Олар негізінен жастар еді. Олардың арасында Орынбордан банкир Мақсұт, 
Қостанайдан нотариус Асқар, Көкшетаудан баспагер Рахым, Балқаштан фармацевт Есперген, 
Семейден адвокат Қодар бар еді. Бұлар қазірдің өзінде дәулетті, беделді адамдар. Нұрдәулет әр 
түрлі жағдайлармен осылардың әрқайсысымен араласты. Ол өзінің халқының болашағын осы 
зиялылармен байланыстыратындықтан бұл жаңа іскер адамдарды білетініне куанды.
Белгілі ағартушылар Тұрмағамбет – Қызылордадан, Сейітқали – Оралдан. Бұлар халықтың 
білімін көтеруде өте көп іс тындырды. Жүздеген шәкірт тәрбиелеп, елдің әр түкпірінен 
бірнеше мектеп те ашты. Санкт-Петербор университеттерінің жас түлектері: Мұхамеджан 
Тынышбайұлы – инженер-теміржолшы, Жақып Ақпайұлы – заңгер және тарихшы, Барлық 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
50
Сырттанұлы – шығыстанушы-аудармашы, Бақытжан Қаратайұлы – адвокат, Әбілқайыр ханның 
шөбересі. Бұл есімдер елдің аузында. Бұлар – Дала мен Еуропа тәрбиесінің озығын өз бойына 
сіңірген қазақ зиялыларының мақтанышы. Олардың ерекше ақсүйектік талғампаздығы мен 
білімділігі аңғарылып тұратын [2, 335-336 бб].
Романда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы казақтың ұлттық буржуазиясы 
кұрамындағы озық ойлыларын да, әрі-сәрі («Рухы, көзқарасы, шығу тегі бойынша әр түрлі. 
... Біреулерін батыл түрде ұлттық мүддені қорғаушы, шығармашылық зиялылар деп айтуға 
болады және олардан алшақ адамдар да бар. Ал, байлар ше? Бұлар қалай дегенмен, естірек қой, 
ненің не екенін біледі, бостан-босқа тұзаққа түспейді. Әліптің артын бағады. Оларға өздерінің 
пайдасы саяси жағдайдан қымбаттырақ. Олардың патриотизмі осы ғана. Әңгіме партия құру 
жағдайында болса, қаржы жағынан көмектеседі» [2, 326-327 бб].
Қазақ халқының барлық бұғауда жүріп біртіндеп оянуы, серпілуі, ұлттық сана-сезімнің 
қалыптасуы, дамуы, қандай жолмен жүре бастағанын жазушы осылайша шындық пен шешім 
тұтастығымен танытуға тырысқан.
Қазақ тарихындағы ұлттық сана тұғырындағы көрнекті қайраткерлерді өмірлік шындыққа 
негіздей отырып бейнелеуде қаламгерлердің көркемдік шешімдері маңызды орын алады. 
Көркемдік шешім дегеніміз – шығарма арқауына негіз болған тарихилық желісінде оқиғалардың 
нанымдылығын, тұлғалардың жан дүние әлемін, көзқарас ұстанымдарын жаратылыс-табиғат 
тынысымен, қоғамдық-әлеуметтік ортамен байланыстылығын көркемдік-эстетикалық танымға 
сәйкес жинақтап бейнелеу. Бұл – әдеби шығармалардың реалистік сипатпен дәйектейтін 
ерекшелік.
Қорыта айтқанда, роман арқауындағы өмірлік шындықтың көркемдік шешімімен орындалуы 
өнердің эстетикалық тағылымын айқындайды. Адамдардың жаратылыс құбылыстарды, 
оқиғалары ортасындағы ішкі жан әлемінің қоршаған ортамен тұтастығын да, үндестіктерді 
де, қарама-қайшылықтарды да көркемдік ойлау аясында саралау арқылы туындылардың 
шынайылығы анықталады.
Қазіргі қазақ романдарындағы уақыт шындығы тарихи тұлғалардың тағылымды қызметін 
деректерге негіздей отырып бейнелеуді дәйекті түрде жүзеге асыруда. Қазақ тарихының 
көп жылдар бойы ақтаңдақ беттері болып келген олқылықтардың орындарын толтыру үшін 
қаламгерлер күрделі роман жанрындағы шығармалар арқылы бейнелеуде дерекнамалық 
негізділікке айрықша мән бере қарастыруда. Әсіресе, ХV–ХVІІІ ғғ. және XIX–ХХ ғғ. 
белестеріндегі қазақтың халықтық-ұлттық дербестігін сақтау жолында еңбек еткен, күрескен 
қайраткер тұлғаларды қазіргі заманғы талап тұрғысынан жаңаша бағалауда қаламгерлер тың 
туындыларын оқырмандарға ұсынып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет