«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
53
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ 1916 ЖЫЛҒЫ АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
А.Д. Асуатов,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері,
Қызылорда қ., Қазақстан
Белгілі жадитшіл ағартушы Қоңырқожа Қожықов Қазақстан мен Түркістан аймағындағы
болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу үшін жіберілген жазалау отряды мен
орыс мұжықтарының мейрімсіз және аюандық іс-әрекеттерін Түркістан генерал-губернаторы
Куропаткинге баяндап жазады. Сонымен бірге Ташкентте эсер В. Чайкиннің редакторлығымен
шығып тұрған «Голос Туркестана» газеті редакцияның ұсынысына қосылып, Түркістанға Ресей
Мемлекеттік Думасы мұсылмандар фракциясының уәкілдерін шақырып, көтерілістен кейінгі
репрессия нәтижесімен танысуды талап етеді. Осыған байланысты 1916 жылы Түркістанға
келген Тевкелев, Керенский, Шоқаевтарға Қ. Қожықов жазалау
отрядының мейірімсіз және
аюандық іс-әрекеттері туралы бар құжаттарын тапсырады [1, 336-375 бб.].
Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы әділетсіз жарлығының қасіретті зардаптары осындай
болды. Ресей либерал-демократиялық қозғалысының өкілдері 1916 жылғы 25 маусымдағы
патша жарлығы шығуының ең басынан-ақ оның заңсыз екенін көрсетіп, егер бұл әділетсіз
жарлық жүзеге
асырыла бастаса, халық толқуларының пайда болуы анық екенін ескерткен
еді. 1916 жылы шілде айында-ақ мұсылмандар, кадеттер мен трудовиктер фракциясының
өкілдері болып табылатын Мемлекеттік Дума мүшелері Ішкі істер
министрлігі мен Әскери
министрлікке жарлықты жүзеге асыру шарттарын дереу анықтауды талап еткен болатын.
Бірқатар депутаттардың сауалдарын талқыға салған Мемлекеттік Думаның мүшелері патша
жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен мүмкіндіктері және зардаптарын мәселе ретінде
қарастырады.
1916 жылы тамыз айында Мемлекеттік Думаның депутаттары А.Ф.Керенский мен
К.Б.Тевкелев өз фракцияларының тапсыруымен Түркістанға барады. Комиссияның құрамында
мұсылман фракциясының бюро мүшелері М.Шоқай мен Ш.Мұқаммедияров та бар еді.
Бұл туралы М.Шоқайдың зайыбы Мария Яковлевна өз естеліктерінде былай дейді:
«М.Шоқайды мен 1916 жылдан бері танитынмын. Сол жылы тыл жұмысына қарсы қазақтардың
көтерілісі болды. Көтеріліс басылғаннан кейін Түркістанға Петербургтен Мемлекеттік Думаның
мүшесі А.Ф.Керенский мен сенатор Тевкелев бастаған тексеру комиссиясы келді. Мұстафа
Шоқай да осы комиссияның құрамында тілмаш болатын. Осы комиссияның Түркістандағы
тексеру жұмыстары кезінде Мұстафа Шоқай бірнеше рет біздің үйге келген еді» [2, 37 б].
Мемлекеттік Думадағы трудовиктер фракцияның жетекшісі А.Ф.Керенский қазақ даласында
болып жатқан оқиғаларды орыс тарихының масқара беттері деп сипаттама береді. Ол бұл
оқиғалар туралы былай деп мәлімдеме жасайды: «...25 маусымдағы жоғары патша жарлығын ...
жариялау және жүзеге асыру кезінде Ресей империясының негізгі және негізгі емес заңдарының
бәрі қаншалықты мүмкін болса соншалықты бұзылған» [3, с.117].
Осылайша Керенский Түркістаннан Петербургке келгеннен
кейін Мемлекеттік Думада
түрік мұсылмандардың мүддесін қорғап сөз сөйлеп, онда бұратана халықтардың еңбекке
жарамды жастарын майданның қара жұмысына жаппай алу дұрыс емес,
оларды өз жерінде
пайдаланған дұрыс деген. Деректер бойынша Мемлекеттік Думада бұл мәселе қайта қаралып,
бұратана халықтардың әскерге шақыру жасына іліккендерге көптеген жеңілдіктер жасалынған
[4, 3 б].
Яғни, Мемлекеттік Думаның 1916 жылы 13 желтоқсандағы жабық мәжілісінде Түркістан
өлкесінде болған оқиғалар талқыға түсіп, мәжілісте баяндама жасаған А.Ф.Керенский Түркістан
өлкесінде 1916 жыл ойранын ұйымдастырған және бастан аяқ «бұл іске жауапкер тек патша
өкіметі» деген тұжырым жасап, «кінәсіз ондаған мың адамды өлімге душар еткен» отарлық
жүйені өзгертуді, Түркістанды басқаруда жергілікті халықпен санасатын жаңа тәртіп енгізуді
күн тәртібіне қою керектігін ұсынған болатын [5, 189 б]. Белгілі қайраткердің бұл мәлімдемесі
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
54
Түркістан өлкесіндегі отаршыл билік жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын Мемлекеттік
Дума мінбесінен ашық мойындаудың өзі болатын.
Керенскийдің түркістандықтарды Мемлекеттік Думада қорғап сөйлеуінде М.Шоқайдың
ықпал етуі мүмкін еді. А.Ф.Керенскийдің қазақ даласына жасаған сапарына кезінде М.Шоқай
былай деп анықтама берген болатын. Ол Керенскийдің Ресей империясының билігіндегі орыс
емес ұлттар арасында өзіндік орны бар адам дей отырып, былай дейді: «Кезінде ол біздің ата
мекеніміз Түркістанда едәуір беделге ие еді. Оның 1916 жылы Ресей Мемлекеттік Думасы
Мұсылман фракциясының басшысы марқұм Құтлұғ Мухамед мырза өкілмен бірге Түркістанға
жасаған сапары, Ташкент, Әндіжан және Ниһайаттардағы, мемлекеттік Дума мінбелерінен патша
өкіметі саясаты туралы Түркістанда дүрбелең тудырған себептерді айтқан сөздері Керенскийдің
атын тек Түркістанда ғана емес, Ресейдің күллі түріктер қоныстанған аймақтарына белгілі
етті. Ол кезде патшалық Ресейдің астында езіліп жатқан біздерге Керенскийдің революциялық
тұлғасы үміт жұлдызындай көрінген еді. Мен Керенскийдің Түркістан сапарында марқұм Құтлұғ
Мәмет мырзамен бірге болдым. Сол кездегі Керенский сөздерінің жалпы мазмұны ғана емес,
тіпті кейбір тұстарының нақтылы мәтіндері де әліге дейін менің есімде. Егер жаңылмасам 1916
жылы 22 тамыз күні Керенский Әндіжандағы Жәмиғат мешітінің ауласында түркістандықтар
мен
орыстардың достық, адамгершілік қатынастарына арнап дұға бағыштатқан болатын»
[6, 104-105 бб].
М.Шоқайдың Керенскиймен бірге қызмет істеуі оның іс жүзінде мұсылмандық және
түрікшілдік идеяларды қолдауына алып келді және отарға түскен түрік тілдес халықтардың
азаттық күрес бірігу қажет екенін түсінді. Жалпы М.Шоқай Керенскиймен тығыз байланыста
болған. Оны Қазақстанның Саяси Бас Басқармасынан табылған құжаттан көре аламыз.
Онда былай делінген еді: «Мұстафа Шоқай ...кейін Уақытша Үкіметті басқарған Александр
Федорович Керенскиймен бірге оқыған. Гимназияны бітіргеннен кейін екеуі де Петербургтегі
университеттің заң факультетінде оқиды. Сол кездері Шоқай мен Керенский тұңғыш рет
революциялық ортамен жүздесіп, социалист-революционерлердің бағдарламасын қолдаған.
Империалистік соғыстың бас кезінде
Керенский Ресейде қалса, Шоқай Ташкентке келіп
қазақ зиялы қауым өкілдерін біріктіруге күш салады [7, 98 б]. Мұстафа Шоқайдың саяси
көзқарастарының өткірлігі сонда, Керенскийдің өзі Мұстафа Шоқаймен саяси тақырыптарға
ашық сөйлесетін. Ол туралы Мұстафа: «...мен және Керенский 1916 жылғы қарашада өз үйінде
біздің дала қазақтары мен өткізген бір сұқбатын есіме алып отырмын. Торғай уалаятынан
келген өкілдер түркістандықтардан алынатын жұмысшылардың
орнына он мың ат бергісі
келетіндіктерін, осыған өкіметті көндіру үшін Керенский екі арада жүруін өтінген еді. Сонда
Керенский оларға: Мен сіздерге мынадай кеңес бергім келеді. Орыс үкіметіне сенуге болмайды
ол сіздің жылқыларыңызды алады да, одан соң жігіттеріңізді жұмысқа жегеді-деген болатын [6,
105 б]. Міне Керенскийдің патша үкіметінің отаршылдық саясатын бүркімелей ашық айтуының
өзі Мұстафаны қадір тұтатынын көрсетеді. Мұстафаның Керенскиймен арадағы байланыстары,
оның саяси көзқарастары мен ұлттық тәуелсіздік туралы идеялары кеңейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: