«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
57
...Нешеме күн бойы алдырмаған Шыңғыстаудың шатқалындағы жау бекінісіне қарсы қалың
қолды бастап тұра шапқан Қабанбай батыр ақбозбен оқ бойы алға шығып кетіпті. Төбе басында
ұрыс даласын шолып тұрған Абылай: ау мына дара бозың кім, көзсіз батыр тым алға шығып
кетті-ау, мерт болмаса игі деп алаңдайды.
Ақыры ойрат қолын ойсырата жеңіп оралған ақбозбен ағызып дара шапқан батырдың
Қабанбай екенін біліп қатты разы болған Абылай, атынан түсіп:
«– Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дарабозым сен екенсің ғой! Егер
биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда бүгінгі шайқастың
немен бітері неғайбыл еді.. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы
есімің Дарабоз болсын! – деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан».
2
Өзгелерден оқ бойы озған осындай қаҺарман бейнесі қалай жасалуға керек?
Жазушының кейіпкерді
пішіндеу принципі жеке, ұлт, адамзаттық мүдделердің бірлігін
ұштастырған тұтас тұлғалы кейіпкер жасау проблемасына саяды. Шешімі – Қабанбай образында.
Автордың Қабанбай тұлғасын пьедесталға қойып төменде тұрып қызықтауын, оған деген
патриотшыл, отаншыл сүйіспеншілігін ел қамын жеген ерлерді мақтаныш тұту мағынасында
түсіну жеткіліксіз. Роман Қабанбай тұлғасын өрнектеу барысында ұлттан асып, жалпы адам
баласының қайрат-жігер мүмкіндігінің шет-шегі болар ма деген ойға бастайтындай. Характері
құрыштай тұтас адамның алмайтын қамалы болмайды.
Қабанбай батыр сөзі қысқартылып беріліп отыр. Жалпы бұл сөз «Дарабоз»
роман-
дилогиясының экспозициясы іспетті. Онда бас кейіпкер Қабанбай батыр характерінің
психологиялық қозғаушы күші, еш жау аттан түсіріп көрмеген жеңімпаздығының сыры
тұжырымдалады. Мәні – Қабанбайдың жеке мүддесінің (әкесінінің моласы жатқан ата қонысын
азат ету) ұлт мүддесімен соншалықты әдемі үйлесім табуында (дұшпанға ел жерінің бір сүйемін
де бермеу).
Қабанбай – идеалды кейіпкер. Бір басында даналық ой,
қолбасылық биік өнер, асқан
батырлығы кісілігімен, үлкен жүректі ізгілігімен жарасқан айрықша адам. Ондай кейіпкердің
өсу жолын оқырман иланатындай етіп суреттеу үшін көп ізденіп еңбектенуге тура келген.
Жазушы алдында тұрған міндет оңай емес-ті.
Қаламгер бас кейіпкерінің ішкі жан дүниесіне тереңдеп бойлаудан гөрі, мінезінің пәрменді
парасаттылығына, романдағы характерлермен арақатыста артықша көрінетін білек күші ғана
емес, сана қуатының айшықты суреттелуіне баса назар аударады. Тұтас тұлғалы кейіпкердің
жалпы сипаттамасы роман әу деп басталғанда-ақ берілген. Жинақы, қорытынды түрде бас
кейіпкер Қабанбай батырдың 1748 жылы Сарысу бойында отырған Ұлы ордада өткізіліп жатқан
хан кеңесінде сөйлеген сөзінде түйінделеді.
« – ...Бейбіт күн неге жаман болсын, егер төрт түлігің сай, көңілің жай болса! Жарты жерің
жау қолында жатқанда уайымсыз ұйқы, қамырықсыз күлкі бола ма? Қазақта ана құрсағынан
қан шеңделдеп, соғыс тілеп туған ешкім жоқ. Бірақ менің де арманым –
әкемнің моласы
жатқан ата қонысымды көзімнің тірісінде азат ету. Құдай куә, сол арманға жеткен күні қара
найзамды қақ бөліп, лақтырып тастауға әзірмін...Қазақ үшін жерден қымбат нәрсе жоқ. Дұшпан
астыңдағы атыңды сұраса, аяма. Өйткені Қамбар ата аман болса, тұлпар тумай қоймайды.
Дұшпан қойныңдағы қатыныңды сұраса да, таршылық етпе. Өйткені, ел аман болса, сен үшін
тағы бір сұлу бойжетеді. Тек дұшпанға бір сүйем жер беруші болма. Өйткені асыраушы жер
ана ешқашан үлкеймейді! – деген екен қасиетіңнен айнайлайын арғы бабаларымыз. Сол өсиет,
шынымен-ақ, жадымыздан шыққаны ма?!»
2
Жоғарыдағы талдаулар Абылай, Қабанбай, тағы да басқа жетекші образдар көркем романда
ұлт-азаттығы қозғалысының бағыт-бағдарына байланысты жасалғанын дәлелдейді. Абылай,
Қабанбай замандарында ол қозғалыс, біздің бүгінгі түсінік тілімізбен айтқанда, Отан соғысы
сипатын алды. Отан оттан да ыстық екенін сезінген үш жүз тізе қосып, жоңғар,
басқа да
жанжақтан анталаған жауды ел шетінен түріп шықты. Кенесары қозғалысы отаршылдықты
жою, жеке мемлекет құру мақсатын көздеді. Ал, қазақ елі мемлекеттігінен айырылып, Ресей