Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МҰСТАФА ШОҚАЙ МЕН



Pdf көрінісі
бет41/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225
Память во имя будущего

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МҰСТАФА ШОҚАЙ МЕН 
ҒАЗЫМБЕК БІРІМЖАНОВ ХАҚЫНДА БІРЕР СӨЗ
Ғ.А. Жәрімбет,
«Мұстафа Шоқайтану» ғылыми зерттеу орталығының маманы, тарих магистрі,
Қызылорда қ., Қазақстан
ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де 
күреске түскен Алаш қозғалысы өзінің алдына қойған мақсаты мен ұйымдастырушы күші 
жағынан қазақ тарихындағы бұрынсонды қозғалыстардан пәрменді әрі мазмұнды болды. 
Себебі, «Күн сөнгенше сөнбейміз» – деп Алаш туының астына жиылған қазақ оқығандары: 
Ә.Бөкейхан, М.Шоқайұлы, Б.Қаратайұлы, Ж.Сейдалин, Ж.Досмұхамедұлы, Б.Құлманұлы, 
Ж.Ақпайұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, А.Бірімжанұлы, Х.Ғаббасұлы, Ә.Ермеков, 
Б.Сыртанов, Д.Сұлтанғазин, Н.Төреқұлов және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, 
Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор, Томск, Киев, Саратов жоғары оқу орындарында білім 
алған, қазақ халқының мемлекеттік құрылымын жасақтауға жұмыла кіріскен қайраткерлер 
болатын [1]. 
Қазіргі отандық тарих ғылымының өзекті бағыттарының біріне айналған тұлғатану саласы 
қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, саналы ғұмырын туған халқына қызмет етуге 
арнаған зиялы қауым өкілдерінің кейбірі зерттеушілердің назарынан әлі де тыс қалуда. Осыған 
байланысты биылғы Алаш қозғалысының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жоғарыда есімі 
ұлықталған азаматтардың ұлы істері мен қайраткерлік тұлғасын аша түсуді, бүгінгі жұртшылық 
арасында насихаттауды жөн көрдім. 
Тақырыптың өзектілігі 20 ғасырдың 20-30 жылдары Мұстафа Шоқайдың Еуропадағы 
мұғажырлық уақытында елмен байланыс орнатуына қалтқысыз қызмет еткен, жаратушы берген 
ғұмырын ұлтқа қызмет қылуды мақсат тұтқан алаш тарихындағы тұғырлы тұлғалардың бірі 
Ғазымбек Бірімжанов хақына арналмақ.
Ғазымбек ағайынды Бірімжановтардың ортаншысы, Алашорда үкіметінің мүшесі әрі іс 
атқарушысы, қаламгер. Ол Орынбор реалды училищесін, Орта Азия мемлекеттік университетінің 
дәрігерлік факультетінде білім алған, Алашорданың Башқұрт үкіметі жанындағы уәкілі 
қызметін атқарып, Колчак үкіметімен келіссөз жүргізуге қатысқан. Ал, ағасы Ахмет Бірімжанов 
Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларына Торғай облысы қазақтарының атынан депутат 
болып сайланған, Алаш партиясының белсенді мүшесінің бірі [2]. 
1917 жылдың 1 шілдесінде Торғай облысында мал-жан, шаруа, жер-судың есебі алынатын 
болып, осыған байланысты Алаш зиялыларының «Қазақ халқына» Ұлттық қозғалыстың 
ұйымдық негіздерін қалау деген үндеу мақаласы жарияланады. Торғай облысынан есеп алуға 
жіберілетін қазақ жігіттерінің тізімі жасаланып, Торғай және Ырғыз уездері бойынша мұндай 
жауапты жұмысқа Әлихан бастаған Алаш көсемдері «өзіміздің оқыған қазақ жігіттерін лайық 
көрдік» деп Ғазымбек Бірімжановты ұсынады. Ғазымбек Бірімжанов I және II Жалпықазақ 
съездеріне қатысып, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы т.б. арыстармен бірге «Алаш» 
партиясы бағдарламасының жобасын жасауға өз үлесін қосады. 1921-22 жылдары «Ақ жол» 
газетінде редактор қызметін атқарып, мақалаларын «Шеген» деген бүркеншік атпен жариялайды 
[3]. 
1922-1923 жылдары Түркістан Автономиялық Республикасының басшылары Тұрар 
Рысқұлов, Абдулла Рахимбаевтың, Бұхара Халық Республикасының басшылары Файзулла 
Хожаев, Абдурауф Фитраттың басшылығымен Германияның түрлі жоғары және арнайы орта 
оқу орындарына жетпістен астам түркістандық жастар Берлин, Дрезден, Бонн, Гейдельберг
Дармштадт қалаларында (қазіргі «Болашақ» бағдарламасы секілді) электротехника, химия, 
медицина, тоқыма өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, кен ісі, социология, экономика, педагогика 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
62
және т.б. мамандықтар бойынша білім алуға жіберіледі. Олар Ташкент, Хиуа, Бұхара, Ферғана, 
Самарқанд, Ходжент қалаларынан барған Абдулуақап Оқтай, Тахир Шағатай, Саидали Усмани, 
Саттар Джаббар, Ахмеджан Ибрагимов, Салих Мұхаммед, Марьям Сұлтанмұрадова, Хайринисо 
Маджидханова, Саида Шерахмедова, Шамсулбанат Идриси, Ахмад Шукри, Билал Фатхулла, 
Бахоулдин Амин және тағы басқалармен бірге қазақ даласынан оқуға түскен төрт қазақтың 
бірі болып, Әлихан Бөкейханның жөн сілтеуімен Берлин университетінің ауылшаруашылығы 
факультетіне Ғазымбек Бірімжанов та аттанады [4].
Ғазымбектің Алаш қозғалысының танымал өкілі екендігі және Германияға барған бойда 
ұлттық қозғалыс істеріне белсенді араласуы және сол уақытта шетелде жүрген Мұстафа 
Шоқайға жақын жүруі біраз жайтты аңғартса керек. Себебі, Мұстафа Шоқайдың елмен 
байланысы 1920-жылдардың бас кезінде Германияға оқуға жіберілген қазақ, өзбек жастары 
арқылы да нығая түскен болатын.
1923 жылдың қыркүйек-қазан айларында Түркістандық студенттердің жағдайымен танысып 
қайту үшін Германияда Т.Рысқұловтың басшылығымен үкімет делегациясы келеді. 1923 жылы 
30 қазанда Халық комиссарлары кеңесінің отырысында Т.Рысқұловтың Германияға барып 
қайтқан іссапарының нәтижелері туралы мәселе тыңдалып, онда шетелдердегі студенттердің ісі 
бойынша Уақытша басқару бюросын құру туралы жоба бекітіліп, бюро төрағалығына Ғазымбек 
Бірімжанов тағайындалады. 1930 жылдың 1 желтоқсанында М.Тынышбаев Алматыда ОГПУ 
саяси өкілдігі шығыс бөлімінің тергеушілеріне берген жауабында 1922 жылдың жазында 
оған М.Дулатұлы пен Д.Әділовтің келгенін, содан соң олардың Ғ.Бірімжановтың Германияға 
оқуға бара жатқанын айтқанын, оған М.Шоқайды қазақ халқының жағдайымен таныстыру
ал Мұстафаға қазақ халқына төніп тұрған апат жөнінде әлем жұртшылығын хабардар етуді 
тапсыру керек дегенін айтады [5]. Арада екі жыл өткеннен соң Ғ.Бірімжановтан қазақ 
зиялылары М.Шоқайдың Парижден Берлинге келіп студент-жастармен кездесіп тұратыны 
және шетелдерде бірсыпыра жұмыс атқарып жүргені туралы мағлұмат алады. Осы мақсатта 
Ғазымбек Бірімжановқа Кеңес өкіметіне қарсы ішкі және сыртқы күштер арасында байланыс 
орнату жөнінде қауіпті де жауапты міндеттер жүктеледі. Ғазымбек Бірімжанов Германияға 
барған бойда С.Қожановқа хат жолдап, «Мұстафа өте нашар тұрады, студент-практиканттар 
оған көмектескісі келеді, бірақ ол одан бас тартты және «бұл ақша өздеріңе керек болады, 
өйткені алда көп істер күтіп тұр» дегенді айтты» деп хабарлайды. Ғ.Бірімжанов Германияда 
оқи жүріп, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлының бірнеше жауапты тапсырмаларын 
орындаған. 1929 жылы ОГПУ өкілдерінің алған жауаптарында 1922 жылы Ә. Бөкейханның 
М.Шоқайға Ғ.Бірімжанов арқылы жабық хат жібергенін, онда Кеңес өкіметіне қарсылық 
әрекеттерді ұйымдастыру туралы айтылғанын көрсететін маңызды деректер келтірілген. 
Мұстафа Германиядағы студенттер жеткізген баспасөзден Орынборда 1924 жылдың 12-18 
маусымында қазақ және қырғыз интеллигенциясының бірінші съезі өткендігін естиді, ол жөнінде 
А.Байтұрсынұлының Ғазымбек Бірімжанов арқылы жіберген хатынан да хабардар болады. 
Съезге Ә.Бөкейхан, Н.Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, 
қырғыз қайраткері К.Арабаев қатысады. А.Байтұрсынұлының қысқа қайырылған хатында: 
«Барлықтарыңа бәрімізден сәлем» делінеді [6].
Ғазымбек Бірімжанов Берлинде оқыған кезде ерекше білімдарлығымен көзге түскен. Неміс 
тілін жетік меңгергені соншалық, сол уақытта Мұстафа Шоқаймен бірге Францияда эмиграцияда 
жүрген Заки Валидидің неміс шығыстанушысы, ғалым И.Марквартпен әңгімелескен кезінде 
аудармашылық рөл атқаруы және cол уақытта Ғазымбектің шетелге оқудан гөрі М.Шоқай 
бастаған ұлттық қозғалысқа көмекке келгендігінің белгісі еді. М.Тынышбаевтың тергеуде 
берген жауабында (1930 жылдың 1 қазаны): «Германиядан оралған Бірімжановтан Шоқаевтың 
Парижде екендігін, Берлиндегі студенттермен кездескенін, оның біздің ұстанымымызды 
жақтайтындығын және елдегі ұйым жұмысына сырттан қолдау көрсету бағытында іс-әрекет 
жасайтындығын білдік» делінеді [7].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет