«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
69
1923 жылы Түркістан республикасының мемлекеттік білім комиссиясының жолдамасымен
Мәскеу қаласындағы орыс ақыны В.Брюсев басқарған жоғары әдеби-көркемөнер институтына
қабылданады. Институтта Н.И.Бухарин, А.В.Луначарский сияқты белгілі қоғам қайраткерлері
сабақ береді (осында оқып жүріп, шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде дәріс
оқыған).
1927 жылы ол Қызылжарға оралды. Осы жылдың көктемінде оны Қазақстан халық ағарту
комиссариаты Бурабай орман техникумына қазақ тілі мен
әдебиетінің оқытушысы етіп
тағайындайды. Тағдырдың жазуымен жас жазушы Ғабит Мүсірепов Мағжанмен кездеседі.
1927-1929 жылы совпартшколада әрі педтехникумда қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
Сол кездегі ұстаздық жолындағы шеберлігі мен болмысы жайлы көз көрген шәкірттері
жылы-жылы лебіздер білдіреді.
Мағжанның шәкірті, кейін белгілі әдебиетші профессор Бейсенбай Кенжебаев: «Мағжан
– ғалым, шебер оқытушы, асқан методист- педагог. Сабақ үстінде лекциялық,
практикалық
әдістерді ретімен қатар қолданады. Өлең талдау, әдебиет теориясы, эстетика жайлы әңгіме
болып, сабақ ғылыми қызық болып жүреді» (Ұстаз. «Лениншіл жас», 4 қаңтар, 1989 жыл).
Көкшетау
аудандық, Қарағанды облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі болған Қайыр
Мұсылманов: «Алыптай көрінетін. Диктант көп жазғызатын. Әлі есімде «Ор айналып үріп
жүрген итті көрдім, үріп еді, ұрып жібердім» деп жазғызды. Емле бойынша ор,үр,өр,ұр сөздерді
бір сөйлемге сыйғызған екен. Кейіннен өлеңдерін жаттап алу әдетіме айналды. Оған қызығып,
шіркін Мағжандай болар ма едім деген сезімде болатынмын», – деп тебіренеді.
Солтүстік Қазақсан облысы Есіл ауданының тумасы: «...Алғашқыда ол бізге тәкаппар
сияқты көрінген. Басын үнемі тік ұстайтын. Киім киісі ерекше. Үстінен бір қылау көрмейсің.
Ал сабақ беруде ол өзгелерге ұқсамайтын. Дауысының ашықтығы, тілінің жаттықтығы бірден
өзіне баурап алатын. Сабақты біздің түйсігімізге бірден жетсін дегендей жан-тәнімен беріле
жүргізетін. Не деген талант деп таңданатынбыз».
Зағипа Тінәлина:«Мағжан ағамызды бір көруге асығатынбыз. Жолын тосып, күтіп
алатынбыз. Оның айтқан
ақылының құлаққа қонымдылығы, сыпайы әңгімелесе білуі оған
деген сый-құрметімізді арттыра түсетін». (Ғаділше Қаһарманұлы «Жәжеке». Естеліктер мен
деректер.А., 2005).
Осындай білім, еңбек жолынан өткен ол елінің орыс, европалық
елдерінен көп артта
қалғанын көрді. Қазақ жастарын ілгері басуға шақырды. Ол алаш жұртын оқу оқып, білім алуға
шақырды.
1913 жылы Қазан қаласында жарыққа шыққан тұңғыш «Шолпан» атты жинағында содан
да болар ағартушылық өлеңдер орын алды. «Сорлы қазақ», «Өнер-білім қайтсе табылар»,
«Қазағым», «Ләззат қайда?» Аталмыш өлеңдері педагог Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар,
оқулығымен» орайлас. Ағартушылық сипаттағы шығармаларында балалар әдебиетін жасауға
ерекше көңіл бөлгені байқалады. «Балалық шақ», «Қарағым» т.б. өлеңдері осының айғағы.
Баланың құлағына жағымды «қарағымды» қолдана отырып, өз ойын сәби санасына ұялатады.
«Қарағымда»: «Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме...Алам
деп көктен жұлдыз қолын серме»,-деп түйіндейді. Оның өлеңдері тілге жеңіл, оқуға, жаттауға
ыңғайлы, әрі көркем әзіл түрінде өрбиді.
Тазалықты сақтай білу мен ұлттық ізгі дәстүрдің сақталу қажеттілігін ұғындырады. «Әдемі
қызда» ауыл бойжеткеніне тазалықты, «Жас келінде» әдеп пен инабаттылықты сақта дейді.
М.Жұмабаев ағарту ісіне үндеуші, насихатшы ретінде қатыспай, педагогикалық қызметті
қайраткерлік тірегінің негізгі саласы етіп қалап алған. Оның атқарған педагогикалық қызметі
мұғалім мамандығының қыр-сырына терең үңілуіне өз ықпалын қосқандығы аңғарылады.
Атап айтсақ, Халық ағарту ісінің Омбы облыстық кеңесі бюросының 1918 жылғы 12
қазандағы мәжілісінде бұратаналар бөлімінің жетекшісі ретінде Омбы мен Атбасар қалаларында
мұсылмандық педагогикалық курстар ашу туралы ұсынысы қабылданып, педкурс ашады. Өзі