«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
81
Съезд қабылдаған шешім-қарарлар хаттамасына оның төрағасы Жаһанша Досмұхамедов,
оның серіктестері (орынбасарлары) Ғ.Әлібеков пен А. Қалменов, хатшылары Т. Жетпісов пен
Х. Ахмеджановтар қол қойған [2,78б].
Орал облыстық қазақ сьезі 1917 жылғы көктем айларында өткен басқа облыстық және
уездік қазақ съездері сияқты қоғамдық-саяси өмірдегі елеулі оқиға болды.
Орал облыстық қазақ съезінің өзіне тән сипаты болды.
Олар:
Біріншіден делегаттар саны басқа облыстық съездерден көп болды.
Екіншіден, Орал
облыстық қазақ сьезінде қаралған мәселелер саны 23 болуы көкейтесті мәселелерді дұрыс шешуге
деген ұмтылысты көрсетеді.
Үшіншіден, аграрлық мәселеде батыл шешімдер қабылдады.
Қазақтарды өз ата-қоныс жерлеріне қайтадан қоныстандыруға әрекет етті.
Төртіншіден, Орал
сьезі облыстағы оқу – ағарту, мәдениет және шаруашылық-қаражат мәселелерін қарады, жалпы
білім бері негізінде орта мектептерді ұйымдастыру туралы айтылады.
Жаһаншаның осы съезде сөйлеген сөзінің басты мазмұны мынаған саяды. «Біздің
мақсатымыз – ел билеуді, халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы
уақытта тағдырын өз қолына алады.
Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз – біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз.
Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттар мен достық одақ жасап – араздасуға жол бермеуіміз
керек, өйткені ғасырлар бойы осы тағдыр мен тығыз байланысты.
Қазіргі желбіреген бостандықтың жасыл туы бәрімізді бірлікке, туысқандыққа шақырады.
Қазақ шаңырағы бәріне де пана бола бермек. Сондықтан, – деп жалғастырды төраға, – саяси
авантюристерден
жолды бөгейік, қан төгіске жол бермейік-жұрттың берекесі кетуге түптеп
себеп болған нәрсе қазақта бірліктің жоқтығы. Соған байланысты қазақты дұшпаны жекелеп
бір –біріне қарсы қойып қан қақсатқан. Бізге береке-бірлік әперетін тек әділдік. Қалың халықты
тонаушыларды, момынды жылатушыларды-серіктікке алмаймыз. Қазақты, басқа халықтарды
аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Қазақты елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын
білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға
тиістіміз», [5] дегенде цирктегілер түгел орындарынан тұрып қызу қол соғып қуаттады.
Жаһаншаның осы сөйлеген сөздерінен біз бүгінгі тәуелсіз егеменді елдігімізді аңсағанын,
оған жетудің жолдарын бір ғасырдай бұрын сезініп, бағытын белгілегенін және Төле би
айтқандай, ауызбірлікке, тұтастыққа елді шақырғанын көреміз. Халықты ұлтаралық бірлікке
шақырды. Осы жағынан алғанда ол ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше, ұлтын сүйген
ұлтжанды азамат екенін танытты.
Осындай тарихи оқиғаның арасында Жаһанша Досмұхамедовте көрініп,
өзін қайраткер
ретінде айқындай түсті. Елінің басқару жүйесі жөнінде, халқының болашақтағы тағдыры
жөнінде, өскелең жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесімен білім алу деңгейі жөнінде, елді халқын қорғау
үшін «Милиция құру» жөнінде өз пікірін халқы алдында айтып, халықты бірлікке шақыруы
бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің саясатымен үндесіп жатқанын көреміз.
1917 жылдың желтоқсанында Екінші Жалпықазақ сьезінен Орынбордан қайтып оралған
бойда Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға
кірісті. Осы мақсатта облыстық құрылтай өткізу белгіленді, оның орны болып Қаратөбе алынды,
өйткені қыс жағдайында жол қиындығы ескеріліп-Ойыл,
Маңғыстау, Үйшік, Ақтөбеден
келетіндер үшін Қызыл үйден көрі ыңғайлырақ деп ойластырылған болатын.
Осыдан кейін Орал өңірі қазақтарының ІҮ-інші облыстық съезі 1918 жылы 18 мамырда
Жымпиты (қазіргі Сырым ауданының орталығы) Орал қаласының оңтүстік-шығысында
орналасқан елді-мекенде өткізілді. Съездің ашылу сәтіне 300 делегат келіп үлгірсе, ол жұмыс
істеген үш күннің ішінде тағы 150-дей адам қосылды. Съездің күн тәртібінде 20 мәселе енгізілді,
оның соңғы төртеуі съездің барысында анықталды.
«Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің әкімшілік-территориясының құзырына Жайықтың
бұхара жақ бетіндегі Шыңғырлау, Бөрлі, Теректі, Ханкөл, Қосатар, Үйректікөл, Жезбұға,
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
82
Жымпиты, Сабындыкөл, Талды, Қаратөбе болыстары және Ойыл, Тайсойған өңіріндегі Қиыл,
Қарағанды, Құлынды, Жетікөл, Жекенді, 1-Ойыл, 2-Ойыл, Қазбек, Ақшатау,
Тайсойған,
Ақжал, Бестөбе, Қарашағыр, Жиренқұдық, Есбол, Кермеқас, Бұлан, Жарыпшыққан болыстары,
кейіннен 5 «қарашекпендер» (орыс, украин қоныстанушылары) болыстары енген. «Ойыл
уәлаяты» уақытша үкіметінің қарауына, кейбір зерттеушілер жазып жүргендей, Бөкей Ордасы,
Маңғыстау, Ақтөбе атырабы ол кезде кіре қойған жоқ [6].
Ә. Бөкейханов айтқандай Орал облысының зиялылары жаман жолға түсуі мүмкін емес еді.
Бұл кезде «Ойыл уәлаяты» үкіметі де өзін уақытша болса да толыққанды мемлекет ретінде
көршілестеріне танытуға бар әрекеттерін жасап жатқаны жөнінде айтып өтеді.
1918 жыл-Батыс өлкенің және Жалпықазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыру жолындағы
саяси күрес жылдары еді.
Достарыңызбен бөлісу: