Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


«Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері



Pdf көрінісі
бет55/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   225
Память во имя будущего

«Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері:
Жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады;
– Халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті;
– Ақша-финанс жүйесі жасалынды;
– Халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы 
болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды). Ол М. Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда 
қайраткерлерінің бірі. 
– Жер пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде көптеген қаулы-қарарлар 
қабылдады;
1918 жылы 11 қыркүйекте Уфа қаласында Әлихан Бөкейхановтың басшылық етуімен 
төтенше Алашорда уақытша үкіметінің отырысы өткізілді. Бұл отырысқа Алашорда уақытша 
үкіметінің мүшелері түгелдей қатысты. Отырыс барысында 1918 жылы 18 мамырда Жымпиты 
да құрылған Ойыл уәлаяты атты үкімет таратылып, оның орнына Алашорданың Батыс бөлімі 
атты үкімет құрылды. Осы жиналысқа төрағалық еткен Әлихан Бөкейханов оның мүшелері: 
У.Танашев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, А.Бірімжанов, А.Ермеков, М.Тынышбаевтар 
болды.
Негізгі тыңдалған мәселе жергілікті басқару территориясында Алаш автономиясын құру 
мәселесі еді. 
Осы негізде қабылданған қаулы: 
1) Алашорда үкіметі қазақ жеріндегі Алаш автономиясының бірден-бір басшылық ететін 
органы болып табылады.
2) Жергілікті басқару жүйесі – жергілікті және қалалық өзіндік басқару органы болып 
саналады және оны Алашорда комиссарлары бағыттап отырады.
3) Қалалық және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі негізгі заңға сай жүзеге асады. Бұл 
заңдылық 1917 жылы құрылған Алашорда атты үкіметтің шығарған заңдарына бағынады.
4) Облыстық уездік комиссарларды Алашорда уақытша үкіметінің 1917 жылы құрылған 
заңнамалары негізінде сайланады.
5) елде соғыс жүріп жатқандықтан және жол қатынастарының қиындықтарын ескере 
отырып, Алашорданың Батыс бөлімін құру қажет деп табылды. Оған, Бөкей Орда, Ойыл 
уәлаяты, Маңғышлық уезі, Каспийдің арғы жағы облыстары, Ақтөбе және Торғай облысының 
Қырғыз уездері енді.
6) Алашорданың бөлімдері автономиялық бөліктерге бөлінуге байланысты маңызды 
сұрақтарды және бұйрықтарды Алашорда үкіметінен алып, орындап отыруға негізделген.
7) Жергілікті және қалалық басқару қатынастарында Алашорданың Батыс бөлімі негізгі 
алашорда үкіметінің қызметтерін атқара алады.
8) Территориялық комиссарлар жергілікті басқару органдарына бағынышты.
9) Төтенше жағдайлар туған сәтте, Алашорда үкіметінен тыс, негізгі мақсаттарға сай Батыс 
Алашорда бөлімі өз шешімдерін жүзеге асыра алады.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
83
10) Батыс Алашорда мүшелері: Б.Құлманов (Бөкей Алашордасының мүшесі), 
Х.Досмұхамедов (Орал облысы Құрылтай жиналысының мүшесі), И.Тұрмұханбедов (Түркістан 
Құрылтай жиналысының мүшесі).
11) Батыс Алашорда үкіметінің мүшелігіне ұлты қазақ емес, жергілікті халықтан екі адам, 
халықтық сайлау негізінде үкімет құрамына енгізілді. 
12) Батыс Алашорда үкіметінің орталығы, бұрынғы Ойыл уәлаятының орталығы болған 
Жымпиты қаласы деп белгіленді.
Батыс Алашорданың Ж. Досмұхамедов басшылық еткен үкіметінің атқарған істері, 1919 
жылы 20 желтоқсанда халықтық ұйымдар мен қызметкерлер Кеңесінде қорытындыланды, онда 
былай делінген:
1.Қазақ жұртының өзін-өзі билеу құқығы іске асырылды.
2.Азамат соғысы жағдайында бірімен бірі қырқысып жатқан екі саяси ағым арасында 
белсенді іс атқарылып, қазақ халқын бүліншілік пен тонаудан сақтады. 
Бұл екі міндетті атқаруда Батыс Алашорда басшылары әртүрлі саясат ұстануға мәжбүр 
болды. Ол сол кездегі саяси жағдай талабынан туындаған болатын. 
Алашорданың Батыс бөлімінің таратылу хаттамасы 5 наурыз 1920 жылмен белгіленеді.
Бұл хаттама Қазақстан Республикасының Орталық архив қорында сақталған [4, 96 б.]. Хаттама 
негізінде осы отырысқа Пестковский, Айтиев, Алибеков, Аргынчиев және Бегимбетовтар 
қатысқан. Төрағасы Пестковский, хатшысы Айтиев болған. Тыңдалған негізгі мәселе, 
Алашорданың Батыс бөлімінің таратылуы туралы болды. Негізгі баяндамашы Ревком мүшесі 
Бегимбетов, Орал облысынан келіссөздер жүргізуге жіберілгендігі жөнінде айтылады. 
Алашорданың Батыс бөлімі өз еріктерімен Кеңес өкіметін мойындауға келісім береді. Осы 
отырыста Алашорданың Батыс бөлімінің Азамат соғысы жылдарындағы атқарған істері
ескеріліп, жергілікті халықтарға жасалған көмектері және Кеңес өкіметін өз еріктерімен 
мойындағаны туралы әңгімеленеді. Дейтұрғанмен, Алашорданың Батыс бөлімінің 
жетекшілерін, елдегі жағдайдың толық қалыпқа түскенге дейін, қалың халықтың ортасынан 
оқшауланатындығы туралы шешім қабылдайды. Оларды алғашында Орынборға кейіннен 
Москваға және басқа да орталық губернияларға жіберу туралы шешім қабылданады. Олар:
1) Ж.Досмұхамедов, 2) Х.Досмұхамедов, 3) И.Қашқынбаев, 4) К.Жаленов, 5) Б.Атшыбаевтар.
Алашорда мүшелерінің сырттан әкелген және өздері қолданған заттары олардан алынды 
және ревком шешім шығарғанша қайтарылмайтындығы айтылды.
№ 253, 21 қаңтардағы Ревкомның шешімімен Алашорда мүшелеріне ешқандай күш 
көрсетуге болмайтындығы туралы айтылған [4, 188 б]. 
Алашорданың Батыс бөлімінің қайраткерлерін әзірше басқа жұмысқа тағайындауды 
кешуілдетіндігі туралы айтылды. Осылайша, Батыс Алашорда үкіметі таратылады [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет