Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет62/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Әбжанов Х. «Алаш ұлықтаған ұлттық идея» // Егемен Қазақстан; 2008 ж. №174 (13 
маусым).
2. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1995. 
3. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы, 1998. – 135 б.
4. Сейдімбек А. Ұлттық идея // Қазақ әдебиеті. – №33. 15.08.2003 ж.
5. Айталы А. Ұлттық идея. – Алматы, 2006. 
6. Арын Р. Новая национальная идея – путь к стабильности Казахстана // Вестник КазГУ, 
Серия политология. 1999. – №2. б. 
7. Ғабитов Т. Қазақ мәдениетінің типологиясы. – Алматы, 1998. – 194 б.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
95
II-СЕКЦИЯ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН, АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕР 
АУДАРУ КЕЗЕҢІН ТАРИХИ ТАЛДАУ ТӘЖІРИБЕСІ
__________________________________________________________________
ОПЫТ ИСТОРИЧЕСКОГО АНАЛИЗА ПЕРИОДА РЕПРЕССИЙ
ГОЛОДА И ДЕПОРТАЦИЙ В КАЗАХСТАНЕ
КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСІ
(ХХ ғ. 30 ж.)
Ж.Р. Абишова,
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің,
аға оқытушысы, тарих ғ.к.
А.Ж. Азирбекова,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы,тарих магистрі
Қызылорда қ., Қазақстан
31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси 
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл дата 
Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың 
салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап 
шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы 
ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары, ғалымдар мен саясат саласының 
қайраткерлері және дін өкілдері де болды. 
Сондықтан мамырдың 31 күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде қуғын-сүргін құрбандарының 
ұрпақтарымен кездесулер өтіп, түрлі іс-шаралар болып отырады. Тәуелсіздік алғаннан кейін 
1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы қабылданды. Содан бері 20 мыңнан астам мұрағаттық қылмыстық іс-
зерттелінген көрінеді.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихындағы аса бір қиын кезең болғаны 
белгілі. Большевиктер партиясының отаршылдық саясаты қазақ халқының өзіне тән ерекшелігін 
ескермей, Ресейде болған шараларды қайталап, елде жаппай қирату мен бүлдіру жұмыстарын 
жүргізді. Кеңестік билік өздерінің идеологиясын қазақ ауылында енгізуге кедергі жасайтын 
бірден бір күш – ислам діні деп есептегені де құпия емес еді. Сондықтан да ислам идеологиясы 
өкілдерінің көзін жою – кеңес өкіметі саясатының басты бағыттарының бірі болды. 
1918 жылдың 23 қаңтарында Халық Комиссарлар Кеңесі «мемлекетті шіркеуден бөлу 
туралы» декрет қабылдады [1, 237 б]. Іле-шала большевиктер осы декретті жүзеге асыруды тез 
арада қолға алуға бар күштерін салды. Бірақ та бұл декретті жүзеге асыруда қиындық туғызған 
мәселе – ең бірінші кезекте жергілікті жерлерде дайындықтан өткен қызметкерлер мен арнайы 
органдардың болмауы еді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Кеңес өкіметі декретті жүзеге 
асыруды өз қызметіне алатын арнайы мемлекеттік басқарма органын құруды жоспарлады. Ал 
1918 жылдың мамыр айында Халық Комиссарлар Кеңесі декретті жүзеге асыру үшін Заң Халық 
Коммиссариаты жанынан арнайы «VIII-ші бөлімді» құрды. 
1917-1919 жылдардағы Кеңес өкіметі Қазақстанның территориясында исламға қатысты 
саясатын әлі де белсенді түрде жүргізе алмады. Мұның бірнеше себептері болды. Олар елдегі 
тұрақсыздық, азамат соғысы, өлкенің бір бөлігінің Алаш автономиясының және кеңеске қарсы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет