Саптық жаттығуларды үйретуде
оқытушының жекелей көрсетуі үлкен
маңызға ие.
Саптық жаттығуларды орындауға бұйрық берілгенде
негізгі қалыпта
тұру керек (еркін, қолды белбеуге немесе артқа қойып тұруға болмайды).
Саптық әдістерді
үлгілі көрсету керек.
«Жеңілден қиынға қарай» негізгі дактикалық қағидатқа сай орында тұрып
жасалатын саптық қимылдарды үйренуден бастау керек.
Саптық жаттығулар бұйрықтарының беру ережесі.
Саптық жаттығуларды орындауға берілетін
бұйрықтар екі бөлімге
бөлінеді (
дайындалу және орындау) және олардың арасындағы
үзіліс (1
кесте).
Бұйрықтың алдыңғы
бөлімінде орындалатын қимылға сілтеме жасап,
жаттығушылардың назарын өзіне аударады, сонымен қатар
анық, қатты
дауыспен созыңқырап айтылады.
Содан соң үзіліс жасалады (1,5-2 сек.), үзіліс жаттығушылардың назарын
орындалатын қимылға аударады ( үзіліс ұзаққа
созылса сап қимыл жасауға
дайын еместігін білдіреді).
Бұйрықтың орындалушы бөлімі бөлініп,
жігерлене, талап етіліп
беріледі.
Бұйрық беру кезінде дауыс қаттылығы мен
алдыңғы және орындалатын
бөлімі арасындағы үзіліс
саптық көлеміне сай болу керек (саптағы
жаттығушылар саны артқан сауын алдыңғы бөлім мен үзілісті созыңқырап
беру керек)
1 кесте
Саптық
жаттығулар бұйрықтары
Дайындалу бөлім
Орындау бөлім
«Бір қатарға –
тұрыңдар!»
«Оң –
ға!»
«Адым –
да!»
«Сол жаққа айнала
адым–
да!»
«Сол
жаққа
үш
колоннамен –
бас!»
«Жүгіруді –
баста!»
«Жаттығуды –
баста!»
«Түзел!»
«Тік тұр!»
Сап құру және қайта сап құру
Сап құру мен
қайта сап құру кезінде бұйрық
беру мынандай реттілікті
сақтау керек:
1) сап атауы;
2) қимыл бағыты (айыру кезінде –аралық өлшемі);
3) орындалу тәсілі;
4) орындалушы бұйрық
Мысалы:
1) қозғалыс кезінде айналып қайта сап құру үшін бұйрық былай берілед
«Сол жаққа екіден (үш, төрт және т.б.) – БАС!»
2) аяқты қашып қосып ажырату кезінде мынандай бұйрық беріледі
«сол
(оң) жақтан, ортадан екі адым аяқты ашып және қосып - АЖЫРА!».
Достарыңызбен бөлісу: