19 сурет.
Арқанда тоқтап өрмелеу
Тұрып байлау(20 сурет).
Арқанды кез-келген жағынан бейімдеп, әдетте жоғарыдан ұсталатын қол
жағынан, 2-3 м. биіктікте қолды созып ілініп тұру.
Осыдан кейін шеңбер секілді қимылмен аяқпен орап, келесі аяқты
көтерiп
табанға қысу, аттас қолды бел деңгейінде ұстап қалып арқанды
келесі қолға әкелу; арқанды жіберіп қолды демалдыруға болады.
20 сурет.
Ілмек қалыппен байлау(21 сурет).
Ілмек қылып байлау: қолды
созып ілініп,
аяқты алға көтеру және,
арқанды жамбаспен қысып, бір қолды төмен түсіріп арқанды алу, иек
деңгейіндегі арқанмен қосып екінші қолды демалдыру үшін жіберу.
Арқанды екі аяқтың арасынан жіберіп, ілмек қылып байлауға болады.
21 сурет.
Сегіздікпен байлау(22 сурет).
Сегіздікпен байлау: қолды созып ілініп, аяқты алға көтеріп арқанды
қысу, бір қолды босатып, онымен төменнен
арқанды алып оны саннан
айналдырып төмен жіберу, қолды айырбастап ұстап,
арқанды төменнен
екінші қолмен алып, екінші аяқ санынан айналдырып екі аяқтың арасымен
төменге тастау.
Санға ілмек іліп отыру кезінде бір қолды жіберуге болады.