Объектілерді бекіту
1.Соңғы объектіге бекітілетін объектіні ерекшелеп алыңыз.
Бекіту нүктесі ерекшеленгенше курсорды
объект бойынша жылжытып
отырыңыз.
Бекіту нүктесі көрінбей қалғанша объектіні соңғы объектке жылжытыңыз.
Объектілерді бұру
1.Объектіні ерекшелеу
Окно → Окна настройки→ Преобразования → Поворот командасын
орындаңыз
Преобразование-дегі Относительно центра жалаушасын алып тастаңыз
Угол өрісінде бұру бұрышын көрсетіңіз.
Объектіні теріс қарату
Объектіні ерекшелеу
Окно → Окна настройки → Преобразования →
Масштаб командасын
орындаңыз
Преобразование-дегі келесі батырмалардың біреуін басыңыз:
Көлденеңінен теріс қарату – объектіні солдан оңға қаратады.
Тігінен теріс қарату – объектіні жоғарыдан төмен қаратады.
Объектілерді топтау
Бір немесе бірнеше объектілерді топтау уақытында бұл объектілер тұтас
қарастырылады. Топтастырылған объектілердің барлығына бірдей параметрлер
қолданылады. Объектілерді топтау үшін оларды
ерекшелеп, Упорядочить →
Сгруппировать командасын орындау керек. Объектіні топқа қосу үшін, Окно
→ Окна настройки → Диспетчер объектов командасын орындап, объект
атын топ атына алып бару керек.
PowerClip объектілерін құру
CorelDRAW-да векторлық объектілер
мен растрлық бейнелерді
орналастыруға болады. Мысалы, суреттерді басқа объектілердің немесе
контейнердің ішіне орналастыруға болады. Контейнер
ретінде кез-келген объект
алына береді. Мысалы фигуралық мәтін немесе тіктөртбұрыш. Өлшемі
контейнердің өлшемінен үлкен объект контейнерге кіргізілгенде, сол контейнердің
өлшемін қабылдайды. Ол контейнердің ішіндегі заты деп аталып, PowerClip
объектісі жасалады. PowerClip объектісін жасайтын объектілер:
фигуралық мәтін
және растрлық бейне.
Объектіні ерекшелеу керек.
Эффекты –PowerClip--Поместить в контейнер командасын орындау керек.
Контейнер ретінде қолданылатын объектіге шерту керек.
Достарыңызбен бөлісу: