Екінші кадр тәрізді үшінші кілттік кадр құрамыз. Доп бейнесіне тағы да бір
жұлдызша салып орналастырамыз.
246-сурет. Контекстік меню 247-сурет. Допқа жұлдызшаларды
орналастыру
Бірінен соң бірін әрбір жолы доп бейнесіне бір жұлдызшадан орналасатын 20
кілттік кадр құрамыз (248-сурет).
248-сурет. Уақыт шкаласындағы кілттік кадрлар бейнесі
Енді допты айналдырамыз. Доптың айналуы барысында жарықтың шағылуы
орнында қалуы үшін, барлық жұлдызшаларды топтастырамыз (Ол үшін
Shift
клавишін басып тұрып әрбір объектіні таңдап, Modify – Group командасын
орындаймыз). Айналу құбылысын құру үшін допта орналасқан объектілерге
айналу
қасиетін беру қажет, ал доп қозғалмай орнында қалады. Айналу
бірқалыпты болмау үшін бірінші кадрдан бастап ол шағын бұрышқа бұрылуы
тиіс, мысалы, 10о, келесі кадрда ол 30о, одан кейін 50о, тағы сол сияқты 190о-қа
жетуі тиіс.
Анимацияның 21-ші кадрын құрайық. Scale and Rotate (Масштабтау және
айналу, Масштабирование и вращение) командасын пайдаланамыз. Scale and
Rotate сұхбат терезесінде Scale параметрін өзгеріссіз қалдырып, Rotate
параметрінің өрісіне 10 мәнін енгіземіз. Жұлдызшалардың бейнесі сағат тілінің
бағыты бойынша 10о-қа бұрылады.
21-ші кадрда сұхбат
терезесін шақырып, тағы да 30 мәнін Rotate өрісіне
енгіземіз. Доп бейнесінде орналасқан объектілер тағы да 30о-қа бұрылады (249-
сурет). Әрбір келесі кадрда бұрылу бұрышын 20о-қа арттырамыз.
249-сурет. Масштаб және бұру терезесі
Осылайша біз тағы да 10 кадр қостық. Бір кадр үшін айналу бұрышының
жылдамдығы 190о. Бұл жылдам айналу құбылысын құру үшін жеткілікті (250-
сурет).
250-сурет
Енді фильмнің үшінші кезеңіне көшпес бұрын, жұлдызшалардың қозғалысы
жан жаққа тарап жатқандай әсер қалдыруы тиіс. Енді фильмді демонстрациялап
көрейік. Мұны да орындауға болады. Анимацияның бірінші кадрына көшеміз. Ол
үшін уақыт шкаласындағы бірінші кадрды белгілеу қажет. Control – Play
(Басқару- орындау, Управление - Пуск) командаларын орындаймыз. Ағымдағы
кадрдың көрсеткіші кадрлар бойынша жүгіріп өтеді. Ал жұмыс үстеліндегі
программа кадрлары бір-бірін алмастыра бастайды. Ағымдағы кадрдың көрсеткіші
соңғы кадрға жеткенде анимацияны демонстрациялау аяқталады.
Допта бейнеленген жұлдызшалар жан-жаққа ұшып бара жатқан әсер беру
үшін доптың шетіндегі орналасқан объектілер жан-жаққа қозғалуы тиіс, ал
доптың дәл ортасында орналасқан жұлдызшалар
көрерменнің өзіне бағыттала
қозғалуы тиіс. Бұл кезде доптан ұшқан объектілер қозғалысын тоқтатуы керек, ал
көрерменге тура қозғалыстағы объектілер өзінің айналуын сақтауы қажет. Ол
үшін доптың шетінде орналасқан объектілерді топтан ажыратуымыз керек. Modify
– Ungroop (Өзгерту –топтан шығару, Изменить - Разгруппировать) командасын
пайдаланып, оны топтан шығарып, қалғандарын қайтадан орталық объектілерді
топтастырамыз.
31-ші кілттік кадрды құрамыз. Доптың бейнесінен шеткі объектілерді
қашықтатып оорналастырамыз. Орталық
объектілер тобына қатысты
трансформацияны қолданып, өлшемін ұлғайтып, оның айналуын сақтаймыз. Тағы
да Scale and Rotate командасын пайдаланамыз. Scale параметрінің өрісіне 150%,
Rotate өрісіне 190 мәнін енгіземіз. Орталықтағы жұлдызшалар тобының өлшемі
ұлғаяды да, көрерменге жақындап келе жатқандай әсер береді (251- сурет).
251-сурет.
Доптағы объектілерді өшіру анимациясы үшін 5 кадрды пайдаланамыз.
Олардың әрқайсысында біз объектілерді қозғалтамыз, Scale and Rotate
командаларын пайдаланып басқа топтарды айналдырып, өлшемін ұлғайтамыз. 35-
ші кадрда шеткі объектілер кеңістікті жоғалтып үлгереді.
Орталық объектілердің
бейнесін өшіру қалады. Бұл көрермендердің жанынан ұшып өтіп кеткендей әсер
береді (252-сурет).
36-шы кілттік кадрды құрамыз. Барлық жұлдызшаларды өшіреміз. Кадрда
тек доп пен оның көлеңкесі қалады (253-сурет).
Кадрлық анимацияның жетістігі фильм құру барысында бейнені толық
бақылауға мүмкіндік бар. Ал, айтарлықтай кемшілігі мұндай анимацияның әрбір
кадрын қолмен құруға тура келеді.