Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет12/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   168
ӘНХ 2020 2021

 
 


18 

БІЛІМ 
БЕРУ 
ҰЙЫМДАРЫНДА 
ТӘРБИЕ 
ЖҰМЫСЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие 
процесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және 
құндылықтарға негізделіп ұйымдастырылады. 
Тәрбие процесін адамзаттың жинақтаған мәдениетін, ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушының жеке мәдениетіне, тұлғалық 
құндылығына айналдыру мақсатындағы оқушының өмір әрекетін ұйымдастыру 
деген ұғыммен тәрбие шаралары барлық ынталы тараптардың: отбасы, білім 
беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі 
тиіс. 
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы 
келесі құжаттар:
✓ «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы
https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/; 
✓ Қазақстан Республикасының Конституциясы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002; 
✓ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі
2011 жылғы 
26 желтоқсандағы №518-IV
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518; 
✓ 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат 
тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext; 
✓ «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 
2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt; 
✓ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 
жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt; 
✓ «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан 
қорғау туралы» ҚР Заңы
2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI 
https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt; 
✓ «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319  
✓ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы 
№988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және 
ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;  
✓ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері 
https://nao.kz/  
✓ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 
қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 
өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері
 
https://nao.kz/. 


19 
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі – педагогикалық 
тәжірибеге білім алушылардың академиялық білімін, негізгі біліктіліктері мен 
құзырлылықтарын қалыптастыруды, олардың оқуға деген ұмтылысын, оқу-
танымдық әрекетке қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін білім 
берудің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістері мен 
технологияларын ендіру.
✓ Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін 
демократизациялауға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие 
жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс
✓ Мектептерде дебаттық қозғалысты қайта жаңғырту қажет. 
Дебат – тек қана зияткерлік рөлдік ойын емес, бұл бар білімді қолдану 
біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады 
және болашақта өзін-өзі табысты іске асырудың кепілі болатын нағыз білім 
беру технологиясы 
✓ Елімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы 
басталды. Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және 
заманауи қоғамда коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудағы базалық 
дағдылардың бірі 
Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен әмбебап 
құзырлылықтарын қалыптастыруға қол жеткізетін бағыттардың бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет