22
Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша
зерттеу мәселесіне айрықша назар аудару маңызды.
Мектеп пен ата-аналар балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бас
тарту мәдениетіне тәрбиелеуі керек.
Инклюзивті мәдениет әртүрлілікті құрметтеу
және айырмашылықтарға
төзімділік құндылықтарын қабылдауды қамтиды.
Білім алушылардың, педагогтердің, ата-аналардың және жалпы қоғамның
инклюзивті мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстың неғұрлым тиімді
нысандары әртүрлі көрнекіліктерді міндетті түрде көрсете отырып, форумдар,
арнайы семинарлар, жиналыстар ұйымдастыру, оның ішінде ерекше білім беруге
қажеттілігі бар табысты адамдар (Серік Есматов, Шахан Жолдасбаев, Зульфия
Раухатовна – «Қазақстанның 100 жаңа есімі»
жобасының кейіпкерлері, Пабло
Пинед, Ника Вуйчиче, Стивен Хокинг және т .б.) туралы презентациялар болып
табылады.
Инклюзивті мәдениетті инклюзивті білім берудің табысты іске асыру
факторы ретінде ғана емес, сонымен қатар ерекше білім беруге қажеттіліктері
бар тұлғалардың әлеуметтенуіне және жалпы қоғамның
тұтастай өзгеруінің
негізі ретінде қарау керек.
Тәрбие жұмысын осы бағытта сәтті ұйымдастыру үшін білім беру
ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік
ұсынымдарды және https://www.nao.kz. сайтында орналастырылған «Ұлттың
алтын қоры» - «100 жаңа есім» кейіпкерлері жобасын пайдаланыңыз.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психикалық денсаулығы мен
өмірлік дағдыларын қалыптастыруға мектептердегі
зорлық-зомбылыққа ден
қоюдың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын
алуға ерекше назар аудару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: