277
бұқаралық және танымал бағыт. Республикада балалардың қатысуымен көркем
шеберлік байқаулар, көрмелер, пленэрлер өткізу жалғасуда.
Балалар музыка мектептері балалардың бойында көркемдік-эстетикалық
құндылықтарды тұтынушылардың қасиеттерін тәрбиелейтін музыкалық-
эстетикалық даму, мәдени-ағартушылық және мәдени-тынығу функциясының
білім беру бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның
ішінде баланың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты бірқатар міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді. Мектеп мұражайлары,
әскери-патриоттық клубтар,
аула клубтары, демалыс орталықтары, балалар лагерлерінің әртүрлі түрлері,
балалар қоғамдық ұйымдары, педагогикалық отрядтар педагогтерге патриоттық
тәрбиені қамтамасыз етуге, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, салауатты өмір
салты
дағдыларын дарытуға, бос уақыты мен белсенді демалысын
ұйымдастыруға көмектеседі.
Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды
анықтау, оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда,
жарыстарда және басқа да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын
дарыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында
мектепішілік, аудандық (қалалық)
және облыстық деңгейлерде балалар арасында республикалық іс-шаралардың
өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу ұсынылады
:
1) дебат клубтарын құруды көздейтін
«Оқушылардың дебат қозғалысы»
жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде оқушылардың дебат
турнирі. Дебат қозғалысына қатысу мектеп оқушыларын ел өміріне белсенді
қатысуға, пайдалы бастамалардың бастамашысы бола отырып,
барлық
оқиғаларға үн қатуға, елдің болашағын құруға ұмтылудағы өзінің азаматтық
ұстанымын айқындауға үйретеді;
2)
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауы
«Драмалық спектакль»; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет,
данс-спектакль және т.б.); «Әдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ
спектаклі»
номинациялары бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, балаларды театр
өнері әлеміне тартуға, тұлғаның мәдени және рухани әлеуетін дамытуға
бағытталған
«Балалар және театр» ағартушылық жобасы іске асырылуда.
Жоба аясында оқушылар Жас ұрпақтың
адамгершілік мәдениетін
қалыптастырудың ресурсы, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік
талғамды
қалыптастырудың
қуатты
құралы,
эстетикалық
дамыған,
шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу механизмі болып табылатын театрларға
барады;
Достарыңызбен бөлісу: