Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет150/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   168
ӘНХ 2020 2021

3) «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру 
жобасы шеңберіндегі республикалық іс-шаралар: 
- Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды 
анықтау, оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда, 
жарыстарда және басқа да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын 
дарыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) 


278 
және облыстық деңгейлерде балалар арасында республикалық іс-шаралардың 
өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу ұсынылады
1) дебат клубтарын құруды көздейтін «Оқушылардың дебат қозғалысы» 
жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде оқушылардың дебат 
турнирі
4) «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат 
зерттеушілерінің форумы мына номинациялар бойынша өткізіледі: «Туған 
өлкенің тарихы» зерттеу жобаларының байқауы, «Жасыл экономика», 
«Денсаулық және қоршаған орта»; «Экоболашақ» экологиялық жұмыс туралы 
бейнероликтер; «Жасыл оазис» экодизайнерлер байқауы; «Жеңіс мамыры» 
панно немесе коллаждар байқауы;
5) 
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар 
шығармашылығының көрме-байқауының номинациялары: тоқыма бұйымдарын 
дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ құрау; ағашты, сүйекті, теріні 
көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан 
жасалған бұйымдар; бедерлеу (сүйектен, металдан, ағаштан); әйнекті көркемдеп 
өңдеу: витраж; металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын пішінді мүсін, 
нақыштау, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабаннан, ағаштан, 
тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау; ұлттық ою-өрнек элементтерімен 
халық киімінің үлгісін жасау; қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, 
квиллинг, папье-маше;
6) «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» техникалық құрастыру 
саласы бойынша инновациялық идеялар байқауы
- қолданыстағы автокөлік модельдері (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, 
арнайы техника, жол талғамайтын көліктер және эксперименттік модельдер);
- өнеркәсіп (техникалық ойыншықтарды, оның ішінде дәстүрлі емес 
материалдардан 
жасалған 
станок 
жабдықтары, 
әртүрлі 
техникалық 
объектілердің модельдері және эксперименттік модельдерді қоса алғанда);
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары (тракторлар, 
комбайндар, сепкіштер, тиегіштер, іріктегіштер, шөмелегіштер, ауыл 
шаруашылығы кешендерінің модельдері, эксперименттік модельдер және т.б.); 
- әскери техника (танктер, зеңбіректер, бронетранспортерлер, әуе 
шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының модельдері, тапаншалар, автоматтар, 
мылтықтардан басқа және т.б. эксперименттік модельдер);
- су көлігі (әуе кемелерінің модельдері, кемелер, яхталар, гидропландар, 
катерлер, қайықтар, эксперименттік модельдер және т.б.);
- құрылыс (тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, 
спорт ғимараттары, вокзалдар, порттар, әуеайлақтары, сауда орталықтары және 
т.б. макеттері);
- жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика (ядролық 
энергетика және жылу физикасы; баламалы және көміртекті емес энергетика; 
энергия үнемдейтін технологиялар; отынды өндіру және қайта өңдеу; 
радиоактивті қалдықтарды жою және көму технологиясы және т.б.); 
- авиация: авиация техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен 


279 
модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, экраноплан, 
гидроұшақ, амфибиялар және т.б.);
- космонавтика және аэроғарыш техникасы: ғарыш техникасын әзірлеу 
саласындағы жобалар мен модельдер (зымыран жүйелері, ғарыш станциялары, 
спутниктер, аппараттар және т.б.), ракета құрылысы (ғарыш кемелері
зымырандар және ілеспелі техника); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет