280
дамыту, отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту;
- «Медиажоба» – балалардың ақпараттық кеңістігін дамыту, әлеуметтік
бағдарланған сайттарды,
интернет-ресурстарды құру, білім беру, кәсіби
бағдарды жобалау және т.б.;
- «Менің кіші Отаным» – руханилықтың жандануы, адамгершілікті
тұлғаны және өз елінің патриотын қалыптастыру, «кіші Отанның» өткені мен
бүгінін зерттеу;
- «Қазақстанның жеті кереметі» – туған жердің табиғи, тарихи және мәдени
игілігі – сәулет құрылыстары мен тарихи ескерткіштері;
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» – Қазақстанның дамуына елеулі үлес
қосқан, өмір жолы мен табысы үлгі болатын нақты адамдардың мысалдарында
қоғамда
табыстылық идеяларын, бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын,
прагматизм мен білімге табынуды танымал ету және ақпараттық ілгерілету;
- «Жаңару полюсі» – мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, әр түрлі өнер
түрлері арқылы шығармашылық әлеуетті дамыту;
- «Киіз үй – әлемнің үлгісі» – балаларды қазақстандық қоғамның
жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу;
14) «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойын финалының номинациялары:
- «Соғыс жаңғырығы!» қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы,
олардың ерліктері туралы; «Тарихи мұра» заттай және құжаттық ескерткіштер
бойынша қол жетімді туған өлке тарихы туралы тарихи-іздестіру зерттеу
жобаларын қорғау;
- еліміздің және кіші Отанымыздың қалыптасу тарихына өз үлесін қосқан
адамдар мен оқиғалар туралы «Жауынгерлік парақ» қабырға газеттерінің
байқауы;
- «Соғыс жылдарындағы әндер!» патриоттық әндер байқауы;
- «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторина;
- белтемірге тартылу;
- арқада
жатып денені көтеру;
- «әскери техника өз қолдарымен» сәндік-қолданбалы өнер байқауы.
15) «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы жас суретшілердің
көрмесін өткізуді қарастырады, номинациялары: классикалық кескіндеме,
авангардтық және эксперименттік кескіндеме, «Менің Отаным – Қазақстан»
(еркін тақырып), сондай-ақ, жас суретшілер байқауының номинациялары:
«Коллаж
»,
«Бояулар құпиясы», «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы».
Республикалық іс-шаралар қосымша білім берудің түрлері мен бағыттарын
танымал етуге, қосымша білім беруге балаларды жаппай тартуға ықпал етеді.
Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын
іске асыратын
ұйымдарды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Республикалық
қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының www.ziyatker.org сайты
жұмыс істейді. Сайтта «Электронды кітапхана», педагогтерге арналған
«Қосымша білім және тәрбие»
республикалық оқу-әдістемелік журналы»,
«Әдістемелік вернисаж», «Экоәлем» и «Темірқазық» балалар танымдық
журналдары», «Республикалық курстар», «Республикалық іс-шаралар»
281
бөлімдері жұмыс істейді. «Электронды кітапхана» бөлімінде білім беру
бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдар, бейнесабақтар, «Әдістемелік
вернисаж» – қосымша білім беру педагогтерінің
тәжірибесі жинақталып
орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: