Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Қосымша білім беруде балалардың қызметін бағалаудың  классикалық жүйесі қарастырылмаған



Pdf көрінісі
бет152/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   168
ӘНХ 2020 2021

 
Қосымша білім беруде балалардың қызметін бағалаудың 
классикалық жүйесі қарастырылмаған.  
Балалардың шығармашылық бастамасының болуы және даму дәрежесі, 
түрлі байқауларға, фестивальдерге, көрмелер мен жарыстарға қатысуы және 
жетістіктері, балалардың ерте кәсіби бағдарлануы, танымдық белсенділік 
деңгейі, басталған істі соңына дейін жеткізе білуі білім алушы нәтижелілігінің 
көрсеткіштері болып табылады.
Тең түпнұсқалы бағалау нысаны ретінде жинақтаушы бағалау әдістемесі 
немесе білім алушылардың жеке білім жетістіктерін тиімді мониторингілеуді 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін портфолио технологиясы ұсынылады.
Сабақтан тыс жұмыстарды пән педагогтері, сынып жетекшілері, 
тәрбиешілер, ұйымдастырушы-педагогтер, қосымша білім беру педагогтері, 
бейіні (инженер, эколог, музыкант, хореограф және т.б.) бойынша мамандар 
жүзеге асырады. 
Үлкен ресурстық әлеуеті – кеңейтілген штаты бар мектептен тыс қосымша 
білім беру ұйымдарының педагогтері икемді кесте бойынша қызығушылықтар 
бойынша сабақтарды қашықтан, педагогтердің мектепке шығуы, балалардың 
мектептен тыс ұйымға шығуы арқылы өткізеді. 


282 
9 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
2021-2022 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11-сыныптарда 
жүзеге асырылады. 
Критериалды бағалау білім алушылардың өз оқу іс-әрекетін бақылауға 
және кең ауқымдағы дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту процесінде 
туындайтын қиындықтардың себептерін белгілеуге және жоюға мүмкіндік 
береді.
Әрбір сабақта білім алушыларды уақытылы қолдау, оқудағы ілгерілеу 
мақсатында бағалау элементтерін пайдалану, ата-аналарды оқыту нәтижелері 
бойынша хабардар ету ұсынылады. Бағалау балаларды оқуға ынталандыруға, 
білімдегі олқылықтарды анықтауға және олардың оқу жетістіктерін көрсетуге 
бағытталған. 
Критериалды бағалау білім алушылардың дадысының даму деңгейін 
бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір сабақ оқу мақсатын және оларға қол жеткізу 
критерийлерін айтып/көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу 
мақсатын ұғынуы керек және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек. 
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін 
нақты анықталған, алдын ала белгілі өлшемдермен салыстыруға негізделген, оқу 
материалының қаншалықты табысты игерілгендігін, практикалық дағды 
қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагог, ата-аналар және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген 
нормативтік құқықтық актілерге және әдістемелік материалдарға сәйкес 
бағалауды жүргізуі тиіс: 
- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және 
қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен 
толықтыруларға сәйкес);
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды 
бағалау және құжаттау процедуралары бойынша нұсқаулық;
- Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша 
басшылық; 
- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды 
бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша формативті бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша жиынтық бағалау бойынша 


283 
тапсырмалар жинағы; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша формативті бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
Әдістемелік әзірлемелерді мына сайттардан табуға болады: nao.kz, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет