КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды
дамытудың
2020-2025
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасының мақсаты Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
тұлғаны тәрбиелеу және оқыту деп белгіленген.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыстың негізгі бағыттары:
✓ қалалық және ауылдық мектептердегі білім берудің сапасы және білім
алушылардың білім сапасы арасындағы алшақтықты қысқарту;
✓ оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;
✓ үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және
білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін
енгізу;
✓ оқытудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
✓ білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық
дамуын қамтамасыз ету;
✓ білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі
заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру болып
табылады.
Қазіргі уақытта қоғамның білім беруге деген сұранысы «білімді, құзырлы,
шығармашыл, өзін-өзі және қоғамды дамытуға қабілетті елжанды тұлға
қалыптастыру». Үздіксіз, өмір бойы білім алу өмір талабына айналды.
Бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырған,
кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылық пен бәсекеге
қабілеттілікті көрсете алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы
мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру – әрбір білім беру ұйымының
міндеті.
Әдістемелік нұсқау хатта 2021-2022 оқу жылында Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: |