29
қимылы бойынша әдістемелік ұсынымдарды (https://www.nao.kz) пайдалану
ұсынылады.
Оқушылардың экономикалық тәрбиесі олардың жеке мүмкіндіктерін
ашуға бағытталған,
атап айтқанда, үнемділік, тапқырлық, қоршаған ортаға
ұқыпты қарау және «Көркем еңбек», география, математика, физика, биология
және химия, кәсіпкерлік және кәсіп негіздері сияқты оқу пәндерін оқу арқылы
жүзеге асырылады.
Прагматизмді өмір салты ретінде білім алушылардың құндылық бағдары
жүйесіне енгізу, қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану мен бөлуді
қалыптастыру мақсатында
«Үнем – қоғам қуаты» жобасы іске асырылуда. Бұл
жобаның міндеті мінез-құлық
трендтерін қалыптастыру, прагматикалық
дағдыларға, тайм-менеджментке, қаржы ресурстарын сақтау және ұтымды
әдеттерді дамыту мәселелері бойынша сыни ойлауға үйрету болып табылады.
Экономикалық тәрбиенің арқасында оқушылар экономика, экономикалық
қатынастардың дамуы туралы идеялар мен түсініктерді
меңгереді, нарықтық
ортада бағдарлай алады және өз қызметін экономикалық тұрғыдан тиімді жүзеге
асыра алады. Сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық сананы тәрбиелеудің
негізгі құралдары мен формаларын: тақырыптық сынып сағаттары,
экскурсиялар,
пікірталастар, рөлдік ойындар және т.б. қолдану. Мысалы,
«Іскерлік қарым-қатынас этикасы» сынып сағаттары; «Жарнама жасау өнері»,
кәсіпорындарға экскурсиялар, «ХХІ ғасыр менеджері», «Бастаушы көшбасшы
нені білуі керек?»; «Кәсіпорындардағы қақтығыс жағдайларын шешу»
рөлдік
ойыны және т.б.
Экономикалық тәрбие – экономикалық ойлауды дамытуды, экономикалық
қызметте қалыптасатын адамгершілік және іскерлік қасиеттерді:
қоғамдық
белсенділікті, іскерлікті, бастамашылдықты қалыптастыруды; қоғамдық
игілікке, шаруашылыққа ұқыпты, адал қатынасты; технологиялық процестер мен
жабдықтарды жаңартуды, жоғары сапаны, жеке табыс пен игілікті қамтамасыз
етуі тиіс.
Білім беру ұйымдарында бекітілген тақырып негізінде айына бір рет 1-11-сыныптар
аралығында экология бойынша сынып сағаттарын өткізу тәжірибесі өзекті болып қала
береді.
Достарыңызбен бөлісу: