Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


https://www.ziyatker.org/debatnoedvizheny)



Pdf көрінісі
бет25/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   168
ӘНХ 2020 2021

https://www.ziyatker.org/debatnoedvizheny). 


32 
Ақпараттық мәдениет мақсатында білім алушыларға интернет-кеңістікте 
өзін-өзі ұстау мәдениетін: қарым-қатынас мәдениетін, өз ойын білдіруді, 
әңгімелесушінің пікірін құрметтеуді, этикалық нормаларды сақтауды 
дағдыландыру маңызды. Оқушылардың өзін-өзі басқару аясында балалар мен 
жасөспірімдердің 
интернет-тәртібі 
мен 
қарым-қатынасы 
мәселелерін 
қарастыруды тәжірибе жүзінде қолдану аса құнды. Отбасы мен мектептің 
ынтымақтастығы «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін 
ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 
шілдедегі №169-VI Заңы аясында зорлық-зомбылықты, суицидті насихаттайтын 
интернет желісіндегі белгілі бір сайттарға балалардың қол жеткізуін бақылауды 
қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. 
Жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының жоспарына 
кибермәдениет және кибергигиена, оның ішінде білім алушылардың кибер 
қауіпсіздігі және ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды қосу қажет. 
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім алушыларды мектеп 
қабырғасынан бастап хакерлердің желілік шабуылдарынан қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дағдыларды үйрететін киберқауіпсіздікке 
оқыту керек. Киберқауіпсіздік, кибергигиена, кибермәдениет мәселелері 
бойынша мектепте оқыту семинарларын ұйымдастыру үшін материалдарды 
келесі сайттардан табуға болады: 
✓ https://cybersecuritymonth.eu/press-campaign-toolbox/ecsm-
material/cybersecurity-spaces-workshops-on-cybersecurity-for-high-school-students 
(бұл сайтта «Ресурстар» бөлімінде пайдалы болатын құжаттар бар); 
✓ https://www.mcafee.com/blogs/consumer/importance-cybersecurity-lessons-
schools/; 
✓ https://eu-acerforeducation.acer.com/education-trends/cybersecurity-how-
to-teach-students-to-use-internet-responsibly/; 
✓ https://www.youtube.com/watch?v=ULGILG-ZhO0 (ағылшын тіліндегі 
бейнелер барлық негізгі қағидаларды түсіндіреді); 
https://www.edb.gov.hk/en/edu-system/primary-secondary/applicable-to-
primary-secondary/it-in-edu/information-security.html 
(Гонг Конгта мектеп 
оқушыларына арналған Киберқауіпсіздік бойынша PDF файлдары бар). 
8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен 
спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына 
жауапкершілікпен қараудың құндылығын қалыптастырады. 
Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, 
баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, 
қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалары желісін кеңейту және спорт 
түрлері бойынша мамандандырылған сыныптар мен спорт секцияларын ашу 
маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт 
лигаларын, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша оқушылар 
спартакиадасын дамыту және оқушыларды бұқаралық спорт түрлерімен 
қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. 


33 
Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі – білім алушыларды республикалық 
көпдеңгейлі балалар-жасөспірімдер турнирлері мен жарыстарына, халықаралық 
жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназиада) қатысуға белсенді 
тарту. 
Жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, нашақорлықтың
маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТВ-ның алдын алу және салауатты өмір 
салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу – тәрбие жұмысының 
ажырамас бөлігі. 
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін бұқаралық спорт түрлері 
(футбол, волейбол, баскетбол және т. б.) бойынша мектеп спорт лигасын 
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар қоры болып табылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет