Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


БЖБ үшін максималды балл 2-4-сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан



Pdf көрінісі
бет41/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   168
ӘНХ 2020 2021

БЖБ үшін максималды балл 2-4-сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан 
артық болмауы керек.
Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 
көрсетілген (14-кесте). 
14-кесте. «Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің 


59 
саны 
Сыныптар 
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 
рәсімдерінің саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
2-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
3-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
4-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
* Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі 
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым) 
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша оқыту үрдісін ұйымдастырудың 
ерекшеліктері және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ұсынымдар 
- 1-сынып білім алушыларына арналған ағылшын тілі бойынша оқу 
бағдарламасында тек А1 тілдік деңгейі бағытында жұмыс жасау көзделген. Ал 
А1 тілдік деңгейін білім алушылар бастауыш білім беру деңгейін (4-сыныпты) 
аяқтағанда толық меңгереді; 
- 1-сыныпта «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша оқу және жазу дағдыларын 
дамыту көзделмейді. «Оқылым» бөлімі бойынша оқу мақсаттары таныс сөздер 
мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталады; 
- 1-4-сынып білім алушыларына шетел (ағылшын) тілін белсенді ойындар, 
әндер, өлеңдер, қарапайым жобалық жұмыстар сияқты түрлі тәсілдер арқылы 
меңгерту ұсынылады; 
- оқу процесі оқылатын (ағылшын) тілде жүргізіледі, бірақ қажет болған 
жағдайда педагог жаңа сабақты немесе күрделі нұсқауларды түсіндіру кезінде 
білім алушының ана тілін қолдана алады; 
- коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі – білім
алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы. Тілді меңгерудің бастапқы 
кезеңінде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, 
қателерді түзету барысында мұғалімге білім алушының сабаққа деген ынтасын 
түсіріп алмауды көздеу ұсынылады; 
- сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздерді, фразаларды 
және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушыларға сөздер мен 
фразаларды тиімді есте сақтауға және тапсырмаларды орындау барысында 
оларды тануына мүмкіндік береді; 
- мұғалімнің өз сөзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын 
және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және 
анық айтуы керек; 
- мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды 
(суреттер, ойыншықтар, постерлер) белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың 
назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сөздерді меңгеру 
процесіне тартуға ықпал етеді; 
- қашықтықтан оқыту кезінде бастауыш білім беру деңгейінің білім 
алушыларының назарын шоғырландыру өте қиынға түсетіндіктен, мұғалімге 
бейнежазбаларды, суреттерді және анимацияларды көптеп қолдану ұсынылады; 


60 
Бастауыш білім беру деңгейінде қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді 
ұйымдастыру үшін ағылшын тілі мұғалімдері білім алушылардың ата-
аналарымен тығыз байланыс орнатуы керек. Ағылшын тілі мұғалімдеріне ата-
аналарды білім беру үрдісін ұйымдастыруда «серіктес» ретінде қарастыру 
ұсынылады және де бірінші кезекте мұғалімдер ата-аналарға қашықтықтан 
оқытудың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, сабақ барысында орындалатын іс-
әрекеттердің әрбір қадамы сипатталған нұсқаулық немесе жоспар әзірлеп отыру 
ұсынылады.
Нұсқаулықта (технологиялық карта) сабақ барысында мұғалімнің, ата-
ананың, білім алушының орындайтын іс әрекеттері анық жазылуы керек (15-
кесте). Нұсқаулықты әзірлеу барысында ағылшын тілі мұғалімдері білім 
алушылардың мүмкіндіктерін, білім алушы отбасының әлеуетін және 
мүмкіншіліктерін ескеруі қажет.
15-кесте. Білім алушылардың ата-аналарына арналған нұсқаулықтың үлгісі 
Сабақтың 
кезеңдері 
Ресурс 
(презентация, 
бейнежазба, 
анимация, 
оқулық) және 
оған сілтеме 
Мұғалімнің 
іс-
әрекеті 
Ата-ананың 
іс- 
әрекеті 
Білім 
алушының іс-
әрекеті 

Жаңа 
тақырыппен 
таныстыру 
Презентация. 
2- слайд. 
Сұрақтар қояды: 
-Boys and girls look 
at 
the 
picture, 
please. 
What is it?
-Yes, you are right. 
This is a school. 
Иә, 
дұрыс 
айтасыңдар. Бұл 
мектеп.
Қажет 
болған 
жағдайда 
сұрақтарды 
қайталайды: 
-Boys and girls look 
at 
the 
picture, 
please. 
What is it?
Балалар, суретке 
қарайықшы. 
Суретте 
не 
көрсетілген? 
-Yes, you are right. 
This is a school. 
Иә, 
дұрыс 
айтасыңдар. Бұл 
мектеп. 
Білім 
алушылардың 
сұрақтарға жауап 
беруін 
қадағалайды. 
Сұрақтарға 
жауап береді. 
Қажет болған 
жағдайда 
сұрақтарды 
қайталайды. 

Жаңа 
лексикамен 
таныстыру 
Презентация. 
3- слайд. 
Let’s learn the new 
words and phrases. 
What is this? – Бұл 
не? 
This is – бұл .. 
Оқушымен 
бірлесіп 
тапсырманы 
оқиды, 
оның 
сөздерді 
Сөздерді 
қайталайды 
және есінде 
сақтайды. 


61 
A school bag – 
мектеп сөмкесі. 
A book – кітап. 
A pen – қалам. 

pencil 
– 
қарындаш. 

rubber 
– 
өшіргіш. 
A ruler – сызғыш. 
Let’s repeat again, 
please. 
Қайталайық. 
қайталағанын 
қадағалайды. 
... 
Нұсқаулық негізінен ата-анаға бағытталғандықтан, мұғалім оны барынша 
түсінікті етіп әзірлеуі керек. Бұл жерде ескеретін жағдай, ата-ана ағылшын тілін 
меңгермеуі мүмкін, сондықтан да оларға қосымша сөздер мен сөйлемдердің 
аудармаларын беріп отыру қажет.
Қашықтықтан оқыту кезінде ағылшын тілі мұғалімдеріне білім беру 
үрдісін тиімді және нәтижелі ұйымдастыру үшін ата-аналармен кері байланыс 
орнату ұсынылады. 
Бастауыш мектепте білім алушылардың тілдік дағдылары үш тілде (қазақ 
тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) ортақ тақырыптарды оқу арқылы дамытылады. 
Үлгілік оқу бағдарламаларының ұзақ мерзімді жоспарларында пәнаралақ 
байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта кездеседі. Педагог ұзақ мерзімді 
жоспарды негізге ала отырып, тақырыптарды меңгеруге бөлінетін сабақ санын 
өзі жоспарлайды. 
Бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас 
ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, 
шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын таңдау 
педагогтің өз еркіне беріледі. 
Білім алушылардың бойында жеке тұлғалық қасиеттермен қатар
ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, Отансүйгіштік сезімін оятатын 
тапсырмалар үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарында 
көрсетілген барлық тақырыптарда қарастырылуы тиіс. 
«Ағылшын тілі» оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламалары білім 
алушылардың өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын, ұлттық 
бірегейлігін, азаматтығын, адамгершілік нормаларын және сөйлеу мәдениеті 
туралы білімін қалыптастыруға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет