Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет50/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   158
операциялық жуйелер

Алгоритм LRU (Least recently used — бәрінен көп 
пайдаланылмайтын парақ). Бұл алгоритмді қолданған кезде негізгіден 
қосымша жадыға барлық парақтар ішінен ең ұзақ пайдаланылмаған 
парақ ауысады. Осы алгоритмді жүзеге асыру үшін әр параққа жүгінген 
кезде уақыт белгісі қойылады. Бұл жағдайда операциялық жүйе уақыт 
белгісі ең ұзақ пайдаланылмаған парақты табу үшін барлық 
парақтарды сканерлеп шығуы қажет.
Бұл мәселе шешімінің баламалы нұсқасы уақыт мәндерінің 
белгіленуі бойынша сұрыпталған парақтар тізімі болуы мүмкін.
Алгоритм NRU (Not recently used — біраз уақыт пайдаланылмаған 
парақ). Бұл алгоритм LRU алгоритміне өте ұқсас, бірақ аз шығынды 
қажет етеді. Жадының әр парағы арнайы битпен қамтылған, ол параққа 


68
 
жүгіну болған жағдайда 1 мәніне ие болады. Қандай да белгілі уақыт 
сайын операциялық жүйе барлық парақтарды осы битті 0 лақтырып 
отырады. 0 мәніне ие биті бар ір парақ негізгі жадыда орын босату 
үшін қосымша жадыға жүктеліп шығарылып тасталуы мүмкін.
Алгоритм FIFO (First in, first out — парақтар кезегі). Осы 
алгоритмді пайдаланған кезде ұзақ уақыт бойы негізгі жадыда болған 
және жақын уақыт ішінде қажет болмайтын парақ қосымша жадыға 
ауысады. Осы стратегияны орындау үшін жадының барлық парақтары 
негізгі жадыда болған уақыты бойынша тізімге келтірілген. Тізім 
басында орналасқан парақ негізгі жадына бірінші болып ауысады, ал 
негізгі жадыға қосымша жадыдан ауысып келген парақ тізімнің ең 
соңына орналастырылады. Дегенмен бұл тәсіл жады жүйесінің 
өнімділігін төмендетуі ықтимал, өйткені оны пайдаланған кезде 
парақтарға жүгіну жиілігі ескерілмейді. Бұл жадтың жиі 
қолданылатын парақтары жалпы ережеге сәйкес қосымша жадыға 
ауысып, парақша қателіктерін болдырмау генерациясының көп санын 
шақыруы мүмкін. Ал ол өз кезегінде қосымша жадыдан жиі 
пайдаланылатын қажетті парақты тартуды шығаруды туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет