111
ТАПС
ЫРМА
НЫҢ
ОРЫНДАЛУ ҚАДАМЫН БАСҚАРУ
5.8.1. Командалардың орындалу тізбегі
Ең қарапайым тапсырмалар пайдаланушының командаларын
тізбекпен орындау, сонымен қатар алдыңғы командалардың орындалу
нәтижелері келесі командалардың орындалуларына еш әсер етпейді.
Сонымен қатар, командалар қалай орындалып жатқандығы
ескерілмейді. Жоғарыда қарастырылған қарапайым тапсырмаларда
командаларды орындау кезегімен жүргізіледі.
Командалардың қалай орындалып жатқандығын анықтау қажет
болса — тізбектей және параллель — бөлгіш-таңбаларды пайдалану
қажет «;» және «&».
5.8.2. Командалардың параллель орындалуы
Бірнеше командаларды тізбек бойынша орындау үшін олар «;»
таңбасымен ажыратылады. Нәтижесінде кезекті команданы орындау
тек алдыңғы команданың жұмысы аяқталғаннан кейін ғана басталады.
Егер «;» бөлгішінің орнына командалар арасына «&» бөлгіш-таңба
қолданылса, онда бөлгішке дейін тұрған әр команда фондық режимде
орындалады, ал келесі команда алдыңғы команда іске қосылған сәтте
бірден орындалады. Осылайша, параллель іске қосу және екі немесе
одан да көп командаларды қатар орындау мүмкіндігі бар.
Екі командалардың тізбектей орындалуына арналған өрнек
синтаксисі келесідей анықталады:
команда1 ; команда2
Параллель орындалу үшін де солай жасаймыз:
команда1 & команда2
Бөлгіш-таңба «;» әдетте тек бірнеше команданы бір жолаққа
орналастыру қажеттілігі туындағанда қолданылатынын ескере кеткен
жөн. Егер бөлгішті «;» жолақ соңындағы таңбаға өзгертсек те сол
нәтижені алуға болады.
Егер «&» бөлгішін қолданған кезде, тек бірінші командасына
көрсетсе (команда &), онда команда фондық режимде орындалады, ал
орындалуы келесі жолақта орналасқан тапсырма командасына беріледі.
Егер фондық режимде команданы іске қосу командалық жолақтан
|