2 сұрақ. Жазбаша мәдениет.
Лингвокультурология (лингвомәдениеттану) латынша «Lingua» – тіл,
«Gultura» – мәдениет, «logos» – ілім деген терминдердің жинақталуынан
туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда
болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшеліктерін жаңаша
көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда В.Н.Телия
“Лингвомәдениеттану – тілдің корреспонденциясы мен мәдениетінің өзара
қатынасының
синхронды
түрін
зерттейтін
және
сипаттайтын
этнолингвистиканың бір бөлшегі” - деп сипаттаса, лингвомәдениеттану
ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым
В.В.Воробьев оны “металингвистика” ғылымы ретінде танытуға ғылыми
бағыт бұрып, бұл саланы тіл мен мәдениеттің өзара әсерлерінің негізінен
туындағанын дәлелдейді
Осы ғылымның жеке бағыт ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың 70-
жылдарынан бері американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс
тайпаларын зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін салды.
Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар Ф.Боас,
Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Х.Хайер т.б. еңбектерінен бастау алады. Бұл халықтың
бастауы орыс тіл білімінде ресейлік ғалымдар Ф.И.Буслаев, А.Н.Афанасьев,
А.А.Потебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың 80-жылдарында
фольклор аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің жаңа бағытын
пайдаланған Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров сияқты ғалымдардың
этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік санатқа көтеріп
жіберді. Ресейлік ғалымдар (соңғы аталған) өз зерттеулерінде нақты бір
тілдің тарихын сол ұлттың мәдениеті, этнографиясымен тығыз байланыстыра
қарастырған. Осы тұрғыда ресейлік тілші О.С.Ахманова; „этнолингвистика –
это раздел макролингвистики, изучающий отношения между языком и
народом, и взаимодействия лингвистических и этнических факторов в
функционировании и развитии языка” – деп түсіндіреді.
Сөздіктегі бұл анықтама тіл мен халық арасындағы тікелей
байланысты көрсетеді, ал оның басқа ғылым салаларының деректері арқылы
зерттеу нысанының айқындалу жағдайы шет қалған.
Ғылым аясында „этнолингвистика” термині ең алғаш ғалым
Б.Уорфтың идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы Э.Сепирдың
еңбектерінде көрініс тауып, ғылымда аты белгілі „Сепир-Уорф” болжамына
сай тілдік этнодеректер халық мәдениеті мен жеке индивид тұрғысында
қарастырылған. Айтылған ой хақында профессор М. Копыленко „Основы
этнолингвистики” еңбегінде жан-жақты тоқталады. Осы жайтты Э.Сепир өз
зерттеулерінде „халық дүниетанымында туған салт-дәстүр, мифологизм,
наным т.б. ұғымдар этнос болмысымен тығыз байланысты олар тілдің
символдық қызметі ретінде көрініс табады» деп көрсетеді
Жоғарыда атап көрсетілген ресейлік ғалымдар (Н.И. Толстой,
В.Н.Топоров, Ивановтың) тұжырымдарында этнолингвистика көне тілді
зерттеуші
ғылым
ретінде
танылады.
Ғалымдардың
бірқатары
этнолингвистика ұлт тілінің жалпы сипатында танылады деп анықтайды.
Мәселен Н.И.Толстой; „Этнолингвистика – халықтың рухани байлығының,
менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, бір-біріне
тәуелділігін астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Ол халықтың
ұлттық менталитетінің көрнекті позициясындағы негізгі формаларының бірі
болып табылады” – деп тұжырымдайды.
Н.И.Толстой
пікірімен мазмұндас анықтама лингвистикалық
энциклопедиялық сөздікте төмендегіше берілген: „этнолингвистика, қандай
тәсіл арқылы берілгеніне қарамастан, мәдениеттің, халықтық психологияның
және мифологияның „мазмұнын” лингвистикалық әдістер көмегімен
зерттейтін кешенді пән”
Осы тұрғысында лингвистикалық мәдениеттанудың ең негізгі мақсаты
– ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілерімен халықтың танымдық
этикалық, эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып
олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.
Лингвомәдениеттану пәнінің дамуында екі кезең болды;
1- кезең. Ғылым дамытудағы алғашқы еңбектер: В.фон Гумбольдт,
А.А.Потебня, Э.Сепир және т.б.;
2- кезең. Лингвомәдениеттанудың жеке зерттеу аймағы ретінде
қалыптасуы;
3-кезең. Бұл қазіргі таңдағы ғылымның біз байқап отырған жаңа
динамикасы – негізі қаланған, пәнаралық ғылым – лингвомәдениеттанудың
пайда болуы, деп Маслова В.А. жазады. Оның пікірінше қазіргі таңда
лингвомәдениеттануда бірнеше бағыттар қалыптасып үлгерген.
1.
Жеке әлеуметтік топтың, этностың нақты мәдени кезеңге
қатысты лингво мәдениеттану, яғни нақты лингвомәденеи жағдайды зерттеу.
2.
Диахрондық лингвомәдениеттану, нақты бір кезеңге байланысты
жеке этностың лингвомәдени жағдайының өзгеруін қарастыру.
3.
Салыстырмалы
лингвомәдениеттану,
түрлі
бірақ
өзара
байланысы бар этностардың лингвомәдени ерекшеліктерінің көріністерін
зерттеу.
4.
Салғастырмалы лингвомәдениеттану. Ол жаңадан дамып келеді.
5.
Лингвомәдени
лексикография,
бұл
бағыттағылар
лингвоелтанулық сөздіктерді құрастырумен айналысады.
Бұл бағыттар бойынша қазіргі таңда отандық ғалымдарымыз да еңбек
етуде. Жеке әлеуметтік топтың, этностың, ұлттың лингвомәдени жағдайын
қарастыру бар, диахрондық тұрғыда зерттеуге байланысты да еңбектер бар.
Салыстырмалы лингвомәдениеттанудан аз да болса монографиялар жазылған
десек, салғастырмалы лингвомәдениеттану бойынша ұлтық тілімізде
жазылған сөздіктер жоқтың қасы, бір сөзбен айтсақ мүлдем ақсап тұр деуге
болады. Мұндай сипаттағы сөздіктер арқылы тіл мен мәдениетің бір-біріне
әсер ету сипатын зерттеу жемісті болмақ.
Лингвомәдениеттанулық бірліктердің аумағы көлемді әрі жан-
жақты:
а) мифологизацияланған тілдік бірліктер; архетиптер, мифологемалар,
салт-дәстүр, наным-сенімдер,
ә) тілдің паремиологиялық фонды,
б) тілдің фразеологиялық қоры,
в) эталондар, стереотиптер, символдар;
г) метафоралар, тілдік образдар;
д) тілдік мінез-құлық, тілдік этикет аумағы
және т.б.
Тұрақты сөз орамдарының мәдени ұлттық мазмұнын халық тілінің
байырғы лексикасының сан алуан сырына байланысты көптеген нақты
пікірлерді осы саланы «індете» зерттеп жүрген маман-ғалым Уәлиевтің
еңбектерінен табамыз, автор: «халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-
сенімдерін, түйсік-түсінігін, ой-қиялдарын, тыныс-тіршілігін аз сөздің
аясына сыйғызып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген».
Түп-төркіні беймәлім сөздердің сәті түсіп кілті табылғандай болса көп
нәрсені баян етіп халықтың өткендегі тыныс-тіршілігі, ой-қиялы,
дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады. Мысалы: қасиетті жеті, он екі,
тоғыз сандарымен тіркес атаулардың (он екі сәт, сәске, тәулік, екіндік, марқа
туған т.б.) халықтық атаулардың, уақыт өлшемдерінің мәнін қазақ халқының
күнделікті мәдени өмірімен біте қайнасып ғылыми-тәжірибесінен туған
атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Соған қарамастан ұлттық
ұғымда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмысы этностың тіл
айнасында этнолингвистка саласынан тіл арқылы мәдениеттанудың басқа да
бағыттары бастау алатынын, әр ұлт менталдылығының негізін айқындайтын
бағыттар екенін баса айту керек.
Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың теориялық арқауы,
зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екендігі дау туғызбайды.
Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының бүтін мен бөлшектің
байланысы
іспетті
деп
қарауға
болады.
Нақтырақ
айтсақ
этнолингвистиканың зерттеу нысаны – этнос болмысын тұтастай танытатын
„тіл әлемі”. Осы қағиданың құрамдас бөлшектерінің қатыстылығы мен
үлесімділігінің сипатын анықтау мақсатына қарай зерттеушілердің
„этнолингвистика” деп аталатын „тіл әлемінің” тұтас шеңберін жеке-жеке
салаларға бөліп қарастыруы этнос болмысының белгілі бір жақтарын
көрсеткенімен, тұтас бейнесін айқындай алмайды. Осыған байланысты ол
„этнолингвистика мен социология ғылымдарының аралығынан туған”
(Б.Уорф) „халықтың тілінде салт-дәстүрі көрініс табады” (Ф.де Соссюр)
„этностың дүниені тіл арқылы тануы оның салт-дәстүр, этнография,
мифология т.б. Символдық қызметімен байланысты (Э.Сепир)
этнолингвистиканың болмысы ретінде антропологияны қолдау (АҚШ
ғалымдары), „этнолингвистика тек” көне дүниені немесе ескіліктерді
зерттеуші ғылым. (Е.Жанпейісов), „ Этнолингвистика – пәнаралық ғылым”
(Копыленко М.) т.б. көзқарастар этнолингвистика ғылымын жіктейтін емес,
оның кешенді сипаттарыннан туындайтын сан түрлі қырларын айқындап,
тұтастыра келіп, түптеп келгенде, бір арнаға тоғыстыратын салалар. Осындай
тіл деректеріне сүйеніп этнолингвистикамен сабақтас этнос болмысының сан
түрлі ғылымдарды зерттейтін ғалым, академик Ә.Қайдар екіге бөледі:
1. Этнос тіліне жалпы қатысы бар /мәселен, мәдениеттану,
этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрономия,
педагогика, дидактика т.б.) ғылымдар.
2. Этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты
ғылымдар
/мәселен,
этимология,
паремиология,
терминология,
лексикорография, социолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика
т.б.
Демек бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен
байланыстыратын, этнос болмысын таныстыратын тілдік дерек көздерінен
көреміз. Міне осындай сабақтастықтың бірі –этностың мәдениетін таныту
мүддсін көздеген мәдениеттанумен сабақтас лингвомәдениеттану.
Бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану
пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында сөз етілген. Лингвистикалық
түсіндірме сөздігінде: „Этнолингвистика (гректің „этнос”-тайпа, халық,
француздың „лингвистика”) тілі мәдениетпен, тілі этномәдени және
этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің
бағыты” деп. анықтаған.
Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік
заңдылықтарына
ғана
сүйеніп
емес,
сонымен
қатар
халықтың
дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына да қатысты қарастыру
этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақ заңдылығы деуге
болады. Професор Қ.Жұбановтың «Тіл арқылы халықтың тағылымдық
мұраты этностың әр дәуіріндегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра
ретінде сақталатын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың
дүниеге келетініне сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі». «Ата
мұрасы болып, Абайдың еншісіне тиген әдебиет қазынасы екі түлік болатын.
Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың әлди-әлди
ақбөпем”, атаның „сал, сал білек, сал білек”, қойшының әні, қыздың сыңсуы,
қаралы қатынның жоқтауынан бастап, көркемдік сезімін шарбыдай
шырмаған халық әдебиеті”
Достарыңызбен бөлісу: |