Шөжек: Еңбек, білім, отан, дос туралы мақалдар жазу керек екен.
Ақтөс: Тіршіліктің өзі еңбек, білім, отан, достықтан тұрады емес пе?
Тауық: Əрине, еңбексіз бола ма? Өз басым таңды елден бұрын қарсы
алып, бүкіл ауланы оятудан бастаймын.
Ақтөс: Иə, бұл нағыз еңбек, өйткені, сенің еңбегіңнің арқасында
бəріміз тіршілігімізді бастаймыз. Ерте тұрған жігіттің бір ырысы артық.
Шөжек: Көжек, сен жазып ал, тез.
Көжек: Отан, білім, дос туралы да айтыңыздаршы.
Тауық: Отан отбасынан басталады.
Ақтөс: Білімді мыңды жығар.
Шөжек: Білікті бірді жығар. Əне, Саққұлақ сияқты.
Тауық: Достық алтыннан да қымбат. Достарым, біздің үйге түскі асқа
келіңіздер, мен барып дайындалайын.
(Сахнадан тауық шығып кетеді, осы кезде сахнаға
мысықты қуып Саққұлақ шығады).
Марғау: Маған тиіспеші, мен саған не істедім?
Саққұлақ: Сенің сөмкеңде не бар? Жаныңның барында, қазір бəрін
жай мына жерге, əйтпесе, мұрныңды бет қыламын.
Марғау: Қазір маған анам ұрсады. Сөмкемде сенің нең бар?
Шөжек: Саққұлақ сен неге өзіңнен кішкентайларға тиісесің?
Шөжек: Біз, мысалы, бүгін таңертең тұрып, еңбек еттік, жұртты
ояттық, ал сен болсаң, біреудің тамағына, сөмкесіне жабысып, таласып
жүрсің. Əне, Көжек сабақты білмегені үшін екі алыпты.
Саққұлақ: Сенің таңатпай жұртты оятқаның еңбек пе?
Шөжек: Иə, сен сияқты бірді жыққанша, білімді болып, еңбек етіп,
мыңды жыққан жақсы.
Ақтөс: Иə, Шөжек дұрыс айтады. Сен тəртібіңді жөндеуің керек,
əйтпесе, сенімен ешкім дос болмайды. Міне, қазір бəріміз Тауықтың үйіне
түскі асқа барамыз, ал сен қалай бармақсың?
Көжек: Иə, сен бұзақы мінезіңмен бізге жақындама.
121
Ақтөс: Сен қазір бəрінен кешірім сұра.
Достарыңызбен бөлісу: |