125
ТУҒАН КҮН
Қатысушылар:
Сайқымазақ
Қоян
Көжек
Аю
Қасқыр
Айдаһар
Түлкі
Тауық
Сайқымазақ: Сəлем, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
(Өз қимылдарымен балаларды күлдіреді.)
Балалар: Жақсы!
Сайқымазақ: Балалар, сендер ертегі көргілерің келе ме?
Балалар: Иə.
Сайқымазақ: Ол үшін біз ақылды бала болып, ертегіні тыныш отырып
көруіміз керек. Келістік пе? Ақылды бала боламыз ба?
Балалар: Иə.
Сайқымазақ: Ендеше, бастадық!
(Сайқымазақ кетеді, ортаға қоянның анасы келеді)
Қоян: Ойбуй, бүгін көжегімнің туған күні еді, өзі қайда жүр екен?
Көжегім-ау, көжегім, қайдасың сен?
(Анасы үстелге тəтті тағамдар əзірлеп жүреді, бір кезде секіріп
ортаға көжегі шығады.)
Көжек: Анашым, не боп қалды? Мені неге шақырдыңыз?
Анасы: Көжегім, туған күніңмен! Бүгін сенің туған күнің емес пе?
Əлде ұмытып кеттің бе? Сен достарыңды шақырдың ба?
Көжек: Анашым, көп рахмет! Мен ұмытқам жоқ. Достарымның бəрін
шақырдым! Ешкімді ұмытқам жоқ!
Достарыңызбен бөлісу: