Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау және
озық педагогикалық тәжірибемен алмасу
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім» (ғылыми-
педагогикалық) және «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» (әдістемелік)
атты екі журнал шығарады.
«Білім» журналында орта білім берудегі ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің нәтижелері жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және
цифрландыру;
2) орта білім берудегі менеджмент
3) пәндерді оқыту әдістемесі;
4) тәрбие теориясы мен практикасы;
5) білім беру жүйесіндегі психология мәселелері;
6) арнайы және инклюзивті білім беру;
7) үздіксіз педагогикалық білім беру.
Журналдың редакциялық саясатымен, жарияланым этикасымен, жариялау
мерзімімен және ғылыми мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен
толығырақ журнал сайтынан танысуға болады:
https://bilim-uba.kz/
«Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналында білім беру
саласындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-эксперименттік, ақпараттық-талдамалық,
педагогикалық инновациялық тәжірибені тарату бойынша материалдар
жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) білім
берудегі
инновациялық
және
педагогикалық,
сандық
технологиялар;
2) үздік тәжірибе шеберханасы және әдістемелік қызмет;
3) бастауыш білім берудің теориясы мен практикасы;
4) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;
5) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;
6) техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері;
7) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет және тәрбие үрдісін
ұйымдастыру;
8) арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы.
Мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен келесі сілтеме бойынша
танысуға болады:
https://uba.edu.kz/qaz/nauka/10
.
Достарыңызбен бөлісу: |