Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет36/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

1. Қазақша лексика. Тілдің қолданбалы сөздері қазақ тілінде 
жазылады да, оқушыға түсінікті болады. Программалаудың басқа 
көп тараған тілдерінде шеттілдік сөздер оқыту үдерісінде қосымша 
қиындықтар тудырады, ал оның пəнге ешқандай қатысы жоқ. 
2. Құрылымдылығы. Алгоритмдік оқу тілі Бейсик тіліне 
қарағанда, əлдеқайда жаңаша құрылымдық программалау иде-
яларына сүйеніп жасалған. Алгоритм тілінің ішкі құрылымдық 
бірлігі – құрамдық команда – алгоритм құрылымының жəне оның 
жазылуларының бірлігін адамның амалдарды ойлау қабілетіне бара-
бар қамтамасыз етеді.
3. ЭЕМ-ға тəуелсіздігі. Алгоритм тілінде есептеуіш машинаның 
құрылысымен байланысқан бөліктер жоқ, бұл шығарылатын 
есептердің алгоритмдік мəніне көңіл аударып, ойды жинақтауға 
мүмкіндік береді.
ИЕТН курсы мектепке енгізілгенде, оның оқу жоспары да, осы 
жоспар негізінде жазылған оқулықтар да, мектептің соңғы бітіруші 
сыныптарына енгізілді де, қатты сынға алынды. Сынға алынған басты 
нысананың бірі – алгоритмдеу мен программалаудың шамадан тыс 
көптігі болды (шынында да, программалауға байланысты 2,3,4 жəне 
6 бөлімдерге 68 сағаттың 48 сағаты қаралған). Мұны оңай түсінуге 
болады: программаны құрастырғанда тек қана сол кездердегі жал-
пы білім беру талаптарына сəйкес ғылыми-əдістемелік талдау жаса-
лып қоймай, оған қосымша осы саладағы Отандық тəжірибелердің 
шын мəніндегі күйі, мектептердің материалдық-техникалық база-
сы, мұғалімдердің теориялық дайындығы ескерілген еді. Сонымен 
қатар, алғашқы оқу жоспарын жасаушыларда жаңа ақпараттық 
қоғамға бетбұрыс жасап, кеңінен мамандар дайындаудың қажеттігін 
біле тұра, оқытудың «машинасыз» нұсқасын қалап алды. Сондықтан 
да, оқуға бөлінген уақыттың басым көпшілігі алгоритмдеу мен 
программалауға жұмсалды, сол арқылы информатика пəнінің жалпы 
білімдік сипаты анықталды.
Информатика курсының алғашқы машиналық нұсқасы 1986 
жылы «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» курсына 
арналған оқулыққа конкурс жариялануына байланысты жарыққа 
шықты [10]. Курстың оқу жоспары орта мектептің жоғарғы екі 
жылында оқытуға есептеліп, барлығы 102 сағат қарастырылған. 
Тақырыптар бойынша сағаттар шамамен төмендегідей бөлінеді:


89
1. Кіріспе – 2 сағат 
2. ЭЕМ –мен алғашқы танысу – 8 сағат
3. Алгоритмдеу негіздері – 26 сағат
4. Есептеу техникасы негіздері – 12 сағат
5. Программалау негіздері – 20 сағат
6. ЭЕМ-де есептер шығару – 28 сағат
7. Қоғамдағы ЭЕМ – 6 сағат
Жаңа оқу жоспарына берілген түсініктемеге қарағанда [10], ин-
форматика жəне есептеуіш техника негіздері курсының мазмұны 
жалпы білім беретін оқу пəні ретінде жасалған. Бөлімдердің атау-
ларын «машинасыз курс» бағдарламасының [7] оқу жоспарымен 
салыстыра отырып, олардың арасында айтарлықтай өзгешелік жоқ 
екенін байқауға болады. Дегенмен, алғашқы (оқушыларды ЭЕМ-
ге жіберу мүмкіндігі жоқ мектептерде осы күнге дейін оқытылып 
отырған) курсты салыстырғанда, информатиканың «машиналық 
нұсқасы» оқушылардың есептеу техникасы кабинеттерінде ЭЕМ-
мен жұмыс жасауына бағытталған. Сол себепті, жаңа оқу жоспа-
рында практикалық жұмысқа көбірек сағат бөлінген. Оқу жоспа-
ры жасалғанда, келешекте тезірек барлық мектептер есептеуіш 
техникамен жабдықталады деп есептелінді. Ондай жағдайда, 
оқушылардың дүниетанымның жаңа құралы арқылы жұмыс жасай 
отырып, жан-жақты дамуына мүмкіндік туар еді. Оқыту барысында, 
мектеп бітіргеннен кейінгі еңбекке баулу білімімен қаруландырып, 
біліктілігін арттырса, онан ары білім алуын жалғастырса, жан-
жақты дамыған қазіргі заман талабына сай сауатты азамат болары 
сөзсіз [10].
Бұл оқу жоспарындағы маңызды ерекшеліктің бірі – алғаш рет 
ресми құжат құрамында информатиканы мектептерде оқыту туралы 
хабарланып, ИЕТН курсын оқу жоспарына сəйкес қамтамасыз етілуі 
тиіс құралдардың тізімі жасалды:
1. Мектептердегі ЭЕМ-ді базалық программалармен қамтамасыз 
ету (операциялық жүйелер, файлдық жүйе, мəтіндік редактор). 
2. Стандартты программалар кітапханасымен жəне өңдеу жүйесі 
бар программалаудың тілдік жүйесі.
3. Пернетақталық жаттықтырушы.
4. Қарапайым мəтіндік редактор.
5. Қарапайым графиктік редактор. 


90
6. Алгоритмдік тілді оқыту интерпретаторы.
7. Оқулық бағыттағы мəліметтер қоры.
8. Электрондық кестелерді өңдеудің оқу жүйесі.
9. ЭЕМ-мен алдын-ала танысуға арналған демонстрациялық па-
кет.
10. Берілген командалар жүйесі бар атқарушылар.
11. Көмекші алгоритмдер кітапханасы. 
12. ЭЕМ-ның құрылысы мен жұмысының моделін көрсететін 
программалар пакеті.
13. Математика мен физиканың мектептік курсының тақырып-
тары бойынша оқыту-модельдеуші программалар пакеті.
14. Мəліметтердің типтік құрылымың программалық моделі 
(үлгісі).
15. Есептерді автоматты шығарудың оқулық пакеті.
16. Оқулық роботты басқаратын программалар пакеті.
17. ЭЕМ-ның қолданылуы туралы демонстрациялық пакет.
Аталған программалық құралдар тізімі ИЕТН курсының 
бөлімдерін қайталайтынын оңай байқауға болады, бірақ оның 
көпшілігі оқулық модельдердің болжамдағы компоненттерінен 
тұратын еді. Осының өзін байқау барысында оларды жасауға 
шақыру деп қарау керек еді. Келер жылдары олардың біразы шы-
нында да өңдеп шығарылды жəне əртүрлі деңгейдегі дидактикалық 
пайдалылығымен жəне мектептерде қолданылатын əр түрлі типтегі 
ЭЕМ үшін бірнеше қайталанылатын нұсқада шығарылды. ИЕТН 
курсын оқытуды қамтамасыз ететін программалық құралдар пакеті 
– оқу үдерісіндегі кез келген курсты оқытуға қажет əдістемелік 
жүйенің міндетті компонентіне айналды жəне «оқу пəні бойын-
ша программалық құралдар пакеті» деген жалпылау ұғымның түп 
нұсқасы болды.
Программалау бойынша оқу құралдарының тізімінде оқулық 
алгоритмдік тілдің интерпретаторы ерекше орын алады. Оның ИЕТН 
курсын оқытудың əдістемелік жүйесін жасаудағы рөлі аса маңызды 
болып табылады.
Жоғарыда айтып өткендей, информатика негіздері бойынша 
жаңа курстың – оны оқытудағы оқу үдерісін ұйымдастыру мен 
оқыту əдістемесіндегі ерекшелігі, оқушылардың информатика-
дан əр сабақта ЭЕМ-мен тұрақты жұмыс жасауы болып табылады. 


91
Курстың барлық тақырыптары ЭЕМ-ді пайдаланып практикалық 
жұмыс істеуді белгілі бір мөлшерде қамтиды. Жаңа оқу жоспарының 
түсініктемесінде информатиканы оқыту əдістемесіне бірінші рет 
есептеу техникасы кабинетін пайдалануды ұйымдастырудың үш түрі 
енгізілді: демонстрация, зертханалық жəне практикалық жұмыстар.
«Машиналы нұсқаның» бағдарламасы мазмұнының тұжырымда-
масы, оның негізінде дайындалып жазылған бірнеше оқу 
құралдарында түгелдей дерлік іске асырылды. Олар өз кезегінде 
байқау оқу құралдарынан соң, орта мектеп информатикасынан 
оқулықтар қатарын толықтыра түсті. Солардың ішіндегі оқулықтары 
мектептерге кеңінен таралған авторларды (А. Г. Кушниренко жəне 
т.б. [11], В. А. Каймин жəне т.б [12], А. Г. Гейн жəне т.б. [13]) 
атауға болады. ИЕТН курсының жаңа нұсқасының мазмұнының 
бұрынғыдан айырмашылығы компьютерлік практикаға көп көңіл 
аударғандығында болды. Оқулықтар да тұтас алғанда өзгере қойған 
жоқ (тек оқулықтағы логикалық бағыттың көкейтестілігін ашуға 
тырысқан авторларды есепке алмағанда) [12]. Оқу құралдарының 
мұндай жаңа серияларының жарыққа шығуы қатаң сын-пікірлер 
ағынының шығуына əкелді. Айтылған сындар оқу құралдарына емес, 
оны жасауға негіз болған оқу жоспарларына айтылды, атап айтқанда 
ИЕТН курсындағы көлемі шамадан тыс көбейтілген алгоритмдеу 
мен программалауға жəне мектептегі оқу пəні информатиканың 
іргелі негіздерінің дамытылуына арналды. Мысалы, В. К. Белошапка 
[14] оқулыққа мынадай пікір айтты: «оқулыққа əр түрлі көзқараспен 
қарағанда, онда жазылмаған дүниеге көбірек талап қоюға болады». 
Информатиканың мектептегі курсы арқылы ақпараттық мəдениеттің 
жаңа компоненттерін меңгеру қоғамды ақпараттандыру үдерісінің 
жалпы жағдайына байланысты, материалдық базаны нығайтудағы 
кемшіліктермен жəне ақпараттық технологиялардың баяу таралуы-
нан кешеуілдеп қалды. «Қолданылып жүрген оқулықтардың жалпы 
кемшілігі сол, олардың бірде-біреуі өте қысқа мерзімде академик 
А. П. Ершовтың жетекшілігімен жазылған алғашқы нұсқадан бір қадам 
да алға жылжыған жоқ. Алайда, шын мəніндегі информатиканың 
мектептік курсын жетілдіру жолында алға жылжуымыз авторларға 
байланысты емес, қоғамымызды ақпараттандыру деңгейіне байла-
нысты. Мектептегі оқулық ұзақ мерзім бойы қажеттілікті шындыққа 
алмастыра алмайды, олай болмаған жағдайда информатика саласы-
нан алған білімнің өз қажетіне жұмсалуы мүлдем тоқталар еді [15].


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет