149
ды қолдану, дидактикалық жəне əдістемелік мəселелер қатарын ше-
шуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, оларды қолдану қатысушыға интерактивті ортада
өз бетімен жұмыс жасау режимін таңдауға мүмкіндік беру арқылы
оқу мотивациясын біршама жоғарылатады, əртүрлі жеке жұмыстар
түрлерімен, компьютерлік визуалды оқу материалдарымен, ойын
жағдайларын қолдануды қамтамасыз етеді.
Екіншіден,
жаңа
үлгідегі
компьютерлік
графиканың
мүмкіндіктерін интерактивті ортада іске асыру жəне мультимедианы
көрнекі түрде-бейнелі, көрнекі түрде-пəрменді ойластыру түрлерін
қалыптастырып, дамытады.
Үшіншіден, интерактивті орта
көмегімен ұйымдастырылған
оқылатын экспериментальді-зерттелетін қызметтің орындалуы,
оның зерттей алу қабілетін қалыптастырады,
өз бетінше білімін
жетілдіруге əкеледі.
Төртіншіден, интерактивті ортада алгоритмдеуді оқыту идея-
ларын іске асыру қатысушының тиімді анықталған сыныптағы
тапсырмаларға жауап іздеу стратегиясының қалыптасуына əкеледі,
оқушының алгоритмдік, логикалық ойлау стилін дамытады.
Интерактивті оқыту технологиясы
тек кана программалық
құралдар көмегімен іске асырылмайды. Есептеу техникасы сыныбы
ақпараттандырудың техникалық интерактивті құралдарымен камта-
масыз етіледі. Оған интерактивті тақта [8] (жəне де
http://smartboard.
ru қараңыз) мысал болып табылады.
Тақтаның ақ беті компьютерден визуалды ақпаратты
тұжырымдауға арналған экран рөлін атқарады. Ал датчиктер жəне
мəліметтерді өңдеу олардан тақтаның бетін басуға сезімтал етеді.
Кез келген маркермен жəне жай ғана саусақпен қолданыстағы
прогрммалық ортаны тышқанмен басқарғандай басқаруға болады.
Тақтаның бетіне қол тигізгенде немесе оған маркермен не саусақпен
сурет салғанда слайдтарды дайындау, құжаттарды редакциялау, тест
тапсырмаларын орындау, аудио жəне бейне үзінділерді жүргізуді
басқару, графиканы редакциялау немесе
виртуалды зертханалық
орта жұмысын жасау барысында, экран түймесін басу, орнын ауыс-
тыру, масштабтау жəне объектіні бұру, қолданушы интерфейсінің
кез келген компонентімен жұмыс жасау, тақта бетіне шығару мүмкін
болады. Тіпті виртуалды пернетақтаның пернелеріне маркерді тигізу
арқылы жəне де сурет салынған экран-тақтасында мəтінді теруге бо-
лады.
150
Интерактивті тақтаны информатика
сабағында қолдану
компьютердегі тым жеке жұмыстан туындаған мəселелерді топтық
талқылауға көшуге мүмкіндік береді. Мұғалім интерактивті тақтада
кезекті тапсырмасын көрсету барысында тапсырманы ашық орын-
дау үшін оған бір емес бірнеше оқушы шақыра алады, жауап қате
болған жағдайда дискуссия ұйымдастыруға немесе жергілікті желіде
жұмыс жасау барысында жеке жұмыс жасаушының нəтижесін өз
қолжазбасы жəне графикалық пікірі арқылы жариялай алады.
Достарыңызбен бөлісу: