Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Информатиканы оқытудың ақпараттық пəндік



Pdf көрінісі
бет63/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

7.3 Информатиканы оқытудың ақпараттық пəндік 
ортасы 
Көптеген мектептерде оқыту үдерісіне жəне оқудан тыс іс-əрекет 
кезінде ақпараттық жəне программалық ресурстар мен қызмет 
көрсететін медиатекалар бар.
Информатиканы оқыту үдерісінде заманауи орталары маңызды 
рөл атқарады, оқыту үдерісіне жəне мектеп информатикасына 
толықтай сыртқы қатынастар əсер етеді, оның ішінде интернет жəне 
жалпы ақпарат құралдары (масс-медиа).
Интернет ауқымдық желісі заманауи білім берудегі кеңінен 
қолданылатын интегралды құрал болып табылады.
Қазіргі кездегі тəжірибе интернет құралдарын оқытуда 
пайдаланудың кейбір болашақтарын анықтады [22]. 
Мұғалімдерге арналған интернет:
– мұғалімді даярлау жəне қайта даярлау жүйелері (қашықтықтан 
өткізетін семинарлар, педагогикалық қорларының жиыны, əр түрлі 
əдістемелердің мəліметтер қоры, мұғалімдерді қашықтықтан атте-
стациялау);
– ғылыми шығармашылықты шыңдау (жаңа ақпараттарды 
ғылыми журналдардың электрондық түрінен алу, ғылыми мəселелер 
жөніндегі конференцияларға қатысу, жаңа қорытындыларды 
электрондық журналдарда жариялау, əртүрлі елдердің ғылыми 
кітапханаларына қолжетімділігі);
– оқыту іс-əрекетінің жетілдірілуі (басқа оқу орындарындаға 
оқыту əдістемелері мен оқыту технологиялары туралы мəлімет алу, 
оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шаралар туралы 
мəлімет алу, сабақта қолданылуға болатын түрлі дайын материалдар 
алу, оқыту үдерісінде қолданылатын оқулықтар мен кітаптар туралы 
мəліметтер алу, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану тура-
лы мəлімет алу);
– тəжірибелік жұмыста мектеп веб-сайтын пайдалану (əрқашан 
толтырылып отыратын, оқу жоспарына кіретін материалдар, 
бағдарламалар, сабақтың конспектілері мен сабаққа дайындалуға 
қажетті материалдар, өзінің оқу материалдарын жариялау жəне т.б.);
– телеконференция арқылы оқыту іс-əрекетін жетілдірудегі 
өзінің тəжірибесімен бөлісу;
– оқыту үдерісінің сапасы мен оқушыларды ынталандыру жай-
лы басқа мұғалімдермен əдіс-тəсілдермен алмасу;


187
– жеке байланыстар орнату;
– оқытушы жəне ғылыми іс-əрекеттер туралы басқа 
мұғалімдердің ой-пікірін білу мақсатында жəне өзінің пікірлерін 
жариялау үшін жеке Web-құжаттары мен сайттар құру.
Оқушыларға арналған интернет:
– оқып жатқан пəн бойынша оқыту материалдарын қолдану: 
оқулықтар, педагогикалық программалық құралдар, зертханалық 
практикум модельдері жəне т.б.;
– басқа мектептердегі оқушылардың оқытушы-зерттеушілік 
жəне жобалық жұмыстарымен танысу (өз жұмыстарының 
қорытындыларын жариялау, ақпарат алмасу, ортақ ойлы 
əріптестерімен достық қатынас орнату);
– жеке дайындық кезінде жəне өзін-өзі оқыту кезінде, сынып-
та орындалған немесе жеке орындалған жұмыстардың журналдарда 
жəне электрондық басылымдарына қолжетімділігі;
– алыстағы оқыту-ғылыми орталықтарынан қашықтықтан 
білім алу мүмкіндігі (қашықтықта оқытылатын курстар: қосымша, 
базалық, ЖОО-ға дайындалу, виртуалдық сыныптар жəне кешенді 
қашықтықтан оқыту, қабылдау емтихандарын қашықтықтан тапсы-
ру мүмкіндігі).
Оқушылар мен мұғалімдерге арналған интернет: 
– жаңа ақпараттық жағдай жасайтын ақпарат алу көздерінің 
жектелмеуі;
– мектеп аралық жобаларда ақпарат алмасудағы оқушылар мен 
мұғалімдердің коммуникациясы; 
– оқушылар мен мұғалімдердің жобалары (конкурстар мен 
олимпиадалар, мектеп шығармашылық жобалар, оқытушы семинар-
лар жəне т.б.). 
Ата-аналарға арналған интернет: 
– өзінің баласының оқу үлгерімі, жетістіктері жайлы мұғалімдер 
мен мектеп психологынан ақпарат алу;
– оқу орындары туралы ақпарат, сонымен қатар жарнамалық 
түрде берілетін балаларға қосымша білім беру қызметтерін көрсететін 
ұйымдар туралы, ата-аналардың шағымдары мен келісімшарттары 
туралы, басқа да көптеген қажетті ақпарат алу мүмкіндігі;
– мектеп əкімшілігімен, мұғалімдермен хабарласу мүмкіндігі.
Əйтседе интернет дəстүрлі оқыту үдерісін жоққа шығара ал-
майды, оның мүмкіндіктері тек қана оқыту үдерісінің түрлері жəне 
əдістемелерін өзгертеді.


188
Интернетті білім беру үдерісінде қолдану заманауи оқушылар-
дың ойлау қабілеттіліктеріне жаңа бағыт береді. Оқушы барлық 
ақпараттық үдерістерді жүзеге асыра жəне өзінің алдына мақсат 
қоя отырып, оларға жету жолындағы мəселелерді шеше алатын 
педагогикалық үдерістің белсенді субьектісі болып табылады.
Бұл үдерістің жағымсыз жақтары да жеткілікті. Əлемдік 
торлардың ішінде əрине оқушылар мен жасөспірімдер көрмесе 
екен деген ақпараттар өте көп. Бұл сол ақпаратқа қатаң тиым салу 
проблемасын тудырады. Екінші жағынан, интернетте жарияланған 
ақпараттық ресурстардың ғылыми растылығының жоқтығы жəне 
онда ақпараттарды жариялаудың оңайлығы.
Телекоммуникация оқыту үдерісіне жəне оқушыларды 
тəрбиелеуге жаңа қатынас орнатады [22]:
– ортақ жобалары бар оқушылар арасындағы шектеуді
жойып, олардың өзара ақпарат алмасып, ой бөлісіп, сын-пікір алма-
сып жақындасуына көмектеседі;
– өзінің зерттеу əдістерінің нақты негізінде (ғылыми жəне 
шығармашылық зертхана), оқушылардың табиғатты тану, техни-
ка, технология, əлеуметтік құбылыстарды, түрлі шығармашылық 
жұмыстарының маңыздылығын тану мүмкіндігі;
– басқа елдердің мəдениетінен, басқа адамдардың тəжірибесінен 
ақпарат алу мүмкіндігінің кеңдігі; 
– гуманитарлық білім берудің дамуын арттырады, адам 
өміріндегі іс-əрекетті əдеп-ғұрыптық өмір аспектілеріне бағыттайды, 
табиғатты қорғауға жəне қалыпты күйіне көңіл бөлуге бағыттайды;
– өз ана тілінің үйреніп дамытуына, еларалық жобалар жасау 
кезінде шет тілдерді де меңгеруіне əсер етеді; 
– алдағы өмірде қажет болып қалатын біліктілік пен дағдыны 
тек ғана оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге де 
меңгеруге септігін тигізеді, соның ішінде компьютерлік техниканы 
жəне технологияларды қолдану дағдылары;
– оқушыларда керекті білім деңгейін қалыптастыруға 
көмектеседі, қабылданған ақпаратты салыстыру, толықтыру, өңдеу, 
қойылған сұрақтармен байланыстыру дағдысын қалыптастырады, 
яғни оқушының ақпараттық мəдениетін қалыптастырады.
Оқу орнының интернет желісіндегі білімдік веб-сайты – жаңа 
ақпаратты-əдістемелік құрал. Ақпараттық технологиялардың 
қарқынды дамуы нəтижесінде білім сайттарының мектеп арасында 


189
маңызы артып отыр. Сайттың мазмұны, ұйымдастыру құрылымынан 
мектептің қоршаған ортамен байланысы ғана емес, сонымен 
қатар оқу орнының ішінде болып жатқан білім беру үдерістерінің 
қатынастарымен байланысты.
Сайт (немесе веб-сайт) – ұйымның серверінде немесе жеке 
адамның серверінде жарияланған өзара байланысқан веб-беттер 
жиыны. Олар əдетте белгілі бір бағытталған жəне жеке адресті 
болады. Мысалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің интернеттегі адресі – www.kaznpu.kz, ал информа-
тикадан əдістемелік нұсқаулардың, көмекші құралдардың сайты  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет