190
ұйымдастыратын мұғалімдер мен оқушылардың (қатысушылардың)
болуы.
Веб-квест – басқа беттердегі нақты тақырыпқа байланысты
гиперсілтемелері бар интернет желісіндегі беттер.
Білім веб-квестер деп білім сайттарында жарияланған,
басқа
сайттардан сілтемелері бар веб-беттері құрайды. Əйтсе де веб-бет
өзінің мазмұны, мақсаты, мəселелері, бақылау қызметтерін жүзеге
асыратын білімдік болып жасақталады.
Интернет ресурстары қазіргі таңда білімдік веб-квесттарды жа-
сау үшін жақсы дамыған. Білім веб-квесттері кез келген оқу пəні
бойынша, соның ішінде гуманитарлық бағытта да, жаратылыстану
бағытында да, жасалуы мүмкін.
Медиа білім беру – оқушылардың жалпы коммуникация
құралдарының заңдылықтарын оқытуға бағытталған: теледидар,
пресса, радио, кино, бейне жəне т.б. медиа білім беру құралы ретінде
ақпараттық ортаның төмендегідей элементтері пайдаланылады:
оқулық, жалпы ақпарат ортасы (теледидар,
басылымдар, радио),
бейне, компьютерлік оқытушы программалар жəне ойындар, интер-
нет ақпараттық желісі.
Медиа білім беру мен базалық білім беру сабақтастырыла оты-
рып мынадай құрамалар береді (Л. С. Зазнобина):
– жаппай ақпараттандыру құралдары арқылы берілетін
ақпаратты қабылдау жəне өңдеу;
– критикалық ойлау, беріліп жатқан ақпараттың дұрыстарын
қабылдап, жалған ақпараттардың бойға сіңдірмеу дағдыларын да-
мыту;
– ортақ базалық білім беруге, жеке білім саласы бойынша білім
мен дағдының бүкіл мектептік ақпараттарды қосу;
– түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып (компьютер,
факс, модем, мультимедиа жəне т.б.) қажетті ақпаратты іздеу, дайын-
дау, жіберу, қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру.
Мектеп оқушыларының медиа білім беру үдерісін
пайдалану
келесідей дағдыларды дамытады (А. В. Хуторский):
– əртүрлі ақпарат көздерінен керекті ақпаратты табу;
– əртүрлі ақпараттық мəліметтердің арасындағы байланысты
орнату;
– ақпараттардан керекті мəліметтерді алып, оны жүйелі түрде
реттеп, негізгілерін анықтау;
191
– коммуникация мақсаттарын, ақпараттық ағынның бағытын
түсіну;
– қабылдап жатқан ақпараттың қателерін, жалғандығын табу;
– бір ақпарат көзінен алынған ақпаратты бірнеше түрлі
көзқараспен көру;
– алған мəлімет бойынша өзіндік
аргументтелген пікір беру,
сын-пікір жазу;
– бір типтегі ақпаратты екінші типке ауыстыру (вербальдіні
визуалдыға) жəне кері қарай;
– тыңдаушыларға байланысты ақпаратты түрлендіру;
– мазмұны бойынша сəйкес ақпаратты беру түрлерін анықтау;
– ақпаратты алу, өңдеу жəне жіберудің ең аз деген
инструменттерімен қамтамасыз етілуі.
Мультимедиа,
компьютерлік
технологиялардың
жаңа
түрлендірілуі бола тұрып, соңғы кезде мектепте білім беру үдерісіне
қарқынды еніп келе жатыр. Көптеген зерттеушілер мультимедиалық
визуализацияны «қосымша» құрал ретінде қабылдап жəне ол білім
беру үдерісіне тек қажеттілігіне сəйкес пайдалану керек деп ойлай-
ды.
Ал психологтар болса бейнелі ақпарат беріліп жатқан ақпаратты
тестілеу түрінен гөрі оқушы санасында тез сақталып, ұмытпауына
кепілдік береді дейді. Сонымен қатар, мультимедиалық программа-
лық құралдардың оқушылардың интеллектуалдық,
эмоционалдық,
ынталандырушы жəне пəндік-тəжірибелік дағдыларының дамуына
əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: