220
Информатиканың мектеп курсын
ізгілендіру келесі бағыттар
бойынша өтуі мүмкін:
– информатиканың гуманитарлық негіздерін енгізу (тарихи
элементтерді қолдану – ойшылдармен танысу, информатиканың
ғылым ретінде дамуы мен пайда болу тарихымен танысу;
информатиканың философиялық жəне рухани бастамаларын ашу);
– информатиканы оқыту əдістемесіне гуманитарлық ғылымдарға
тəн əдістер, тəсілдер мен стильдер енгізу:
а) гуманитарық пəндерден мəлімдемелер қолдану (жаттаулар,
интеллектуалды бес минуттар, музыкалық үзілістер, сурет өнімдерін
көрсету, шет тіліндегі фразалар, сабаққа арналған эпиграфтар жəне
т.б.);
ə) ертегі сабақтар мен пікірталас, талқылау сабақтарын енгізу;
– информатиканы адам мен қоғамдық тұрмысқа жақындату:
а) информатика əдістерінің қосымшалар аумағын көрсету;
ə) күнділікті тəжірибеде информатикадан алған білімдерін
қолдану;
б) информатиканы үйренудегі мағыналық тұлғасын көрсету;
в) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика
мен жаратылыстану ғылымдарының сабақтастығы, информатиканың
ішкі сабақтастығы (кіріктірілген сабақтар, кіріктірілген курстар,
объекті мен оның бейнесін толыққанды үйрену сабақтары).
– өзіндік шығармашылықты
ынталандыру мен шығарма-
шылықтың əр түрін қолдану арқылы жеке қабілеттерін дамыту
мүмкіндіктерін ұсыну:
а) шығармашылық зерттеушілік жұмыстар жүйесіне кіріспе;
ə) тəжірибеге оқушының тұлғалық даму ерекшелігін ескеретін
жеке тапсырмаларды енгізу;
б) сабақтан тыс жұмыстың жүйелілігі мен əртүрлілігі.
Ізгілену мен ізгілендірудің келесі кезеңдерін атап көрсетуге бол-
дады:
а) сабаққа тарих, əдебиет, музыкамен байланысты эмоционалдық
кезеңдерді енгізу; кейбір тақырыптар бойынша сыныптың
бəріне шығармашылық тапсырма беру; сыныпта сыныптан тыс
жұмыстардың кейбір элементтерін пайдалану;
ə) жеке сабақтарды жасау – кіріктіріліген, дəстүрлі емес,
практикалық бағытталған, объекті мен бейнені бүтіндей қабылдау;
көптеген тақырыптар
бойынша шығармашылық, практикалық
221
жұмыстар жасау; сыныпта жеке сыныптан тыс мерекелер
ұйымдастыру.
б) гуманитарлық негізде жеке курстар өткізу. Бағдарламаның
тақырыптары бойынша оқушылардың жалпы көзқарасын дамытуға
арналған шығармашылық сараланған тапсырмалар. Сынып
төңірегінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүйелеу.
в) білім беруге информатикадан эмоционалдық, жалпы мəдени
сипаттағы жолдар енгізу. Информатиканың
мектеп курсының
тақырыптары бойынша шығармашылық сараланған тапсырмаларын
жүйеге келтіру. Барлық оқу курсы бойынша сабақтан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру мен жүйеге келтіру.
г) информатика мен бағдарламалық материал бойынша
қосымша білім беру мен дəстүрлі емес сабақтардан, сараланған
шығармашылық, тəжірибелік, зерттеушілік жұмыстардан алынған
сабақтың бірегей кешені жайында мəлімет.
Барлық кезеңде оқушының мақсатқа бағытталған іс-əрекеті
мен олардың шығармашылығына шарттар құру ең маңызды əрекет
екендігі басып көрсетілген.
Шығармашылық – ізгілену мен ізгілендірудің басты кілті, себебі
оқушы ғана емес, мұғалімде шығармашылықты тудырады. Мұғалім
уəде етілген нəтижеге қол жеткізуде белгілі бір ретпен қолданылатын
педагогикалық əрекеттер мен құралдардың қайталанған инвариант-
ты жүйесін, яғни иілгіш педагогикалық
технологияны жасап
шығарады. Оның ерекшеліктері:
– оқушының жеке қабілеттерін ескеру;
– оқу материалын меңгеру кезінде шамадан тыс жəне
интеллектуалдық жүктеменің мүмкін еместігі;
– сыныптық ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық
климатты қамтамасыз ету.
Мұғалімнің міндеті – оқушылардың қызығушылықтары мен
мүмкіндіктеріне жауап беретін іс-əрекеттердің түрлерін келтіріп
беру, оқушылардың өз бетінше іздену мен шығармашылықтарын
қолдап отыру. Оқушы талдау құқығына,
өзін-өзі бекітуге, өзінің
жеке тұлғасын көрсетуге міндетті. Мұғалім оқушыға өзінің
қызығушылықтарын тануға, қызықтыруға қолдауға міндетті.
Мектеп оқулықтары мен оқыту əдістемесіндегі информатика
бағдарламасындағы талаптар «орташа» оқушыға есептелініп
жасалынған.
Бірақ
оқушылардың
қабілеттері
əр
түрлі:
222
информатикадан берілген материалды жеңіл əрі қызығушылықпен
меңгеретіндер; информатиканы үйрену нəтижесінде
тек қана
қанағаттанарлық нəтиже көрсететіндер; информатиканы үйрену
үлкен еңбектің арқасында келетіндер.
Осының барлығы информатиканы жеке оқыту қажеттілігіне
алып келеді, ол сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: