Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен құралдары



Pdf көрінісі
бет80/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

8.3.3 Сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен құралдары
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері – оның мазмұнын құрайтын 
шарттар. Сыныптас тыс жұмыстың түрлері өте көп. Олардың көп 
болуы топтау кезінде қиындық тудырады. Олар білім беру мен 
тəрбиелеу міндеттеріне қатысты əсер ету объектісі мен əрекет 
бағыты бойынша топталған.
Сыныптан тыс жұмыстың кез келген формасы құлықтық, 
білімділік, физикалық, экологиялық, экономикалық, эстетикалық 
жəне т.б. оқу, тəрбиелеу, дамыту міндеттерін шешуге бағытталған. 
Бұл байланыста сыныптан тыс жұмыстың объектіге əсер ету бойын-
ша топтау формасын қарастыру керек.
Жұмыста сыныптан тыс жұмыс жеке, топтасып біріккен жəне 
жаппай, жаппайлықта фронтальді жəне ұжымдық болып бөлінеді 
(8.1-сурет). 


231
Жеке жұмыс – оқушылардың жекеленген іс-əрекеті, ол өзін-өзі 
тəрбиелеуге, мұғалімнің тапсырмасын орындауға, ұжымның тала-
бын орындауға арналған оқу бағдарламасынан тыс жұмыстар. 
ǚȄǶȄǸǻǩǶǻȄǺǯçǵȄǺ
ǷǪȃǮdzǻȎǬǮÝǺǮǹǮǻǼ
ÝǹǮdzǮǻǪǩßȄǻȄ
ǪǷDzȄǶȁǩ
ǯǮdzǮ
áçǴȄáǻȄá
ǻǷǸǻȄá
ǪȎǴȎǵǭȎǴȎdz
ǵǩǺǺǩǴȄá
ǪȎǹȎdzǻȎǹǼȁȎ
ǽDZǰDZdzǩǴȄá
ǵǩǺǺǩǴȄá
ȆdzǷǶǷǵDZdzǩǴȄá
ǽǹǷǶǻǩǴȅǭȎ
çǯȄǵǭȄá
ȆdzǷǴǷǬDZȈǴȄá
ȆǺǻǮǻDZdzǩǴȄá
8.1-сурет. Сыныптан тыс жұмыстың топтамасы
Жеке жұмыс – жеке оқушылармен жұмыс түрі, өзін-өзі 
тəрбиелеуге бағытталған, оқу бағдарламасынан тыс мұғалімнің 
берген тапсырмалары мен ұжымның талаптарын орындайды. Жеке 
жұмыстың маңыздылығы баланың əлеуметтенуімен, өзін-өзі бекіту 
қажеттілігімен, өзін-өзі тəрбиелеумен ерекшеленеді. Жеке жұмыстың 
тиімділігі мақсатқа сай форманың нақты таңдалғанынан ғана емес, 
оқушыны қандай да бір іс-əрекет түріне қосумен ерекшеленеді. 
Жеке сыныптан тыс жұмыс кезінде жалпы мақсат – нақты тұлғаның 
толыққанды дамуын педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету – 
бұл мақсат жағымды МЕН-тұжырымдамасын құру жəне тұлғаның 
жеке қабілеттерін, түрлі қырларын дамытумен жүзеге асырылады.
Жеке іс-əрекет оқушылардың жəне жеткіншектердің араласудағы 
қажеттіліктерін шектемейді, бірақ жалпы жұмыста өз ісін табуға 
мүмкіндік береді. Ол үйірмелердің қажетті құрамдас бөлігіне жата-


232
ды. Мақсатты бағытталған оқушылардың жеке жұмысы əрқайсысы 
өз мүмкіндігінше жеке қабілеттерін ашуға, өздерінің даралығын 
көрсетуге бағытталған. Бұл əрекет тəрбиешілерден оқушылардың 
жеке қабілеттерін, олардың қызығушылықтарын, құрдастарының 
ұжымдағы орнын көре білу қабілетін талап етеді.
Жеке сыныптан тыс жұмыс кезінде жоспарланған компонент-
пен бірге педагогикалық шеберлік деңгейінің индикаторы болып 
табылатын, педагогикалық жағдаят деп аталатын компоненттен де 
құралады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрі – оның жаппай формалары. Олар-
ды екі үлкен топқа бөлуге болады, олар оқушы əрекетінің сипатымен 
ерекшеленеді.
Бірінші топ – фронтальді формалар. Оқушылар əрекеті «жаным-
да» қағидасына негізделген: олар бір-бірімен байланыспайды, бірақ 
əрқайсысы бірдей əрекетті өз бетінше орындайды. Педагог əр балаға 
бір уақытта əсер етеді. Кері байланыс бала санының шектеулілігімен 
жүзеге асады. Бұл қағида бойында жалпы сыныптық сабақтар 
ұйымдастырылған.
Екінші топ – ұжымдық формалар. Сыныптан тыс жұмыстың бұл 
формасын ұйымдастыру «бірге» қағидасына негізделген. Əрбірінің 
əрекетінен жалпы жеңіс тəуелді. Мұндай ұйымдастырылу кезінде 
оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мұғалім мұнда əр 
балаға емес, олардың бір-бірімен байланысына назар аударады, бұл 
мұғалім мен оқушылардың арасындағы байланыстың бекуіне əкеліп 
соғады. «Бірге» қағидасы бойынша əрекеттер жұппен, кіші топтар-
да, сыныпта ұйымдастырылады.
Бірінші топ қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бірақ мұнда 
ұжымдық əрекет төмен. Екінші топ серіктес болуда таптырмас фор-
ма, мұнда оқушылар бір-біріне көмектеседі жəне жауапкершілікті 
мойнына алуды үйренеді. 
Сыныптан тыс жұмыстарының кейбір түрлерінің ерекшеліктері, 
олардың кейбір формаларының теледидарларда өткізілуінде: КТК, 
«Не? Қайда? Қашан?», «Əуенді тап», «Ғажайыптар алаңы» жəне т.б.
Сыныптан тыс жұмыс түрінің формаларын таңдау кезінде оның 
мақсат, міндет, қызметіне негізделген оқу-тəрбиелік маңыздылығын 
жоғары бағалау керек.
Сыныптан тыс жұмыстың жаппай формасы ұжым арқылы əрбір 
оқушыға жанама əсер етуге мүмкіндік береді. Олар бірін-бірі түсіну, 


233
ұжымда əсер ету, үлкендермен, құрдастарымен бірге еңбек етуіне 
ықпал етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың жеке жұмыс формасынан басқа 
үйірмелік, біріктіруші, жаппай формалары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет