Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет89/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Пəнді оқытудың негiзгi мақсаты – жаңа буынды ерте жастан 
бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру. 
Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:
– оқушылардың логикалық жəне алгоритмдiк ойлау қабiлетiн 
дамыту;
– оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;
– оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен 
шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;
– оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық 
мəдениетiн, өзiн-өзi дамытуға жəне қызмет субъектiсi ретiнде 
қалыптастыру.
Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден “Ақпараттық 
мəдениет негiздерi” пəнiн оқытудың мақсаттары айқындалып, 
нақтыланады. 
Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мəдениет негiздерi” 
пропедевтикалық курс болып табылады жəне онда берiлген iргелi 
ұғымдар жұмыс дəптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, 
сұрақтармен, логикалық есептермен жəне дамытушылық ойындар-
мен, сергiту сəттерiмен сипатталады.
Ақпараттық мəдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы 


263
мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi жəне өлi табиғаттағы ны-
сандар, ақпарат жəне оның түрлерi, оларды алу жəне беру тəсiлдерi 
сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады. 
Бағдарлама мазмұны оқушыларғы келесі тақырыптармен 
танысуға мүмкiндiк бередi:
– ақпарат жəне оның түрлерi туралы түсiнiктермен;
– ақпараттық үдерістiң негiзгi заңдылықтарымен;
– əрекеттi жоспарлау жəне оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң 
ерекшелiктерiмен;
– нысанды топтаумен жəне оны бөлумен;
– логикалық модельдермен жəне тұжырымдармен;
– орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын 
меңгерумен;
– графикалық жəне мəтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен
– алгоритмдеумен жəне оның атқарушыларымен.
Сонымен, пəннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда 
өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық 
iс-əрекеттерi дағдыларын жəне үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық 
мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.
«Ақпараттық мəдениет негiздерi» пəнiн оқыту оқушыларды 
бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды. 
Əрбiр курс тақырыптарға бөлiнген жəне олар таңдалынған 
курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық 
тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тəртiптi сақтау 
ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Соны-
мен бiрге курстың əрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық 
жəне технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп 
отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық үдерістер” сияқты ұғымдарды 
меңгертуде қоршаған əлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу
қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап 
етiледi.
Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген əрбiр 
тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген 
тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, 
компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл 
кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.
Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пəннен алған бiлiмдерi 
қажет болады. Бұл пəннiң пəнаралық сабақтастығын жəне оқу 


264
үдерісінде жаңа ақпараттық жəне коммуникациялық технологияны 
пайдалану негiзiнде пəндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi. 
Пəндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136 
сағатты қамтиды.
Оқу бағдарламасын құрастыру барысында əрбiр сынып 
оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау 
деңгейi ескерiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет