19
дайындамалар) қайта өңдейтін қысқыш орнақтар. Блюминг пен слябингтің негізгі сипаттамасы
пішім біліктердің диаметрі болып табылады. Пішім біліктердің диаметріне байланысты
орнақтар кіші және үлкен болып бөлінеді. Қаңылтыр орнақтардың негізгі параметрі пішім білік
кеспегінің ұзындығы болып табылады, ол илемделетін қаңылтырлардың максимум енін
анықтайды.
а – тегіс білік бүйірі; б – жылғалары бар білік бүйірі;
1 – білік бүйірі; 2 – мойынақ; 3 – трефа
3.19-сурет – Илемдік пішім біліктер түрлері
Блюмингтер мен слябингтерде барлық илемдеу операциялары механикаландырылған және
автоматтандырылған, соның ішінде кесекті орнаққа және кері беру (рольгангпен), кесекті
аудару (қисайтқышпен), илемдеу режимдерін бақылау және т.б.
Кері қимылды емес дуо бір
жаққа илемдеу (үздіксіз илемдеу) үшін және жұқа қаңылтырларды илемдеу үшін қолданылады.
Үш пішім білікті орнақтарда (
трио) дайындаманы илемдеу бір бағытта – төменгі және
ортаңғы пішім біліктер арасында, ал кері бағытта ортаңғы және жоғарғы пішім біліктер
арасында жүргізіледі. Сонымен, пішім біліктердің айналу бағытын өзгертуге тура келмейді. Бұл
қимылды емес орнақтардың негізгі кемшілігін болдырмайды. Дайындаманы пішім біліктердің
жоғарғы жұбына беру үшін трио орнақтары екі жақтан көтергіш-тербелмелі үстелдерімен
жабдықталған.
Кварто орнақтарының бірінің үстіне бірі орналасқан төрт пішім білігі бар: кіші диаметрлі
екі ортаңғы пішім білік – жұмыстық (жетектік) және шеткі пішім білік тіректік болып
табылады. Тіректік пішім біліктердің тағайындалуы – илемдеу кезінде жұмыстық пішім
біліктердің қысымын қабылдау және сонымен бірге олардың иілуіне кедергі келтіру. Кварто
орнақтарын жұқа және қалың қаңылтырлар мен жолақтарды илемдеу үшін қолданады.
Көп пішім білікті орнақтар, барлық жұмыстық клетьтің одан үлкен кинематикалық
қаттылығы салдарынан суық илемдеу үшін өте жұқа жолақтар мен қалыңдығы бойынша шағын
шақтамасы бар таспаларды қолданады.
Қысып илемдеу және дайындаманың бүйірлік беттері бойынша илемдеу үшін (кең
жолақтарды, кең сөрелері бар екі таврлы арқалықтарды және т.б. илемдеу) әмбебап орнақтарды
5 (3.20-суретті қараңыз) қолданады. Бұл орнақтардың көлденең пішім біліктерден басқа
көлденең пішім біліктерге тікелей жақындықта немесе жеке клетьте орнатылған, тағы да екі тік
пішім білігі бар. Мұндай орнақтың мысалы слябинг болып табылады.
Сорттық материал мен қаңылтырларды өндіргенде үздіксіз орнақтарда илемдеу
жылдамдығы – 7…15 м/с, сымды – 25…50 м/с, ал қаңылтырды суық илемдегенде 35 м/с дейін
жетеді. Басқа орнақтарда илемдеу жылдамдығы 7 м/с аспайды.
Өңделетін металдың күйі бойынша орнақтарды ыстық және суық илемдеу орнақтарына
бөлуге болады. Шығарылатын өнімнің сипаты бойынша орнақтар: қысқыштық – блюминг және
слябинг; дайындамалық – блюмдерді квадрат қималы сорттық дайындамаға илемдеу үшін; ірі,
орташа және ұсақ сорттық; әр түрлі сорттық илемге арналған орнақтар –
рельс-арқалықты,
қаңылтырлық, сымдық; құбыр илемдік және арнайы тағайындалған орнақтар.
Илемдік орнақтарды жұмыстық клетьтердің орналасуы бойынша бөлу орнақтың
тағайындалуымен, дайындаманың белгілі пішінін илемдеу кезінде металды өткізу санымен
20
және берілген өнімділікпен анықталады.
Жұмыстық клетьтердің орналасуына байланысты илемдік орнақтар келесі топтарға
бөлінеді: бір клетьтік, желілік, тізбекті, жартылай үздіксіз және үздіксіз (3.21-сурет).
1 – дуо; 2 – трио; 3 – кварто; 4 – көп пішім білікті; 5 – әмбебап
3.20-сурет – Илемдік орнақтар түрлері
Бір клетьтік орнақтардың (3.21-сурет,
а) бір жұмыстық клеті
2 және пішім біліктері
жетегінің
1 сызығы бар. Осы топтың орнақтарына: блюмингтер, слябингтер, дуо, трио және
кварто қалың қаңылтырлы орнақтары, құбыр илемдік орнақтар жатады.
Бір клетьте калибрлердің керекті саны орналаспаған немесе жоғары өнімділік талап
етілген жағдайларда клетьтері әр түрлі орналасқан көп клетьтік орнақтар қолданылады.
Желілік орнақтардың жұмыстық клетьтері (3.21-сурет,
б-
г) бір, екі, үш
және одан көп
сызықтарға орналасқан және де әрбір желінің жеке жетегі немесе бірнеше желінің бір
қозғалтқыштан жетегі бар. Бұл орнақтар кері қимылды емес және сымдық, сорттық, рельс-
арқалықтық және жұқа қаңылтырлық ретінде қолданылады.
а – бір клетьтік; б-г – желілік; д – үздіксіз;
е – жартылай үздіксіз; 1 – жетек; 2 – клеть
3.21-сурет – Орнақтарда жұмыстық клетьтердің орналасу сұлбалары
Тізбекті орнақтың әрбір клетіндегі илемделетін жолақ тек бір рет қана өтеді, сондықтан
21
мұндай орнақ клетьтерінің саны дайын пішінді илемдеу үшін қажетті әрекеттердің ең көп
санына тең болуы тиіс. Илемдеуден кейін әрбір клетьте жолақтың ұзындығы артатындықтан,
онда клетьтер арасындағы ара қашықтық пен илемдеу жылдамдығының біріншіден соңғы
клетьке ұлғаюы тиіс. Бұл топтың орнақтары сорттық пішімдерді илемдеу үшін
кеңінен
қолданылады және үлкен өнімділікті иеленеді.
Үздіксіз орнақтар (3.21-сурет,
д) аса жетілген болып табылады. Илемделетін жолақ бір
мезгілде бірнеше клетьте болады, сондықтан пішім біліктердің жылдамдығы кез келген клетьте
уақыт бірлігінде өтетін металдың мөлшері тұрақты болатындай етіліп реттелуі және таңдалуы
тиіс, ал бұл жылдамдықтарды күрделі және дәл реттеуді талап етеді. Үздіксіз орнақтардың
өнімділігі өте үлкен болады және дайындамалық, кең жолақты, ұсақ сорттық, сымдық, құбыр
пісіру және қаңылтырларды суық орамдық илемдеу орнақтары ретінде қолданылады.
Жартылай үздіксіз орнақтар (3.21-сурет,
е) клетьтердің екі тобынан тұрады: үздіксіз
және желілік немесе тізбекті. Клетьтердің бірінші тобында жолақ үздіксіз илемделеді, яғни ол
бір мезгілде бірнеше клетьте болуы мүмкін. Клетьтердің екінші
тобында илемдеу жоғарыда
сипатталған принцип бойынша болады (желілік және тізбекті орнақтар). Жартылай үздіксіз
орнақтар ұсақ сорттық илем және сым үшін (қаралтым топ – үздіксіз, таза – желілік) және
жолақтарды илемдеу үшін (таза топ – үздіксіз) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: