50
Бүйірінен келтірілетін құю жүйесінде (4.9-сурет,
в) алғашқы аталған екі құю жүйелерінің
ерекшеліктері біріккен, оны машинамен қалыптау кезінде аса жиі пайдаланады.
Қабаттық құю жүйесі (4.9-сурет,
д,
е) құйманы төменнен жоғарыға қарай тізбекті
қоректенуін қамтамасыз етеді және оны тәртіп бойынша, ірі құймаларды жасау үшін
қолданады. Қабаттық құю жүйесінің кемшіліктері жасаудағы күрделілік және металдың едәуір
жұмсалуы болып табылады. Оның алуан түрлілігі –
вертикаль-саңылаулы жүйе (4.9-сурет,
г),
ол басты түрде түсті металдар қорытпаларынан құймаларды алуға арналған. Аса күрделі
құймаларды
аралас құю жүйесін қолдану арқылы алады
(4.9-сурет,
ж).
Құю жүйесі арналарының қимасын жалпылап қорытылған тәжірибелік коэффициенттерге
енгізілген гидравлика формулалары бойынша есептеумен анықтайды. Есептеуді құю жүйесінің
тар жеріндегі ең кіші көлденең қиманың жиынтық ауданын анықтаудан бастайды. Шойыннан,
болаттан және көптеген мыс қорытпаларынан құймаларды жасау кезінде қолданылатын құю
жүйелерінде қоректендіргіштердің қуысқа кіре берісіндегі олардың қимасы болып табылады.
Құю жүйесінің
арналары ұзын болмауы тиіс, өйткені қалыпты құйғанда металл жылдам
салқындайды, қоюланады және оның аққыштығы азаяды, бұл құймалардың толық құйылмау
бойынша ақауына әкелуі мүмкін.
Қалыптың металмен толтырылу жылдамдығы құю жүйесі қоректендіргіштерінің көлденең
қимасына байланысты болады. Құю жүйесі арналарының тым үлкен қимасы металдың артық
жұмсалуына ғана емес, сонымен бірге қалыптың, әсіресе оның жоғарғы бөліктерінің құлауына
әкеледі, бұл балқытпаның оның қабырғаларына қатты соғылуы салдарынан болады. Сонымен
қоса, осы соққылардың әсерінен қалыптың өлшемдері ұлғаюы мүмкін.
Балқытпаны
құю жылдамдығына, сондай-ақ құю жүйесіндегі балқытпаның қысымы да
әсер етеді: тіреу неғұрлым жоғары болса, қалып металмен соғұрлым жылдам толтырылады.
Қоректендіргіштер қимасының ауданын мына формула бойынша анықтайды:
F
қор
=
G/(0,31μτ
Нр
),
мұнда
G –
құйма массасы, кг; μ – металдың жұмсалу коэффициенті (шойынды құю үшін
0,27…0,55; болатты құю үшін - 0,3…0,41; түсті металдар мен қорытпалар үшін – 0,6…0,7);
τ –
құю уақыты, с;
Н
б
– балқытпаның есептік арыны, см.
Металдың есептік арыны мынаған тең:
Н
р
=
Н
м
–
Н
п
2
/(2
Н
0
),
мұнда
Н
м
– максимум арын (қоректендіргіш деңгейі үстіндегі тостағандағы балқытпаның
деңгейі бойынша), см;
Н
қор
– қоректендіргіш деңгейі үстіндегі құйманың биіктігі, см;
Н
қ
–
құйманың толық биіктігі, см. Балқытпа қатқанда оның көлемінің азаюы нәтижесінде түзілуі
мүмкін шөгіндік қаяуларсыз және кеуектіліксіз құймаларды алу үшін,
қалыптағы арнайы
қуыстарды –
қосылмаларды қолданады
.
Қосылмаларды құйманың массивті бөліктерінде орналастырады, онда көлемдік шөгу аса
маңызды айқындалады. Қосылмаларды олардың геометриялық пішіні, орналасқан орны,
құйманы балқытпамен қоректендіру шарттары және т.б. бойынша ажыратады. Ұтымды
қосылманы
таңдау құйманың пішініне, өлшемдеріне, массасына, қорытпаның шөгуіне және
басқа шарттарға байланысты болады. Қосылмалардың кейбір типтері 4.10-суретте көрсетілген.
Тікелей қоректендірілген
ашық қосылмаларды (4.10-сурет,
а)
ірі болат құймаларды
қоректендіру үшін қолданады, кейде оның деңгейінің төмендеуіне қарай, оларға металды толық
құяды. Мұндай қосылма шығарғыштың да қызметін атқарады, оған қалыптау қоспасының
бөлшектері және басқа кірмелер қалқып шығуы мүмкін. Көптеген жағдайларда әр түрлі пішін
үйлесімі (4.10-сурет,
б-
е) бар және металдың қандай да бір үнемделуін беретін
жабық қосыл-
маларды қолданады. Атмосфералық қысыммен жұмыс істейтін жабық қосылмаларда шөгіндік
қаяулардың түзілуі және тығыз құйманың алынуын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар
тудырылады. Мұндай қосылмаларда атмосфералық қысымды олардың қуысына арнайы газ
өткізетін өзектерді
5 орнатудың көмегімен тудырады (4.10-сурет,
г).
Газ қысымымен жұмыс істейтін қосылманың қуысына (4.10-сурет,
д), арнайы патронда
3
газ тәрізді заттан алынған зарядты (әдетте кокс қосындылары қосылған бор) орналастырады.
Патрон мына түрде құрылған: қосылманың бетінде металдың жұқа қатты қабықшасы түзілген
соң патроннан
газдар бөліне бастайды, олар қысым тудырады және қатпаған балқытпаны
қосылма қуысынан құйманың денесіне ығыстырады.
51
а – ашық конустық; б, в – жабық жарты шарлы және шарлы;
г, д – атмосфералық және газ қысымымен жұмыс істейтіндер; е – оңай бөлінетін;
1 – қосылма; 2 – құйма; 3 – патрон; 4 – диафрагма; 5 – газ өткізетін өзек
4.10-сурет – Қосылмалар типтері
Оңай бөлінетін қосылмаларды (4.10-сурет,
е) алу үшін
бөлгіш өзек-тілімшелерді 4
(диафрагмалар) қолданады, оларды шамот-балшықты қоспалардан жасайды. Мұндай
қосылмалар құйманы диафрагмадағы тесік арқылы қоректендіреді. Пайданың құйма денесімен
диафрагмадағы шағын жалғастырғыш арқылы қосылу фактісі оң болып табылады, оның бар
болуы құймадан қосылманың бөліну процесін едәуір ықшамдайды.
Достарыңызбен бөлісу: