Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы



Pdf көрінісі
бет3/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы 
Металдарды қысыммен өңдеу түрлерінің жіктелуі, қолданылу салалары
 
Қазіргі заманғы өндірісте металдарды қысыммен өңдеудің келесі негізгі тәсілдерін 
қолданады (3.1-сурет): илемдеу, баспалау, сымдау, соғу, көлемдік және қаңылтырлық қалыптау. 
Илемдеу (3.1-сурет, а) дайындаманың көлденең өлшемдерін азайту және оған берілген 
пішінді беру мақсатында илемдік орнақтың айналатын пішім біліктері 2 арасындағы 
дайындаманы 1 қысу үшін пайдаланылады. Үйкелу күштері F
үйк
дайындаманы пішім біліктерге 
тартып қысады, ал F күштері оны деформациялайды. 
Баспалау (3.1-сурет, б) алғашқы дайындама металын 1 матрицаның тесігі 3 арқылы 
ығыстырып шығару процесін білдіреді, ол кезде алынатын дайындама қимасы матрицаның 
шығысындағы тесіктің контурына сәйкес келеді. Баспалаудың алдында дайындама контейнерге 
орналастырылады, сонан соң F күшімен жұмыстық аспапқа (пуансон) әсер етеді. 
Сымдау кезінде (3.1-сурет, в) F күшінің әсерімен сымдауыштағы 6 тесік арқылы 
дайындаманы 1 тартып жонады. Сымдауыштың шығыстық қимасының ауданы алғашқы 
дайындама қимасының ауданынан кем. 
Соғу (3.1-сурет, г) дайындамаға 1 соққылық аспап 7 күштерінің F жүйелі әсер етуі 
есебінен оның пішіні мен өлшемдерін өзгерту үшін қолданылады.  
а – илемдеу; б – баспалау; в – сымдау; г – соғу; д, е – қаңылтырлық және



көлемдік қалыптау; 1 – дайындама; 2 – пішім біліктер; 3 – ұяқалып; 4 – контейнер; 
5 – пуансон; 6 – сымдауыш; 7 – соққылық аспап; 8, 9 – қалыптың жоғарғы және төменгі 
жартылары; F – деформациялаушы күш; F
үйк
– үйкеліс күші 
3.1-сурет – Металдарды қысыммен өңдеудің негізгі тәсілдерінің сұлбалары 
Қалыптау дайындаманың пішіні мен өлшемдерін арнайы жасалған қалыпта өзгерту үшін 
қолданылады. Аспаптың әсерінен дайындама осы аспаптың бетіне немесе контурына сәйкес 
келетін пішін мен өлшемдерді иеленетін деформациялаушы аспап қалып деп аталады. 
Қалыптауды ол кезде матрицада 3 орналасқан дайындама 1 пуансонмен 5F күшімен 
деформацияланатын қаңылтырлық (3.1-сурет, д) және оның процесінде дайындама 1 екі 
жартыдан тұратын (жоғарғы 8 және төменгі 9) қалыпта F күшімен деформацияланатын 
көлемдік (3.1-сурет, е) деп бөледі. 
Металдарды қысыммен өңдеу кезінде дайындамада сыртқы күштердің әсерінен кернеулер 
пайда болады. Егер олар үлкен болмаса, серпімді деформация болады, ол кезде металл 
атомдары тұрақты тепе-теңдік қалпынан атом аралық ара қашықтықтан аспайтын өте аз ара 
қашықтықтарға ығысады. Жүктемені алған соң атомдар тұрақты тепе-теңдіктің алғашқы 
қалпына қайтады. 
Сыртқы жүктеменің ұлғаюымен дайындамадағы кернеулер артады, бұл атомдардың 
тұрақты тепе-теңдік қалпынан атом аралық ара қашықтықтан едәуір асатын ара қашықтықтарға 
ығысуына әкеледі. Жүктемені алған соң атомдар тұрақты тепе-теңдіктің жаңа орындарын 
иеленеді, сондықтан дененің пішіні қалпына келмейді. Дене пішінінің мұндай қайтымсыз 
өзгерісі илемді деформация деп аталады. Металдың илемді деформацияға ұшырау қабілеттілігі 
илемділік деп аталады. Сандық түрде илемділік металға ол бұзылғанға дейін хабарлауға 
болатын максимум қалдық деформация мәнімен сипатталады. Илемділік металдың тұрақты 
сипаттамасы болып табылмайды, өйткені елеулі дәрежеде оның деформациялау шарттарына 
байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет