Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет46/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Доғалы дәнекерлеу
 
Доғалы дәнекерлеу – балқыту арқылы дәнекерлеу, сол кезде қыздыру электр доғасымен 
жүзеге асырылады.
Дәнекерлеу доғасы – газдың, металл буының, электродты жабын компоненттерінің, 
қождамалардың иондалған қоспасында электр разряды түрлерінің бірі.
Электр доғасын қоздыру үшін электродтар арасында ауа аралығын иондау керек, тек осы 
жағдайда ғана ол электр тогын өткізеді. Әдеттегі жағдайларда газдар бейтарап. Сондықтан 
газды иондау тек сыртқы әрекет әсерінен: қатты қыздыру, жиілігі жоғары электрмагниттік 
сәулелену, атомдарды (молекулаларды) жылдам электрондармен бомбалаған кезде ғана жүруі 
мүмкін. Атомдарды (молекулаларды) иондау үшін электронның атомның (молекуланың) қалған 
бөлігімен өзара әрекеттесу жұмысынан асып кететін иондау жұмысын аяқтау керек. Иондауда 
талап етілген жұмыс шамасы молекуланың химиялық табиғатына (3.1- кесте) және жұлынатын 
электронның энергетикалық жағдайына тәуелді.
3.1-кесте – Иондау жұмысы, Эв 
Иондау процесі 
Иондау жұмысы 
Иондау процесі 
Иондау жұмысы 
He → He+ 
24,5 
Ar → Ar+ 
15,7 
Ne → Ne+ 
24,5 
CO
2
→ CO
2

14,4 
N2→ N
2

15,8 
Na → Na+ 
5,1 


79 
«Қоректендіру көзі – электрод - дайындама» электр тізбегінің қысқа мерзімді қысқа 
тұйықтау арқылы ауа аралығын иондауға және доғаны қоздыруға болады. Электродпен 1 
дайындамаға 2 жанасады (3.4, а-сурет). 
Микротегіс еместік шыңдары балқыған көпіршелер 5 түзіп, балқиды. Электродтарды 
жылдам араластырған кезде (3.4, б-сурет) балқыған көпіршелер созылады, тарылады 4. Осының 
нәтижесінде көпіршелерде ток тығыздығы металл 5 бөлігін буландыруға мүмкіндік беретін 
шамаға жетеді. Электрод арасындағы аралық ионданады және доғалы разряд туындайды. Егер 
иондауды қолдайтын факторлар сақталатын болса, онда тұрақты электр доғасы туындайды.
Электродтардың шеттерін қыздырған кезде беттік қабаттарының электрондары оларға 
«қатты дене - газ» шекарасынан өтуге мүмкіндік беретін кинетикалық энергия өсімін алады 
(термоэлектронды эмиссия) (3.4, в-сурет). Электрондар 7 2 км/с дейін жылдамдықпен анодқа 
қарай ұмтылады және металл буы молекулаларымен 8 және электрод жабыны 
компоненттерімен соғылысады. Бұл жылдамдық бейтарап атомдармен соқтығысқан кезде 
олардың иондануын жүргізу үшін жеткілікті (3.4, г-сурет). Иондау процесі көшкін тәріздес 
сипатқа ие болады, зарядталған бөлшектер ағыны электр өрісімен бағдарланады, бұл доғаның 
тұрақты жануын қамтамасыз етеді. 
 
 
а – микротегіс еместік шыңдарын балқыту; б – металдың булануы;
в - электрондардың ұшуыг – атомдардың ыдырауы 
3.4-сурет – Доғаны қысқа тұйықталу арқылы жағу сұлбасы
Доғаның жану моментінде электродтар арасындағы ауа аралығы жеткіліксіз 
қыздырылған, сондықтан оны иондау үшін ұлғайтылған энергия керек (электродтар арасында 
жоғары электр потенциалы қажет). Теріс полярлылығы бар электродтың шетжақ бетінде 
шектелінген анағұрлым қыздырылған белсенді катодты таңба 3 болады, ол доғаның барлық 
тогын өткізеді (3.5-сурет).
Ток күшін 50 А-ға дейін арттырған кезде катодтық таңба ауданы ұлғаяды, ток 
тығыздығы және ауа аралығының иондануы артады. Осының нәтижесінде доғалық аралықтың 
электрлік кедергісі азаяды және қажетті токты сақтау үшін аз электр потенциалы талап етіледі.
Бұл доға аралығының электр өткізгіштігін ұлғайту жылдамдығы токтың арту жылдамдығынан 
үлкен екенімен түсіндіріледі. 50 А астам ток күші кезінде катодтық таңба электродтың шеткі 
барлық ауданын алады, доға аралығының электр өткізгіштігін ұлғайту жылдамдығы токтың 
арту жылдамдығы токтың арту жылдамдығына шамамен тік пропорционал және доға 
ұзындығында кернеудің түсуі іс жүзінде тұрақты болып сақталады.


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет