Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Дәнекерлеу доғасын қоректендіру көзі



Pdf көрінісі
бет49/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Дәнекерлеу доғасын қоректендіру көзі 
 
 Доғаның жану тұрақтылығы ҚК сыртқы сипаттамасы түрінің доғаның статикалық 
сипаттамасына сәйкестігіне тәуелді. ҚК сыртқы сипаттамалары келесі түрде болуы мүмкін (3.9-
сурет): 1 – өспелі, 2 – қатты, 3 – жазық түсетін, 5 – тік түсетін. 
ҚК оның сипаттамасының дәнекерлеуде қабылданған тәсілге сәйкестігі бойынша таңдау 
керек. ІІ учаскеде доғаны қоректендіру үшін (3.6-сурет) тік түсетін сипаттамасы бар көздерді 
қолданады. Жазық және тік түсетін сипаттамалары бар ҚК жұмысын қарастырамыз. Дәнекерлеу 
кезінде доғаның тұрақты жануы доғаның статикалық сипаттамасының жұмыс нүктесіндегі ҚК 
сыртқы сипаттамасымен қиылысуы кезінде мүмкін болады («А» немесе «Б» нүктелері). 
Доғаның жану және электродты металды дайындамаға тасымалдау уақытында доғаның 
ұзындығы өзгереді. Доғаның вольт – амперлік сипаттамасы 4 өзінің күйін ол да өзгертеді. 
Осының салдарынан доға кернеуінің (U
д1
және U
д2
) және дәнекерлеу тогының (J
св
) мәндері 
өзгереді. Доғаның тұрақты жануы жұмыс режимінің (А
1
, А
2
, Б
1
, Б

нүктелері) кездейсоқ 
ауытқуы кезінде дәнекерлеу режимі жылдам қалпына келген кезде ғана болады және 
дәнекерлеу тогының құбылуы салыстырмалы түрде аз болады. Сондықтан ток көзінің сыртқы 
сипаттамасы неғұрлым тік түсетін болса, доға соғұрлым тұрақтырақ және дәнекерлеу сапасы 
жоғары болады.
«В» нүктесі ҚК жұмысында доға жанбағанда және дәнекерлеу тізбегі ажыратылған 
кезде бос жүріс режиміне сәйкес келеді. Доғаның жануын жеңілдету үшін бос жүріс режимі 
жоғары кернеумен сипатталуы тиіс (доға кернеуінен 2…3 есе жоғары). Бір мезгілде осы кернеу 
дәнекерлеуші үшін қауіпсіз (айнымалы ток көздері үшін 80 В аспайтын және тұрақты ток үшін
90 В аспайтын) болуы керек.
Ток өткізетін сымдардың қатты қызуына жол бермес үшін ҚК қысқа тұйықталу тогын 
(I
к
) шектейтін сипаттама болуы керек. Қысқа тұйықталу тогының дәнекерлеу тогына қатынасы 
1,1…1,5 аралықта болады. Кернеудің қысқа тұйықталудан доғаның тұтануына дейін қалпына 
келу уақыты секундтың жүздеген бөлігін құрайды.
Қолмен доғалық дәнекерлеу және доға кернеуін автоматты реттейтін (3.6-сурет, ІІ 
учаске) қождама астында дәнекерлеу үшін ҚК сыртқы сипаттамасы тік құлайтын болуы керек 
(3.9-сурет, 5 қисық). Сипаттама тіктігі неғұрлым көп болса, доға ұзындығы өзгерген кезде ток 
құбылысы соғұрлым аз болады. Доғаны өздігінен реттеу арқылы автоматты дәнекерлеу кезінде 
ҚК сыртқы сипаттамасы жазық түсетін (3.9-сурет, 3 қисық) болуы керек, бұл өздігінен реттелу 
импульстілігін қамтамасыз етеді. Тұрақты токта қорғаныш газдары ортасында дәнекерлеген 
кезде токтың үлкен тығыздығын қолданған жағдайларда (3.6-сурет, ІІІ учаске) ҚК сыртқы 
сипаттамасы қатаң немесе өспелі болуы керек (3.9-сурет, 2 немесе 1 қисық).
Доғаның әрбір ҚК белгілі бір жүктемеге есептелген (номинал жұмыс тогы және кернеу), 
сол кезде ол ұйғарылған нормалардан жоғары қатты қызбастан жұмыс істейді. Доғалы 
дәнекерлеу кезінде жұмыс режимі дәнекерлеу ұзақтығының пайызбен өрнектелген және ҚК 
(қосылу кезеңділігі) белгіленетін дәнекерлеу ұзақтығы мен бос жүріс ұзақтығының 
қосындысына қатынасымен сипатталады: 
п
св
св
t
t
t
ПВ


100

(3.5) 
мұнда t
св
– дәнекерлеу уақыты; t
п
– үзіліс уақыты. Жұмыс циклінің ұзақтығы t
св
+t
п
=5 
мин. Өнеркәсіптік дәнекерлеу жабдығы үшін ПВ=(60…80)%, тұрмыстық үшін – (20…35)% 
қабылданады. 
Доғаны қоректендіру үшін айнымалы ток көздерін (дәнекерлеу трансформаторлары) 
және тұрақты ток көздерін (дәнекерлеу түзеткіштері мен генераторлары) қолданады.


84 
Дәнекерлеу трансформаторлары анағұрлым кең таралған, себебі олар: пайдалануда 
қарапайым, ұзақ мерзімді; жоғары ПӘК бар. Алайда трансформатордың жұмысы үшін электр 
беріліс желісі қажет. Сонымен қатар, тұрақты ток анағұрлым технологиялы, себебі доға 
анағұрлым тұрақты (әсіресе аз токта дәнекерлеген кезде), түрлі кеңістіктік жағдайларда 
дәнекерлеу жағдайы жақсарады, дәнекерлеуді тік және кері полярлылықта жүргізуге болады.
 
 
1 – өспелі; 2 – қатты; 3 – жазық түсетін; 4 –тік түсетін;
5 – доғаның ішкі сипаттамалары; U – кернеу; I – ток;
А
1
, А
2
, Б
1
, Б
2
– доғаның тұрақты жану нүктелері; В – бос жүріс;
Г – қысқа тұйықталу; U
хх
– бос жүріс кернеуі; U
Д
– доға кернеуі;
I
св
- дәнекерлеу тогы; I
к
– қысқа тұйықталу тогы; 1 және 2 индекстер доғаның түрлі 
ұзындығына сәйкес келеді
3.9-сурет – Ток көздерінің сыртқы вольт – амперлік сипаттамалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет