85
Жанама әрекеттегі доға – дәнекерлеу нысаны дәнекерлеу тізбегіне қосылмайтын доға
(3.10,
б-сурет). Электродтар
2 айнымалы ток тізбегіне қосылған. Доға
3 электродтар арасында
жанады (әдетте балқымайтын). Дайындама шеттерінің металы қызады және доға бағанасының
жылуымен балқиды. Үш фазалы доғамен дәнекерлеу (3.10,
в-сурет). Доға
3 электрод
2 арасында
және әрбір электр арасында дайындамалармен
4 жанады.
Пісіру процесінің мәні. Пісіру кезінде алынған қосылыс қосылатын денелердің элементар
бөлшектері арасында атом-молекулалық байланыстардың түзілуі
есебінен қол жеткізілетін
үздіксіз құрылымдық байланыспен және құрылысының тұтастығымен сипатталады. Пісіру
кезінде түзілетін ажыратылмайтын тұтас қосылыс
пісірме қосылыс деп аталады.
Пісіру кезінде қосылыс түзілу процесі үш сатыда өтеді.
Бірінші сатыда физикалық
қатынасқа қол жеткізіледі, яғни қосылатын заттарды атом аралық өзара әрекеттесу үшін
қажетті ара қашықтықтарға жақындату жүзеге асырылады.
Екінші сатыда химиялық өзара
әрекеттесу жүреді, ол берік қосылыс түзілу процесімен аяқталады.
Осы екі саты қосылатын
заттардың микробөліктеріне тән. Пісіру процесі
үшінші сатымен – диффузиямен аяқталады.
Материалдарды сапалы қосу үшін түйісетін беттердің елеулі бөлігінің түйісуін және
олардың қарқындатылуын қамтамасыз ету қажет.
Қарқындату мынадан тұрады: қатты дененің
беттік атомдарына олардың арасындағы байланыстарды үзу және беттік атомдар энергиясын
энергетикалық ұстасу кедергісіне дейін жоғарылату үшін, яғни оларды белсенді күйге
ауыстыру үшін қажетті қандай да бір энергия хабарланады. Мұндай энергия жылу (термиялық
қарқындату), серпімді-илемді деформация (механикалық қарқындату) және қосылатын
материалдарға әсер ететін басқа түрлер түрінде хабарлануы мүмкін.
Балқытумен пісіру кезінде пісірме қосылыс (5.1-сурет) – қатты денелер атомдарының
олардың беттерінің сұйық металмен (балқытпамен)
сулануы салдарынан, ал қатты металл
бетінің қарқындатылуы оны жылу энергиясы бөлшектеріне хабарлау жолымен түзіледі.
Қосылатын тетіктер элементтерінің металы (5.1-сурет,
а) пісіру орнында келтірілетін жылу
энергиясымен
Q сұйық күйге дейін жеткізіледі. Сонымен бірге тетіктердің негізгі (пісірілетін)
металы қосылатын элементтердің жиектері бойында жергілікті балқытылады. Пісіру негізгі
металдың немесе негізгі және қосымша (
қоспа) металдарды балқыту есебінен жүзеге асырылуы
мүмкін.
а – қосылатын тетіктер; б – пісіру ваннасы; в – жіктің кристалдануы;
г, д – жік құрылымы; Q – жылу энергиясы
5.1-сурет – Балқытумен пісіру кезінде пісірме қосылыстың түзілу сұлбасы
Практикада екінші нұсқа басым қолданыс тапқан. Пісіру процесінде негізгі және қосымша
металдар өз еркімен және сыртқы күштер түсірусіз, қосылатын элементтердің қалған қатты
бетін
сулайтын ортақ пісіру ваннасына (5.1-сурет,
б) құйылады. Сонымен бірге пісіру
ваннасының металы және негізгі металдың атомдары атом-молекулалық байланыстар пайда
болатын ара қашықтықтарға дейін жақындасады. Металды балқыту процесінде қосылатын
беттің
тегіссіздіктері жойылады, органикалық заттар, адсорбцияланған газдар, оксидтер және
атомдардың жақындасуына кедергі келтіретін басқа ластанулар жартылай жойылады.
Балқытылған металдың жоғары температурасымен қамтамасыз етілген атомдардың жоғары
86
жылжымалылығы атом аралық ұстасуға мүмкіндік туғызады.
Қыздыру көзінің жойылуына қарай балқытпа салқындайды да, қатты металл мен пісіру
ваннасының балқытпасы арасындағы бөлік шекарасынан басталатын кристалдану (5.1-сурет,
в)
болады. Кристалданудың ұрықты центрлері негізгі металдың балқытылған түйіршіктері болып
табылады, оларда өзіндік төсеніш орталығында сияқты, пісірме жіктің алғашқы діңгекті
кристалдары өсе бастайды. Кристалдар сұйық ваннаны бойлап салқындау бетіне қарай нормаль
бойынша өседі де, әр түрлі көлемді дендриттер түрінде болады.
Пісіру ваннасының көлемі салыстырмалы түрде кіші болғанда (пісіру жылдамдығы үлкен)
түзілетін діңгекті кристалдар бір-бірімен пісірме жіктің орталық сызығы облысында
кездескенге дейін өсіп үлгереді (5.1-сурет,
г). Үлкен ванна және оның
пісірме жіктің орталық
бөлігінде баяу кристалдануы жағдайында тең осьті кристалдардың шағын аймағы пайда болады
(5.1-сурет,
д). Пісіру ваннасын кристалдану аяқталған соң бұрын бөлек болған тетіктерді
бірыңғай тұтасқа қосатын, тұтас, құйылған құрылымы бар жік түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: