Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет62/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Жікпен түйістіріп пісіру
 
Жікпен түйістіріп пісіру (3.26-сурет) – ұзындығы бойынша асып түсетін бірқатар 
нүктелерді түзу жолымен саңылаусыз қосылысты (жікті) алу тәсілі. Жікті алу үшін қалыңдығы 
4 мм дейінгі дайындалған жолақтарды олар арқылы электр тогы өтетін машинаның айналатын 
аунақшалары арасында өткізеді. 


104 
 
 
1 – пісірілетін тетіктер; 2 – аунақша; 3 – трансформатор 
3.26-сурет – Жікпен түйістіріп пісіру сұлбасы 
Аунақшалы пісіруді үздіксіз, үзілмелі және қадамдық етіп орындайды. Үздіксіз пісіру 
кезінде тетіктер үздіксіз орын ауыстырады, ал электродтарға ток үнемі келіп тұрады. Сонымен 
бірге, пісірілетін тетіктердің беті қатты қызады, электродтар жылдам тозады, бұл пісіру 
сапасын нашарлатады. Үзілмелі пісіру кезінде тетіктер үздіксіз орын ауыстырады, ал 
электродтарға ток мерзімді келіп тұрады. Қадамдық пісіру кезінде токты қосқан сәтте тетіктер 
қозғалмайды. Бұйымның пісірілген бөлігі қатқан соң ол белгілі қадамға орын ауыстырады. 
Қысқа жіктерді – қаңылтырдың бір бұрышынан екіншісіне қарай, ал ұзын жіктерді 
ортасынан ұштарына қарай пісіреді. Аунақшалы пісіруді 2000…5000 А айнымалы ток күшінде 
жүргізеді. Аунақшалар диаметрі 40…350 мм-ге тең; аунақшалармен пісірілетін тетіктердің 
қысылу күші 6 кН жетеді; пісіру жылдамдығы 0,5…3,5 м/мин. Жікпен пісіруді төмен көміртекті 
және қоспаланған болатты, алюминий және магний қорытпаларын, кейбір мыс және титан 
қорытпаларын қосу үшін қолданады. Пісірудің осы түрінің бірі бойлық түйіс жігі бар 
құбырларды жікпен түйістіріп пісіру болып табылады. Пісірудің осы түрі үшін қолданылатын 
құбырлардың диаметрлері бір метрден артық болуы мүмкін.
Сондай-ақ, түйістіріп пісіруге арналған машиналар түйісті, нүктелік және жікті деп 
бөлінеді. Олар тұрақты және тасымалды болуы мүмкін. Тұрақты машиналар бір және көп 
нүктелі болуы мүмкін, олардың соңғысы минутына 200 нүктеге дейінгі өнімділікте бір мезгілде 
50 нүктеге дейін пісіреді. Пісіру машиналарының үш негізгі түйіні бар: ток көзі, токты үзгіш 
және қысым механизмі. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған болуы мүмкін. 
Машиналардың қуаты 600 кВА дейін жетеді, тығыздығы 120 А/мм

кем емес, екінші реттік 
кернеу 1…12 В, электродтар арасындағы қысым 20…120 МПа. 
Пісіру машинасының қуатын мына формула бойынша анықтайды: 
N = ks
мұнда k – 8…25 тең коэффициент (пісірілетін материалға байланысты); s – 
қаңылтырлардың жиынтық қалыңдығы, мм. (ТПМП нов) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет