133
Іргетас тақтасына
1 орнақ
2 бекітіледі,
оның жоғарғы бөлігінде аспаны 6 бекітуге арналған
тұмсық
5 орналасқан
. Орнақтың артқы
жағынан электр қозғалтқыш 3 жинақталған,
ол
орнақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан жылдамдықтар қорабы арқылы айналдырықты
9
айналдырады. Құрал білікте
7 бекітілген жонғыш
8 айналдырықтан алынатын бас айналмалы
қозғалысты жүзеге асырады. Жылдамдықтар қорабы айналдырық айналымдарының санын
ауыстырып қосу лимбімен
4 және батырмалы іске қосу панелімен жабдықталған.
Консоль
13 станок орнағында орналасқан вертикаль бағыттаушылар бойынша қозғалады.
Консольдың жоғарғы бөлігінде үстел
10, үстелдің
айналатын бөлігі 11 және жылжымалар
12
орналасқан
.
Үстелде бекітілген, өңделетін тетіктің бойлық, көлденең немесе вертикаль қозғалысы
болуы мүмкін. Тетігі (берілісі) бар үстелдің орын ауыстыруының барлық үш түрі консольда
орналасқан берілістер қорабы арқылы
жеке электр қозғалтқышынан 14 механикалық түрде
немесе маховиктер және тұтқалар жүйесінің көмегімен қолмен жүзеге асырылады.
1 – іргетас тақтасы; 2 – тұғырық; 3 – электр қозғалтқыш; 4 – лимб; 5 – тұмсық;
6 – аспа; 7 – құрал білік; 8 – жонғыш; 9 – айналдырық; 10 – үстел; 11 – үстелдің
айналатын бөлігі; 12 – жылжымалар; 13 – консоль; 14 – электр қозғалтқыш
6.47-сурет – Әмбебап жоңғылау станогының жалпы түрі
Бекітілген тетігі бар үстелді жонғышқа келтіруге уақытты қысқарту және жұмыстық жүріс
аяқталған соң тетікті қайтару мақсатында берілістер қорабы үстелдің жылдам (бос) бойлық,
көлденең және вертикаль қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Үстелді жартылай автоматтық
немесе қолмен жұмыс істеу цикліне баптауға болады.
6.48-суретте вертикаль-жонғыш станоктың жалпы түрі көрсетілген. Станокта кескіш
құрал ретінде шет жақтық, шеттік, саусақты, кілтекті және басқа жонғыштарды пайдаланады.
Іргетас тақтасына
1 орнақ
2 бекітіледі. Орнақтың жоғарғы бөлігінде айналдырығы
6 вертикаль
орналасқан айналдырық бастиегі
5 бар. Айналдырықта
бекітілетін жонғыш 7 бас айналмалы
(вертикаль осьтің маңайында) қозғалысты жүзеге асырады, ол электр қозғалтқыштан
4 орнақта
орналасқан жылдамдықтар қорабы және айналдырық бастиегінде болатын конустық тісті
доңғалақтардың қосымша жұбы арқылы алынады. Айналдырық айналымдарының санын
жылдамдықтар қорабындағы берілістерді тұтқамен
3 ауыстырып қосу жолымен өзгертеді.
Станок консолі
10 орнақтың вертикаль бағыттаушылары
бойынша жоғары және төмен
қарай қозғалады. Консольда сәйкес бағыттаушылар бойында – көлденең жылжымалар
9,
ал
соңғылары бойында үстел
8 қозғалады
.
Берісті бойлық, көлденең және вертикаль бағыттарда жүзеге асыру үшін үстелдің
қозғалуы белгілі жылдамдықтар жинағы бар және консольдың
10 төменгі бөлігінде орналасқан
берістер қорабы арқылы жеке электр қозғалтқышпен
11 қамтамасыз етіледі
. Барлық берістер
бағыттарында жеке тісті жұптар арқылы жүзеге асырылатын, үстелдің жұмыстық баяу және бос
жедел қозғалысы бар.
134
1 – іргетас тақтасы; 2 – тұғырық; 3 – тұтқа; 4, 11 – электр қозғалтқыштар;
5 – айналдырық бастиегі; 6 – айналдырық; 7 – жонғыш; 8 – үстел;
9 – жылжымалар; 10 – консоль
6.48-сурет – Вертикаль-жоңғылау станогының жалпы түрі
Достарыңызбен бөлісу: