Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары



Pdf көрінісі
бет84/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары 
 
Жоңғылауды бірнеше түрге бөледі: жазық беттерді (горизонталь, вертикаль, көлбеу және 
кемерлерді) жоңғылау; күрделі технологиялық беттерді (ойықтарды, бунақтарды, ойма 
кілтектерді және т.б.) жоңғылау және фасондық жазықтықтарды жоңғылау. Жазық беттерді 
жоңғылау сұлбалары 6.49-суретте көрсетілген. Горизонталь беттерді горизонталь және 
вертикаль-жоңғылау станоктарында цилиндрлік және шет жақтық жонғыштармен (6.49-сурет, 
аб) өңдейді. Тетіктерді пішіні мен өлшемдеріне байланысты үстелде машиналық қысқыштарда 
(6.50-сурет, а) болттардың, тақтайшалардың және төсемдердің (6.50-сурет, б) көмегімен
сондай-ақ сериялық өндіріс жағдайларында өңделетін дайындамалар үшін қолданылатын 
арнайы құрылғыларды пайдалану арқылы бекітеді. 
 
аб – горизонталь; вг – вертикаль; д-ж – көлбеу; з – аралас; S
пр 
– бойлық беріс 
6.49-сурет – Жазық беттерді жоңғылау сұлбалары 


135 
 
а – машиналық қысқыштарда; б – арнайы құрылғыларда 
6.50-сурет – Горизонталь бетті жоңғылау кезінде
тетіктерді бекіту тәсілдері 
Вертикаль беттерді жонғыштардың шет жақтық (6.49-сурет, в), шеттік (6.49-сурет, г
және басқа түрлерімен өңдейді.
Көлбеу беттерді және қия кесіктерді шет жақтық (6.49-сурет, д), шеттік (6.49-сурет, е
және бұрыштық (6.49-сурет, ж) жонғыштармен өңдейді. Жонғыш көлбеуінің қажетті бұрышын 
айналдырық бастиегі вертикаль жазықтықта айналатын станоктарда ғана орнатуға болады. 
Аралас беттерді аралас жонғыштармен өңдейді (6.49-сурет, з). 
Күрделі беттердің, мысалы, ойықтардың (6.51-сурет, а, в, г), кемерлердің (6.51-сурет, б
пішін құруы үшін дискілік (6.51-сурет, а), шеттік (б), фасондық (в) және бұрыштық (г
жонғыштарды қолданады. «Қарлығаштың құйрығы» типті және Т тәрізді ашық ойықтарды 
шеттік жонғыштармен (6.51-сурет, де) өңдейді. 
Тік бұрышты қималы кілтек ойықтар мен бунақтарды жоңғылау кезінде шеттік (6.51-
сурет, ж) және арнайы кілтекті жонғыштарды (з) пайдаланады. Оларды вертикаль-жонғыш 
станоктарда өңдейді. Кейде кілтек бунақтарды горизонталь-жоңғылау станоктарында дискілік 
үш жақты жонғыштармен (6.51-сурет, и) жоңғылайды. Ойма кілтектерді горизонталь-
жоңғылау станоктарында кертікті дискілік жонғыштармен өңдейді. 
 
 
а, в, г – ойықтарды; б – кемерлерді; д – «қарлығаштың құйрығы»
типті ойықтарды; е – Т тәрізді ойықтарды; ж-и – кілтекті
ойықтар мен бунақтарды; к – фасондық беттерді; S
пр 
– бойлық беріс 
6.51-сурет – Күрделі беттерді жоңғылау сұлбалары 


136 
Шағын өлшемді дайындамаларда фасондық беттерді жоңғылау үшін горизонталь немесе 
вертикаль-жоңғылау станоктарында фасондық жонғыштарды қолданады, олардың пішіні 
дайындалатын тетіктің пішініне сәйкес келеді (6.51-сурет, к). Аса күрделі пішінде фасондық 
дайындамаларды не жеке жонғыштар жинағымен, не арнайы көшіргіштердің көмегімен 
өңдейді. Дайындамалардың көлемді фасондық беттерін (баспақ-қалыптар, қалыптар және т.б.) 
жоңғылауды арнайы көшіргіш-жоңғылау станоктарында жүргізеді. Конструкциясына 
байланысты жонғыштарды станоктар айналдырықтарында әр түрлі бекітеді (6.52-сурет). Бекіту 
тәсілі бойынша жонғыштарды орталық тесігі бар саптама (6.52-сурет, а) және конустық немесе 
цилиндрлік пішінді сағасы бар сағалық (6.52-сурет, бв) деп бөледі. 
 
 
а – саптама жонғыш; бв – сағалы жонғыштар; 
1 – айналдырық; 210 – құрал біліктер; 3 – орнату сақинасы; 41115 – жонғыштар; 
512 – кілтектер; 6 – сырға; 7 – мойынтірек; 8 – төрткілше; 9 – болт; 
13 – бұранда; 14 – ауыспалы төлке 
6.52-сурет – Жоңғылау кезінде құралды бекіту тәсілдері 
Цилиндрлік және дискілік жонғыштарды көбінесе горизонталь-жоңғылау станоктарында 
өңдеу кезінде қолданады, сондықтан олар екі тіректі центрлік құрал біліктерде (6.52-суретті 
қараңыз, а) бекітіледі. Жонғыш 4 құрал білікке 2 кигізіледі де, онымен кілтектің 5 көмегімен 
қосылады. Жонғыштың талап етілетін орнын қамтамасыз ету үшін құрал білік осінің бойында 
орнату сақиналары пайдаланылады. Конустық сағалы құрал білік айналдырықтың тесігіне 
орнатылады және онда тартып қысылатын болтпен бекітіледі. Құрал білікті айналып кетуден 
сақтандыру үшін айналдырыққа қатысты айналдырықта және құрал білікте орындалған 
ойықтарға «төрткілшелер» қойылады.
Құрал біліктің қаттылығын қамтамасыз ету үшін оның екінші ұшы мойынтірегі 7 бар 
шығыршықпен 6 ұсталынып тұрады. Шет жақтық жонғыштар қысқа шеттік құрал біліктерде 
(6.52-суретті қараңыз, б) бекітіледі. Жонғыш 11 құрал білікке 10 қондырылады да, онда 
кілтектің 12 және бұранданың 13 көмегімен бекітіледі. Конустық сағасы бар құрал білік 
айналдырыққа 1 тікелей немесе ауыспалы төлке 14 (6.52-сурет, в) арқылы салынады да, 
тартатын бұрандамен бекітіледі. Конустық сағасы бар шеттік жонғыштар 15 айналдырықта 1 
шет жақтық жонғыштарға ұқсас: тікелей немесе өтпелі төлкелер 14 (6.52-суретті қараңыз, в
арқылы бекітіледі. Цилиндрлік сағасы бар жонғыштар цангалы немесе жұдырықшалы патронда 
бекітіледі. 
Жоңғылау станоктарының сайманы дайындама шеңберін тең немесе тең емес бөліктерге 
бөлуге, тіктігі әр түрлі бұрандалы беттерді кесуге және жұдырықшаларды өңдеуге арналған 
бөлгіш бастиек болып табылады. Әмбебап (қарапайым және дифференциалдық бөлінген), 


137 
оптикалық және басқа бөлгіш бастиектерді қолданады. Әмбебап бастиектер аса көп таралған 
болып табылады. Олар шеңберді бөліктерге бөлуге ғана емес, сонымен бірге бұрандалы 
бунақтарды немесе тістерді жоңғылау кезінде өңделетін дайындаманы айналдыруға мүмкіндік 
береді. 
Әмбебап бөлгіш бастиек 5 (6.53-сурет) жоңғылау станогының үстелінде 2 бекітіледі. 
Өңделетін дайындама 3 арнайы білікте артқы тұғырдың 1 және бөлгіш бастиектің центрлері 
арасында қысылады. Шеңберді қарапайым бөлу кезінде дайындаманы берілген бұрышқа бөлуді 
қозғалмайтын бөлу дискісіне 7 қатысты сұққышы бар тұтқамен 6 жүзеге асырады. Тұтқа бір 
жерден кіретін бұрамдығы бар білікке 8 бекітілген. Соңғысы бөлгіш бастиектің айналдырығына 
4 отырғызылған бұрамдықты доңғалақпен іліністе болады. 
Бұрамдықты доңғалақтың 30, 40 немесе 60 тісі бар. 40 тіс болғанда бұрамдықты жұптың 
берілістік қатынасы i =1/40, яғни бұрамдықты доңғалақтың (осыдан айналдырықтың да 4
толық айналымы үшін тұтқаны 40 рет айналдыру қажет. Бұл санды бөлу бастиегінің 
сипаттамасы деп атайды. Айналдырықтың жартылай айналымы үшін, яғни шеңберді екі бөлікке 
бөлу үшін, 20 айналым жасау қажет. Егер оларға тісті доңғалақ дайындамасының шеңберін 
бөлу қажет болатын тістер санын – арқылы, ал бұрамдықты доңғалақ тістерінің санын (бөлгіш 
бастиек сипаттамасы) арқылы белгілесе, онда тұтқа айналымдарының ізделіп отырған санын 
n мына формула бойынша анықтауға болады: 
n = N/z
 
 
1 – артқы тұғыр; 2 – үстел; 3 – дайындама; 4 – айналдырық; 
5 – бөлгіш бастиек; 6 – тұтқа; 7 – бөлгіш диск; 8 – білік 
6.53-сурет – Әмбебап бөлгіш бастиекті орнату сұлбасы 
Бұл формуланы қарапайым бөлу кезінде бөлгіш бастиек тұтқасы айналымдарының санын 
анықтау үшін пайдаланады. Егер лимбте олардың саны қарапайым бөлу шартын 
қанағаттандыратындай бірқатар тесіктер болмаса, онда дифференциалдық бөлуді қолданады, ол 
үшін бөлгіш дискіні ауыспалы тісті доңғалақтар арқылы айналдырықпен қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет