М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет16/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89
Бисенбаева

жаю, құран оқу – діни мағынадағы бірліктер ғана емес, этномәдени мазмұнды 
бірліктер. Атауыштық қызметі жағынан екіншілік, үшіншілік номинация, 
себебі осы салт-дәстүрлердің халық мәдениетінде қалыптасуына қарай пайда 
болған. Бұларға негіз болып тұрған – бастапқы атау-сөздер. Қазақ 
дүниетанымында «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұстаным бар, 
Аруақтарды еске алып, алақан жайып құран оқу, садақа беру үлкен сый-
құрметті білдіреді, адамның өз сенімін нығайтады. Күнделікті қарапайым 
тіршілікке ерекше берекет дарытып, қуаныш ұялатып тұрған сол – өткенге 
деген құрмет пен содан қуат алатын ақыл-ойдағы Жақсылық бейнесі, сенім. 
Міне, осы кезеңде ана тілінің қоғамдағы орны, тіл арқылы ұлтты тануға 
деген қажеттілік туады. Осындай ұлтты тануға негіз болатын ұлттық бояуы 
қалың да, айшықты, ұлттық дүниетаным мазмұнды тілдік бірліктер – 
лингвомәдени (этномәдени) бірліктер. Халық мәдениетінің тілде сақталған 
көрінісі, яғни лингвомәдени бірліктер ғылыми тілде лингвокультурема деп 
аталады. Лингвистикаға лингвокультурема терминін ұсынған В.В.Воробьев. 
Лингвокультурема – лингвистикалық және экстралингвистикалық ұғымдардың 
диалектикалық бірлігі болып табылатын кешенді деңгейаралық бірлік [27,45-
77-бб.]. З.Қ.Ахметжанова құрылымы, мазмұны мен қызметінде ұлттық-мәдени 
компонент бар тілдік және қатысымдық бірлік лингвокультурема деп аталады 
[28, 22-23-бб.] есептейді.
Жоғарыда аталған этномәдени бірліктердің негізі – қазан деуге болады. 
«Отан от басынан басталады» демекші, қазан түркілер, қазақ дүниетанымында, 
әлем бейнесі. Қазақ дүниетанымында қазан – отбасы, Шаңырақ ұғымының 
бейнесі, символ. «Қара қазан, сары бала Қамы үшін қылыш сермедік» деп, 
Махамбет Өтемісов жырлағандай, қара қазанның бүтіндігі, ел тыныштығын 
білдіреді. Қазан – лингвокультурема. Қазан, сонымен қатар, құндылық 


32 
деңгейіне өткен бірлік. Құндылықтар әлемі – ұлттық мәдениеттің өзегін 
құрайды. Осы мәселеге қатысты О.С.Жұбаева: «Бүгінгі таңда адам факторы 
өзекті болуына байланысты тілді антропоөзекті тұрғыда зерттеуге ерекше көңіл 
бөлініп келеді. Мұнда тілдің объективті және субъективті жағына ерекше мән 
беріледі. Тіл ақиқат болмысты тану барысында жинақталған әлем туралы 
білімді жеткізудің негізгі жолы болып табылады. Тіл ойды жарыққа шығарумен 
қатар, таным әрекетіне өзіндік таңбасын қалдырып отырады. Сол себепті тіл 
ойлау әрекетіне қатысады. Адамның ойлау және сөйлеу қабілеттерін зерттеуде 
когнитивтік лингвистиканың орны ерекше» 

7,12-б.

,- деген тұжырым айтады. 
Антропоцентризм – адамның дүниетанымдағы ролін көрсететін философиялық 
термин [25,6-7-бб.]. Ол «дүниенің, әлемнің бәрі адам үшін адамның игілігі үшін 
деген ұғымға табан тірейді. Дүниетанымның негізгі категориясы ретінде 
қарастырылатын философиялық көзқарасты қалыптастырады. Бұл көзқарас 
танымдық, когнитивтік тіл білімінің тілдік ақпаратты жию, оны өңдеп меңгеру 
мен пайдалану үдерісін зерттеу нәтижесінде жүйеленіп, қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет