табиғат құбылыстарындағы күрделі атаулары: айық болу – күннің
ашық болуы (Жауын-чашынсыз күн ертең айық болса, чөп жиямыз (Тау.,
Қош.); бейбіл жел – қатты жел (Алм., Қарат.), ақбайтал – үскірік боран (Көкш.),
ақбан-доқпан соғу – алай түлей боран (Орал), ақ баспа – қалың жауған қар
(Маңғ.); жалт ойнау – найзағай (Арал);
үй-жай, қора-қопсы атаулары: ағаш үй – киіз үй (Ақт., Түрікм.; Орал),
асқазан – ас үй (Арал), әуліжай - қора-қопсы, қора-жай (Шымк.), бақауыз –
құрал-сайман қоятын орын (Қ-орда), жер саты – үйдің баспалдағы (Сем., Абай),
жертөле – жер үй (Ақт.; Жамб.; Шымк), ашпұзыл – мейрамхана (ҚХР).
Күрделі туындылар халық өмірінің барлық саласын қамтиды, дегенмен
жан-жануар, өсімдік, үй-жай, күнделікті тұрмыстық заттар, табиғат
құбылыстары, тағам атаулары, сапалық ұғым атаулары мол деуге болады.
Сыңарларының грамматикалық белгісіне қарай сөзжасамдық қалыбы:
зат есім + зат есім қалыбындағы күрделі туындылар: қол шаршы –
қол орамал (Менің қол шаршымды жуа сал (Шымк., Мақт.), қол қамшы – салт
қамшы (Қол қамшыны өзім де өре аламын (Көкш. Қ.ту.), асқазан – ас үй, асхана
(Қ.орда, Арал), қолбақыраш – ожаудың үлкендеу түрі (Өзб., Там.), атқұлақ –
саңырауқұлақ (Орал, Чап.), қойқосақ – кемпірқосақ (Кеше көпке шейін
қойқосақ боп тұрды (Шымк., Сайр.), түйе табан – үлкен ожау (Қост., Жан.), ши
қасық – шай қасық (Маң.), жал-жұғын – жал-құйрық (Тау., Қош.), ауыз там –
ауыз үй, кіре беріс (Шымк.,Түл.);
сын есім + зат есім қалыбындағы күрделі туындылар: қарабура –
қамыс қора (Ырғ.), қара үй – киіз үй (Түрікм.; Қ-орда), қызыл үй – бекет,
станция (Арал), суық үй – сарай (Тау., Қош.), терме үй – киіз үй (Орын. Бөр.),
қара кеспе – жеңсіз камзол (Келіншектің үстіндегі қаракеспенің айнала шетіне
көк елтіріден бастырылыпты (Өзб.,Там.), қамкірпіш – күйдірілмеген кірпіш
(Бүгін құйған қамкірпішті көтеріп қою керек еді (Қ.орда, Арал), қара алқа –
құлып (Өткен оқушылардың қысқы демалыс мезілінде қара алқа салулы тұрды
(Гур., Маң.);
Достарыңызбен бөлісу: |