199
алпыс тоғыз есе күшейтілгендей және тозақтың әрбір қабатының ыстықтығы бұл
дүниедегі оттың ыстығындай күшті», – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақылардың бірі бұл дүниедегілерге
қол ұзатса, оның
ыстығынан бүкіл дүние жүзі жанып кетеді. Тозақ періштелерінен біреу сыртқа шықса,
оның үстінде байқалған Алланың қаһарынан бүтіндей адамзат дереу өліп кетеді», –
деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларымен бірге отырса, дүрсілдеген қатты үн
естілді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дүрсілдеген нәрсе не екенін білесіңдер ме?» – деп
сұрағанда, сахабалар: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жетпіс жыл бұрын тозаққа бір тас лақтырылған еді. Ол осы
уақытқа шейін түбіне түсіп бара жатқан. Сендер естіген үн – сол тастың тозақтың түбіне
жеткендегі дауысы», – деді.
Омар (р.а.) «Тозақты жиі-жиі еске алып тұрыңдар. Өйткені оның ыстығы өте қатты,
түбі өте терең және күрсілері (тоқпақтары) темірден», – деп айтқан.
«Осынау от оларды алыстан көргеннен-ақ, олар оның қаһарына мініп бұрқ-сарқ
қайнағанын һәм ышқына лаулап жанғандағы жантүршігерлік гуілін естиді»
492
деген аят
туралы ибн Аббастан: «Тозақтың көзі бар ма?» – деп сұрайды. Ол: «Әлбетте,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Біліп тұрып менің атыман жалған айтқан кісі өзіне
тозақтың екі көзінің ортасынан орын дайындасын» деген
хадисін естіген жоқсыңдар
ма?» – деді.
492
«Фурқан» сүресі, 12.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) тағы: «Уа, Алланың Елшісі, тозақтың көзі бар ма?» – деп
сұралған еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларға: «Тозақ оларды алыстан көргенде» деген
аятты естіген жоқсыңдар ма?» – деп жауап берген.
«Тозақтан бір мойын шығады. Оның көрген екі көзі және сөйлеген тілі бар. Ол «Бүгін
Аллаға басқаны серік қосқандарға қарсы жіберілдім», – дейді. Ол тозақыларды
тарының дәнін көріп шоқыған құстан да жақсы көреді» деген хадис те бұл шындықты
баяндайды.
Таразының қандай болатыны туралы айтатын болсақ, хадисте баяндалғанына
қарағанда, «Оның сауаптар қойылатын табағы нұрдан және күнәлар қойылатын жағы
қараңғы».
Тирмизидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Пейіш Арштың
оң жағына, тозақ сол жағына құрылады. Таразының сауап тартатын табағы Арштың оң
жағында, күнәлар қойылатын табағы сол жағында болады. Сөйтіп, пейіш жақсылықтар
қойылатын жағына, тозақ жамандықтар қойылатын жағына дәл келеді».
Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Жақсылықтар мен күнәлар екі
табағы және бір тілі бар
таразыда тартылады. Қиямет күні Алла пенделерінің жасаған істерін тартарда оларды
осындай көрініске айналдырады».
Достарыңызбен бөлісу: