208
4. Жаман жолдан қайтқандарды сүю», – деп айтқан.
Ибн Аббас (р.а.) «мүміндер (күпірлікте табандаған қаскүнем) кәпірлерге тым қатал,
ал өзара сондай мейірбан»
508
деген аят туралы былай деп түсіндірме береді:
«Мүминдердің тура жолдағылары жаман жолда жүргендерге, жаман жолдағылары
тура жолдағыларға дұға қылады. Жаман жолдағылар тура жүргендер жөнінде: «Уа,
Жаратқан Алла, оған берген жақсы сипаттарды арттыра көр. Оны сол жақсы жолда
бекем қыл. Бұл жақсы ахлақтан бізге де нәсіп қыла көр!» – дейді. Ал
енді тура
жолдағылар әлгілер жөнінде: «Уа, Жаратқан Алла, оған тура жолды көрсет. Оны
күнәлардан қайтарып, кешіре көр!» – деп дұға қылады.
508
«Фатх» сүресі, 29-аят.
Мұсылманның тағы бір міндеті – өзі қалаған нәрсені басқа мұсылманға да қалауы.
Нуғман ибн Басир (р.анһума) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүминдер бір-бірін
жақсы көріп, бір-біріне мейірімділік қылу және өзара күйінуде бейне бір бүтін дене
сияқты. (Пенденің) бір жері ауырса,
ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі
ауырған жерінің дертіне серіктес болады».
509
509
Бұхари, Адаб 27; Мүслим, бирр 66.
Тағы бір хадисте «Мүмин мен мүмин (жалпы мұсылман қауымы)
бейне бір әрбір
бөлігі бір-бірін бекем ұстап тұрған ғимараттың құрылысы сияқты», – деп айтқан.
«Мұсылманның мұсылмандағы тағы бір ақысы – мұсылман бауырын ыза қылмау».
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Мұсылман – қолы және тілімен басқа мұсылманға
зиян келтірмеген кісі».
510
510
Бұхари, 6474.
Тағы бір хадисте: «... Егер қолыңнан келсе адамдарды жамандықтан тыюға әрекет
жаса. Бұл әрекет сен үшін садақа болады...» – деген.
Басқа бір хадисте: «Шынайы мұсылман – тілімен де, қолымен де басқа
мұсылмандарға зиян тигізбеген кісі», – деп айтылады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалардан: «Мұсылман кім екенін білесіңдер ме?» – деп
сұрады. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі біледі?» – деді. Пайғамбарымыз:
«Мұсылман – тілімен де, қолымен де басқа мұсылмандарды ыза қылмаған адам», –
деді. Сахабалар: «Мүмин деген кім?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Басқа
мүминдердің мал-жаны үшін қауіпсіз кісі», – деп жауап берді. Сахабалар: «Мұһажир
деген кім?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Жамандықтан
қашқан және сақтанған
кісі», – деп жауап берді. Сахабалардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, Ислам деген не?» –
деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүрегіңмен Аллаға беріліп, қолыңмен де,
тіліңмен де мұсылмандарды ыза қылмауың», – деді.
Мужаһид айтады: «Тозақыларға өте жаман қотыр тиіп, тырнай беріп, терісі сылынып,
сүйектері көрініп қалады. Сол сәтте: «Уа, пәленше ұлы түгенше, бұл қышыма жаныңды
қинап жатыр ма?» деген үн естіледі. Ол: «Иә» – деп жауап береді. «Бұл қинау –
мұсылмандарға көрсеткен қорлығыңның жазасы», – дейді ғайыптан келген үн.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Бір кісінің пейішті қыдырып жүргенін көрдім. Оның
пейішке кіруінің себебі, жол бойындағы ары-бері өткендерге тосқауыл болған ағашты
қиып тастауы еді».
Әбу Һурайра (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, маған
пайдалы нәрсе үйретші», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылмандар
өткен жолдан тосқауылдарды алып таста», – деп жауап береді.
Адамзаттың Асыл Тәжінің (с.а.с.) бір хадисінде: «Мұсылмандардың жолынан
тосқауылды алып тастаған пендеге Алла Тағала бір сауап жазады. Алла сауап жазған
кісінің пейішке кіруі анық», – деп айтады.
209
Тағы бір хадисте «Діндес бауырын ренжітетіндей қарау мұсылманға адал емес», –
деп айтылады.
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Мұсылманның мұсылманды қорқытып, шошытуы адал
емес».
511
511
Әбу Дәуіт, 5004; Сахихул Жамиғ 7658.
«Алла мүминдерді ренжітуді жақсы көрмейді».
Рәбиғ ибн Хайсам айтқан: «Адамдар екі түрлі: мүмин және тура жолдан адасқан.
Мүмин болса ренжітпе. Адасқан болса ерме. Мұсылман басқа мұсылманға кішіпейіл
мәміле жасағаны абзал. Өйткені «Алла мақтанғандарды және менменсінгендерді
сүймейді».
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді:
«Алла Тағала маған былай деп білдірді: «Бір-бірлеріңе кішіпейіл мәміле жасаңдар,
ешкімге тәкаппарлық жасамаңдар. Соған қарамай оған біреу тәкаппар мәміле жасаса,
оны дұрыс қабылдасын».
Алла Тағала тағы бір аятында Пайғамбарына былай дейді: «Сен сонда да кешірімді
бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан сырт
айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма (наданмен надан болма)».
512
512
«Ағраф» сүресі, 199.
Ибн Әбу Ауфа: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлық мұсылмандарға
кішіпейіл мәміле
жасады және ешкімге тәкаппарлық көрсетпеді. Жетім-жесір, жарлы-жалшылармен
бірге жүріп, олардың өтініштерін орындауға еш немқұрайды қараған емес», – деп
айтқан.
Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының тағы бірі –
сөз аңдымау, мұсылман
бауырының сөзін басқаларға өсектемеу.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Өсекші пейішке кіре алмайды», – деп айтқан.
Хаул ибн Ахмад: «Басқаларды саған өсектеген кісі сені де басқаларға өсектейді.
Басқалардың сөзін саған тасыған адам сенің сөздеріңді де басқаларға тасиды», –
деген.
Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының тағы бірі – қаншалық ашуланса-дағы
таныған кісілерімен үш күннен артық ренжіп жүрмеуі.
Әбу Әйюб
әл-Ансаридің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман
басқа мұсылман бауырымен үш күннен артық ренжіп жүруі, кезігіп қалғанда бір-бірінен
теріс қарап кетуі дұрыс емес. Екеуінің ең жақсысы – бірінші сәлем бергені», – деген.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаза тайған мұсылманды қолынан ұстап, аяғына тұрғызғанды
Алла да қиямет күні аяғына тұрғызады», – дейді.
Икрима (р.а.) былай дейді: «Алла Тағала Жүсіпке (а.с.) «Бауырларыңды кешіргенің
үшін бұл дүниеде және ақыретте орныңды биік қылдым», – деп айтқан».
Әзірет Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ешбір уақытта өзі үшін өш алған емес. Ал
енді Алланың атына қарсы сөз болса, онда Алла үшін өш алды», – деген.
Ибн Аббас: «Адам өзі ұшыраған әділетсіздікті кешірсе, Алла оның орнын биіктетеді»,
– деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ешбір садақа мал-байлықты кемітпейді. Кешірімділік
жасаған кісінің орны биіктейді. Алла үшін кешірімді болған кісінің абыройын Алла
көтереді», – деген.